bs-preloader__icon
ru kz

Centras Life: ребрендингтің аяқталуы стратегиялық өзгерістің қорытындысы ретінде

2026 жылғы 17 наурыздан бастап «Коммеск-Өмiр» ӨСК» АҚ (БСН 911140000055) мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, енді «Centras Life» ӨСК» АҚ деген жаңа атаумен қызмет етеді. Брендтің өзгеруі компанияның ауқымды трансформация кезеңін аяқтап, оның Centras тобы шеңберіндегі стратегиялық ұстанымын тиянақтайды.
Centras Life: ребрендингтің аяқталуы стратегиялық өзгерістің қорытындысы ретінде

Бейінді өзгерту туралы шешімді акционерлер сонау 2022 жылдың қазан айында қабылдаған болатын: компания жалпы сақтандыру ауқымынан шығып, толығымен өмірді сақтандыруға қайта бағдарланды. Бейінді емес активтер мен міндеттемелер «Сентрас Иншуранс» СК-ға өтті. Сонымен қатар холдингтің құрылымы да өзгерді: 2023 жылы «Коммеск-Өмір» компаниясына үлестес «Сентрас Коммеск Life» ӨСК қосылды, содан кейін біріктірілген компания ҚНРДА-дан өмірді сақтандыру саласында қызмет жүргізуге лицензия алды.

Нәтижесінде Centras Group сақтандыру блогы айқын екі полюсті конфигурацияға ие болды: лайф – өмірді сақтандыру сегменті «Коммеск-Өмір» ӨСК-да шоғырланса, жалпы сақтандыру қызметін «Сентрас Иншуранс» СК іске асырылады. Centras Life деген атаумен ребрендинг жасау осы архитектураны қисынды түрде аяқтап, компанияның атауын оның нақты мамандануына және топтағы орнына сәйкестендіреді.

Компанияны қайта тіркеу қолданыстағы шарттарға, лицензияларға және клиенттер алдындағы міндеттемелерге еш әсер етпейді. Бұрын берілген барлық сақтандыру полистері толық көлемінде заңдық күшін сақтайды. Еліміздің 15-тен астам қаласында өкілдігі бар Компания штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

«Centras Life» ӨСК» АҚ Басқарма Төрағасы Олег Ханиннің түсіндірмесі: «Centras Life деп ребрендинг жасау – бұл жай ғана компанияның маңдайшасын өзгерту емес. Бұл компанияны түрлендіру және оны Centras Group бірыңғай экожүйесіне интеграциялау бағытында жүргізілген көп жылдық жұмыстың қисынды аяқталуы. Жаңа атау біздің немен айналысатынымызды дәл көрсетеді: біз Қазақстанда адамдардың ұзақ мерзімді қаржылық сенімділікті қалыптастыруына, жақындарына қамқорлық жасауына және болашағын саналы түрде жоспарлауына көмектесеміз. Бұл орайда ең басты нәрсе өзгеріссіз қалады: біздің ұжым, құндылықтар және ондаған жылдар бойы жинақтаған тәжірибеміз толық сақталған. Компанияның атауы ғана одан да мықты брендке сәйкес өзгерді».

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қарақұмықты немен мүлде жеуге болмайды
Қарақұмықты немен мүлде жеуге болмайды

Дәрігер -токсиколог, профессор Михаил Кутушов ...

Тинькофф сақтандыру компаниясы ӨСК құрды
Тинькофф сақтандыру компаниясы ӨСК құрды

"Тинькофф сақтандыру" АҚ "Тинькофф болашақты с...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру