bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,74 трлн теңгені құрады

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі биылғы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 26,74 трлн теңгеге жетіп, соңғы 12 айда 3,64 трлн теңгеге немесе 15,8%-ға өсті. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 41,61 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,74 трлн теңгені құрады

2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында БЖЗҚ-дан барлық жарна түрлері бойынша төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударылған қаражат көлемі 522,73 млрд теңгеге жетті.

Жасына байланысты төлемдер көлемі 97,98 млрд теңгені құрады. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша төленетін орташа ай сайынғы төлем мөлшері – 38 952 теңге.

2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 205,62 млрд теңгені құрады. Мұрагерлік бойынша төлемдер – 41,25 млрд теңге, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 14,21 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1,22 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 3,23 млрд теңге болды. Сақтандыру ұйымдарына 159,22 млрд теңге аударылды.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Forbes Kazakhstan өмірді сақтандырушылардың рейтингін жариялады
Forbes Kazakhstan өмірді сақтандырушылардың рейтингін жариялады

Forbes Kazakhstan KPMG Caucasus and Central Asia көмегімен оқырманд...

«Ұлттық қор-балаларға» жинақтары қалай пайдаланылады
«Ұлттық қор-балаларға» жинақтары қалай пайдаланылады

2024 жылдың бірінші мамырындағы жағдай бойынша ...

S&P Қазақстанның өмірін сақтандыру нарығын оң бағалайды
S&P Қазақстанның өмірін сақтандыру нарығын оң бағалайды

S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Ағымдағы жағ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру