bs-preloader__icon
ru kz

Жұмыс берушілер қызметкерлер үшін БЖЗҚ-ға төлейтін болады

ҚР Әлеуметтік кодекс жобасымен зейнетақы жүйесінің тиімділігін жоғарылату бойынша жаңа пакет көзделген. Олардың бірі – 2023 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі кезеңде жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын кезеңдік енгізілуі. Бұл лайықты демалысқа шыққан азаматтарға жинақтаушы жүйеден қосымша зейнетақы төлемін төлеуге мүмкіндік береді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінде.
Жұмыс берушілер қызметкерлер үшін БЖЗҚ-ға төлейтін болады

Бүгінгі күні Қазақстанда базалық және ортақ зейнетақы, сонымен қатар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемі (қзыметкердің зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасады) кіретін көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасқан.

Зейнетақының ортақ бөлігі жыл сайын қысқаратыны белгілі, себебі оны тағайындаған кезде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін ғана жұмыс істелген еңбек өтілі ескеріледі, яғни жинақтаушы жүйені енгізгенге дейін. Бұл ретте қызметкердің өзінің БЖЗҚ-ға 10% жарналары зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.

Әлемдік тәжірибеде зейнетақылық қамсыздандырудың маңызды рөлі жұмыс берушіге бөліп берілгенін айта кету керек. Мысалы, Малайзияда қызметкердің табыстарынан 23%-дан жұмыс берушілер зейнетақы қорына 12%, қызметкер – 11% енгізеді; Аустралияда 9,5% жұмыс беруші ғана төлейді; Беларусьте - 29%, олардың ішінен жұмыс беруші 28%; Германияда - 18,6%, олардың ішінен жұмыс беруші - 9,3% төлейді.

Қазақстанда ЖМЗЖ енгізу (Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасында бөлуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жоғалтылған табысты лайықты зейнетақы төлемдерімен алмастыруды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін ескере отырып, жұмыс берушілерге ковидтен кейінгі кезеңде жүктемені төмендету мақсатында, ҚР Әлеуметтік кодекс жобасында ЖМЗЖ-ны бес жылдың ішінде кезеңімен енгізу көзделген.

Бұл шара зейнетақы мөлшерлері тікелей олардың зейнетақы аударымдарына тәуелді болатын, 1975 жылдан кейін туылған қазақстандықтарды қолдау үшін бағытталған. Олардың зейнетақысы үш құрауыштан құрылатын болады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы – БЖЗҚ-ға өз аударымдары есебінен және шартты жинақтаушы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен.

Шартты жинақтаушы құрауышқа жинақтаушы (аударымдар кезеңі және олардың жиынтық көлемі тіркеледі) және ортақ (келіп түскен қаражат 1975 жылдан кейін туылған және зейнетақы жасына жетіп отқан жүйе қатысушыларына зейнетақы төлеміне жіберілетін болады) зейнетақы жүйелерінің артықшылықтары кіреді.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК-ден туристтерді сақтандыру
ӨСК-ден туристтерді сақтандыру

Өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) жақында т...

Пандемия жақындар туралы ойлануға себеп
Пандемия жақындар туралы ойлануға себеп

Коронавирус пандемиясының салдарынан өмірді ...

Неліктен қарыз алушылар өмірді сақтандырады
Неліктен қарыз алушылар өмірді сақтандырады

Біз өміріміздің бір бөлігін жақсарту үшін нес...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру