bs-preloader__icon
ru kz en

Жылдың басынан Қазақстанның өндірісінде 300-ден астам адам зардап шекті

Зардап шеккен адамдардың ең көп саны тау-кен металлургиялық кешеннің кәсіпорындарында – 16% және құрылыс саласында – 15,2% құрайды, деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып, ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН хабарлайды.
Жылдың басынан Қазақстанның өндірісінде 300-ден астам адам зардап шекті

Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комитетінің басшысы Акмади Сарбасовтың мәліметінше, Қазақстанда 2017 жылы тексерілген 1,7 млн қызметкердің ішінен еңбек жағдайлары бойынша 370 мың немесе әрбір төртінші қызметкер еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларында жұмыс істейді.

«Жоғары деңгейдегі шу және тербеліс жағдайында әрбір екінші жұмысшы (44,2%), жұмыс аймағының аса жоғары газдылық пен тозаңдылықтың әсерінен – әрбір үшінші (33,7%) жұмысшы жұмыс істейді екен. Ауыр физикалық еңбекте 84,6 мың адам жұмыс атқарады (зерттелген кәсіпорындардың қызметкерлерінің санынан 5,1%)», - А.Сарбасовтың сөзін баспасөз-қызметі келтіріп отыр.

Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша соңғы 5 жылдың ішінде 30%-дан астам бұзушылық еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында екені айқындалды.
министрліктің баспасөз-қызметінің мәліметі бойынша 2017 жылы өңірдегі мемлекеттік еңбек инспекторларымен  9920 тексеру жүргізіліп, 14892 бұзушылық, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында – 4112 бұзушылық анықталды.
«Мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша жұмыс берушілермен атқарып отырған қызметтен 298 лауазымдық тұлға босатылды, 22 жабдықтың және өндірістік нысанның жұмысына тыйым салынды, 15 ұйымның қызметі тоқтатылды», - деп нақтыланды хабарламада.
 Қазақстанда жұмыс берушілер тарапынан жұмысшыларын жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру бөлігінде бұзушылықтар орын алатынын ата кеткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, әрбір жұмыс беруші ҚР «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес өз қызметкерлерін сақтандыруға міндетті. Шарт қызметкердің өлімі, қызметкердің кәсіби еңбек қабілеттілігінен айырылуы, кәсіби сырқаттануы сияқты тәуекелдерді төлейді. Сақтандыру сыйлықақыны және сақтандыру сомасын есептеу үшін барлық қызметкерлердің еңбек ақысының жылдық қордың сомасын көрсете отырып, штаттық кестені ұсынуы тиіс.  Сақтандыру тариф экономикалық қызметтің түріне, кәсіби тәуекедің санатына және өндірісте жазатайым оқиғалардың статистикасына байланысты.

Міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтару ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 230-бабының 2-тармағына сәйкес айыппұлды төлеуге ұшыратады:

- жеке тұлғаларға - 20 АЕК;

- лауазымдық тұлғаларға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 200 АЕК;

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 МРП;

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1000 АЕК.

Фотосурет Exclusive.kzhttp://pravo-v-dele.ru сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру секторының динамикасы туралануда
Өмірді сақтандыру секторының динамикасы туралануда

2022 жылғы ақпанда ӨСК сыйлықақылар түсімінің қ...

Локдаун мерзімінде британдықтар үнемдеді: Aviva
Локдаун мерзімінде британдықтар үнемдеді: Aviva

Індет басталғаннан екінші локдаунды британды...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру