bs-preloader__icon
ru kz
✕

S&P Global Ratings «Halyk-Life» АҚ-тың тұрақты рейтингтерін растады

Халықаралық рейтингтік агенттік S&P Global Ratings «Halyk-Life» АҚ-тың қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін (IFS) «BBB-» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» деңгейінде сақталды, деп хабарлайды сақтандырушының баспасөз қызметі.
S&P Global Ratings «Halyk-Life» АҚ-тың тұрақты рейтингтерін растады

Сонымен қатар агенттік компанияның ұлттық шкаладағы ең жоғары рейтингін — «kzAAA» деңгейінде растады.

Рейтингтердің расталуы сақтандыру компаниясының жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын көрсетеді. Агенттік атап өткендей, «Halyk-Life» өз даму стратегиясын табанды түрде жүзеге асырып, клиенттеріне қаржылық қорғауды қамтамасыз етіп, Қазақстан сақтандыру нарығындағы көшбасшылық позициясын нығайтуда.

«Halyk-Life» АҚ (Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы) 2005 жылы құрылған. Компания өмірді сақтандыру нарығында сақтандыру сыйақыларының көлемі мен негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша сөзсіз көшбасшы саналады. Сонымен бірге, компания «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры» АҚ-тың қатысушысы болып табылады, бұл клиенттер үшін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.

Фото ашық дереккөздерден алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Үндістанда қандай өмірді сақтандыру полистері қолжетімді
Үндістанда қандай өмірді сақтандыру полистері қолжетімді

Үндістер өмірді сақтандыру полистерінің көп б...

Сектор 2024 жылы қалай дамыды
Сектор 2024 жылы қалай дамыды

2024 жылы өмірді сақтандыру секторының негізгі ...

Біз балаларды ҰБТ мен ақылы БІЛІМНЕН қорықпауға үйретеміз
Біз балаларды ҰБТ мен ақылы БІЛІМНЕН қорықпауға үйретеміз

ҰБТ тапсыру оқушылар үшін стресс болып табыла...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру