bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтан медициналық қызметтің екі пакетін алатын болады

АСТАНА. ҚАЗИНФОРМ – «Әлеуметтік мдициналық сақтандыру қоры» КАҚ Басқарма төрағасы Елена Бахмутов тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) қатысты алдағы өзгерістер туралы айтып бергені туралы «Қазинформ» ХАА корреспонденті мәлімдейді.
Қазақстандықтан медициналық қызметтің екі пакетін алатын болады

«Тегін медициналық көмектің тізімі кеміген жоқ, керісінше, кейінгі бірнеше жыл ішінде тек өскен болатын. Өкінішке қарай, қаржылық мүмкіндіктер көбіне есептелмей жатты. Сондықтан да ТМККК аясындағы қызметтерді тағы бір қарастырып, тұрғындар арасында барынша сұранысқа ие және қажетті дегендерін таңдап алу міндеті тұр. Ал, жалпы айтатын болса, бізде осы медициналық көмек тізілімінде болуға міндетті деген 300 қызметтен тұратын жинақ бар», - деді Е. Бахмутова ОКҚ брифингінде.

Ол қазір қазақстандықтардың олардың салық төлеп немесе төлемегеніне, оның еңбек мәртебесіне байланыссыз медициналық көмек алып жатқандығын айтты.  «Дегенмен, бұл пекеті толықтыру үлкен мәселелерді туғызады, себебі, осы пакетте көрсетілген қызмет пен осы мақсатқа жұмсалатын қаржының арасында тепе-теңдік жоқ. Қазір бөлінген қаражатқа байланысты көрсетілетін қызмет тізілімін жасау міндеті тұр. Біздің алдын ала есептеуіміз бойынша пакетте декларацияланған қызметтерді толығымен қаржыландыру үшін 800 миллиардтай теңге қажет, сондықтан,ғ бұл жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр»,- деді ол.

Бахмутованың айтуынша, 2019 немесе 2020 жылдан бастап медициналық қызметтің екі пакеті –ақылы және тегін пакеті ұсынылатын болады. «Бірінші пакет  бұл – ТМККК, ол ҚР барлық тқрғындарына және республика аумағына тұрақты тұратын тұлғаларға беріледі. Бұған қоса сақтандырылған адамдар үшін медициналық сақтандыру жүйесі аясында қызметтер тізілімі ұсынылатын болады. ТМККК арқылы, сақтандырылғандар үшін берілетін медициналық сақтандыру арқылы берілетін қызметтердің барлығы – ақылы қызметтер болып табылады. Бұл азаматтардың өз қалталарынан төлейтін немесе ерікті медициналық сақтандыру шартына қоса алатын қызметтер түрі», - деп атап өтті Бахмутова.

«Медициналық сақтандыру жүйсінде ынталандыру болуы үшін мұны барлығы түсінуі керек, нақтырақ айтсақ, қосымша қызметтер осы тізілімнен жасалатын болады, ол үшін сақтандырылуы керек, немесе өздері төлейді не болмаса жұмыс беруші немесе мемлекет төлеген кезде формальды жолмен жасалады, ал жеңілдігі бар адамдарға МӘМС та қол жетімді болады», - деп қосты ол.

Дерек көз: https://www.inform.kz/ru/kazahstancy-budut-poluchat-dva-paketa-medicinskih-uslug_a3154646

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейде юаньде сақтандыру өнімдерін іске қоса бастады
Ресейде юаньде сақтандыру өнімдерін іске қоса бастады

Сақтандыру индустриясының өкілдері РБК-ға өзд...

Мисселинг дегеніміз не
Мисселинг дегеніміз не

Көптеген адамдар бұл терминнің бар екенін біл...

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары: бұл қалай жұмыс жасайды?
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары: бұл қалай жұмыс жасайды?

Зиянды өндірісте жұмыс істейтін адамдардың де...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру