bs-preloader__icon
ru kz en

Балалар мен ақша

Қазіргі балалар адам өмірінде ақшаның рөлімен өте ерте танысады. Олар ата-анасының дүкенде ақша төлейтінін және оларға бір нәрсе сатып алатынын көреді. Олар үйде, теледидардан, көшеде ақша туралы әңгімелерді естиді. Олар ақшаның қалағаныңды алуға мүмкіндік беретінін ерте түсінеді және ақшаны өздігінен пайдалануға ұмтылуды бастайды. Балаға ақшаны орынды пайдалануды қалай үйрету қажет екенін осы жерде айтамыз.
Балалар мен ақша

Ақшаны ұстауды үйретуді төрт жастан бастау дұрыс деп саналады. Баланың мүдделерінен бұл тақырыптар алыс болып көрінуі мүмкін. Әдетте ол отбасы өмірінің экономикалық қырына өте тез қосылады.

Балаларда жеті жастан бастап, әдетте, өзінің жинақ сандықшасы немесе қалтапұлы пайда болады. Олар тәтесінен немесе әжесінен қалаған конвертті алу үшін мерекені асығыстықпен күтеді. Және осы кезде бұл қаражат қалай келетінін және ақшаны ақылмен жұмсау қажеттігін түсіндірген маңызды.

Он жастан бастап баламен «Монополия» ойнауға болады. Әрине, уақыт өте келе ойын айтарлықтай өзгерді, бірақ мәні бұрынғы болып қалды. Ол бюджет неден тұратынын, айлық пен табыстың арасындағы айырмашылық неде және қандай шығыстар болуы мүмкін екенін түсінуге жақсы көмектеседі. Ең бастысы – барлық соманы бірден құртудың қажет емес екенін, себебі бір нәрсе жоспардан тыс болуы мүмкін екенін және күтпеген шығындардың тәуекелі жоғары болуы мүмкін ойды жеткізеді.

Жеткіншек жаста балаларда өз банктік карталары пайда болады, ал 17 жастан кейін – жеке қаржы жоспары және алғашқы табысы пайда болады. Барлық осы кезеңдерде қарым-қатынас маңызды. Ересектер балаға әр-түрлі ақша жинауға болатынын, қойылған мақсатқа жету үшін көптеген қаржы құралдары барын түсіндіруге тырысуы қажет. Алайда, осы сәтте мұны өздеріңіз де түсінулеріңіз қажет.

Қанша қалтапұл беру қажет

Бұл сіздердің нақты отбасылық мүмкіншіліктеріңізбен және дұрыс мағымен айқындалады. Және егер сіз ұл мен қызыңызға олардың сыныптастары алатын дәл сол ақшаны бере алмайтыныңыз үшін қайғыланудың қажеті жоқ.

Сіз қаражаттан қысылмайтыныңыз да болуы мүмкін. Балалардың шығыстарына ақша берудің жоғары шегін қалай анықтаймыз? Тағы да дұрыс мағына еске салады. Бұған қоса, сіздің балаңыздың қалтапұл ақшасы сіздің отбасы бюджетіңіздің ұлғаюына пропорционал өсуі мүлде міндетті емес.

Бір мәселеде мамандардың ойы бір секілді. Қалтапұл ақшаны тұрақты түрде беру қажет. Жасы кішілерге – аптасына бір рет; жасы үлкендерге – ай сайын.

Бақылау қажет пе

Балалардың қалтапұл шығыстарын қатаң қадағалау оларға ойланған шешімдер қабылдауды үйретуге мүмкіндік бермейді, бұл сұрақта баламен келісу және қандай сатып алу анағұрлым пайдалы болатынын түсіндіру маңызды дейді психологтар. «Әрине, барлығы орнымен болуы тиіс екенін айту керек. Баланың барлық шығындарын ұдайы бақылау немесе керісінше, кез-келген сұрауға ақша беріп, оны ешқалай талқыламау – екі бөлек әңгіме, бұдан аулақ болуға тырысу қажет», - дейді психолог Диляра Абулхаирова.

Сарапшы қатаң бақылау үйренуге көмектеспейтінін, тіпті қателерде, ойластырылған шешім қабылдауды, өз ісіне жауапкершілік алуды үйретуге көмектеспейтінін айтады, ал бала өскен кезде ол ары қарай да оның қаржысын біреу жүргізетінін күтетін болады. «Бала бірінші рет өз қаржысын жұмсағаннан кейін, онымен бұл сатып алуды талқылау қажет – онымен қандай сатып алу ол үшін неғұрлым пайдалы деген тақырыпқа сөйлесу және анағұрлым қымбат сатып алуларды өзі қалтапұл ақшасынан жинауды үйренсе жасай алатынын түсіндіру. Неғұрлым қарапайым және түсінікті жолы баланың дамуына, тәуелсіз болуына және ақылдылыққа ықпал ететін болады, бірақ нәтиже бірден келетінін күтудің қажеті жоқ», - деп нақтылады сұхбаттасушы.

Жинақтар

Америкалық психолог Алан Фромм «ақшаны қолдану өнері біздің өз қалауымызды бақылай білуімізді көрсетеді» деп санайды және бұл өнерге балалық шақта үйренген дұрыс. Балаға ақшаны ұқыпты және тиімді ұстауды ол өмірдің осы қырына қызығушылық танытқан кезден бастап-ақ үйретуді бастауға болады. Қалтапұл, жинақ сандықша, баланы күнделікті сатып алуларға араластыру және әрине, ата-ананың үлгісі – бұлар баланы үнемділікке және ұқыптылыққа үйрететін негізгі тәсілдер.

Сарапшылар қаражатты болмашы нәрселерге құрту арқылы, баланы ақша қалдырып отыруға үйретуге мүмкін еместігіне сенімді. Кіші ұрпақтың қаржы мәдениеті үлкендерге байланысты. Кішігірім болса да, балаларға арналған капитал құру қажет пе?

«Ең дұрысы балаға капиталды оның туылуынан бастап құру қажет. Бұл жағдайда, үлкен мерзімнің есебінен әмиянға қатты сезілмес сомаларды жинауға болады. Бастысы, мұны ұдайы жасау. Кеңестік өткенді еске алайық, ол кезде сәби дүние келгеннен кейін бірден оның атына банк кітапшасын ашып, салым ашатын және әрбір жалақыдан оның толтырып отыратын. Әрине, біз қазір басқа заманда өмір сүріп жатырмыз, бірақ идеяның өзі оған назар аударуға тұрарлық», - деп санайды қаржы талдаушысы Руслан Сүндетов.

Жинақтау үшін классикалық құрал – банк депозиті. Бірақ, банк секторы ұдайы реформалар мен өзгерістерге ұшырайды және барлығы күніге жағдайды бақылап отыра алмайды. Сондықтан классикалық депозиттерге балама – өмірді жинақтаушы сақтандыру. Мұндай өнімдердің басты айырмашылығы – сақтандыруда. Сақтандыру жағдайы басталған кезде компания төлем жүргізеді және клиент үшін жарналарды енгізуді жалғастырады, және бала болжамды мерзімге капиталды кепілді түрде алады. Бұдан бөлек, өмірді жинақтаушы сақтандыру салық және заңды артықшылықтарға ие.

«Біздің кез-келген жинақтаушы немесе инвестициялық өнімдеріміздің бенефициарлары ретінде баланы көрсетуге болады. Сіз белгілі бір мерзімге валютада немесе теңгеде кепілдендірілген жинақтарды аласыз, ал салымның бүткіл кезеңіне жердің кез-келген нүктесінде тәулік бойы сақтандыру қорғауы әрекет етеді. Және заңды артықшылықтары туралы ұмытпаңыз: полистер декларацияланбайды және тәркіленуге жатпайды. Ұзақ мерзімді жинақтар – қаржылық құбылмалылықтан және күтпеген жағдайлардан жақсы қорғаныс», - дейді «Nomad Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы, Аида Қамысова.

Сақтандыру өнімдері консервативтік клиенттерге (банк салымдарына баламалы - кепілдендірілген мөлшерлемемен жинақтарға иеленгісі келетіндер) және ақшаны инвестициялық сақтандыру - сақтандыру компаниясы арқылы қор нарығына сала отырып, тәуекелге баруға дайын келиенттер ге де қолайлы.

«Баланы ұқыптылыққа үйретуге тырысып, көптеген адамдар ақшаны конвертте сыйлайды. Бірақ, балаларға үлкен емес банк салымын немесе өмірді сақтандыру полисін сыйлауға болады. Біріншіден, қаржы институтында ақша әрдайым жұмыс істейді және иеленушісіне табыс әкеледі, екінші жағынан, мұндай жинақтар балалар мен ересектерді импульсивті шығындардан қорғайды. Айтпақшы, АҚШ-та әжелер мен аталар жиі немерелеріне жинақтаушы немесе инвестициялық полистерді сатып алады», - деп бөлісті Nomad Life басшысы.     

Өз балаңыз үшін жинақтардың қандай түрін таңдасаңыз да, есіңізде болсын, ең бастысы – алға жүру, ұдайы жетілу және бірінші қыркүйек қаржылық сауаттылық пен қаржылық тәртіпке үйренуді бастауға жас ұрпақ үшін ғана емес, аға буынға да жақсы күн болуы мүмкін.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру