bs-preloader__icon
ru kz

Ғалымдар кәдімгі судың емдік қасиеттері туралы айтып берді

Кәдімгі ауыз су семіздік пен диабетті туындататын гормонды басады, деп жазады РИА Новости Колорад университетінің Аншутц медициналық кампусының зерттеуіне сілтемемен.
Ғалымдар кәдімгі судың емдік қасиеттері туралы айтып берді

Ғалымдар кеміргіштерге вазопрессиннің шығуына ықпал ететін, фруктозасы бар тәтті суды беріп отырды. Гормон өз кезегінде су май түрінде сақталатын реакцияларды шығарды. Бұл жануарлардың сусыздануына және семіздігіне әкелді. «Біздің анықтағанымыз, вазопрессин мұны V1b ерекше рецептор арқылы жұмыс істеп жасайды, - деген баспасөз релизде Колорад университетінің медициналық факультетінің доценті, зерттеу басшысы дәрігер Мигель Ланаспаның (Miguel Lanaspa) сөзі келтіріледі. – Бұл рецептор біраз уақыт таныс, бірақ ешкім оның қызметін жақсы түсіне алмаған. Біз V1b-дан айырылған тышқандар қанттың әсер етуінен толық қорғалғанын таптық».

Тышқандар тәтті емес суды ішкен жағдайда, семіздікті тоқтатып қана емес, сонымен қатар оны азайта да алдық. Жәй су вазопрессин рецепторын басып отырды және майдың жиналуын болдырмады.

«Вазопрессинді бұғаттау үшін ең жақсы тәсіл — су ішу — деп түсіндіреді Ланаспа. — Бұл үміттендіреді, себебі көп адамдардың өмірін жақсартуға және метаболиттік синдромнан емдеуге арзан және қарапайым жол бар.

Дереккөзі: https://ria.ru/20201216/voda-1589509891.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Болашақ зейнеткерлер үшін микросақтандыру қаншалықты тиімді
Болашақ зейнеткерлер үшін микросақтандыру қаншалықты тиімді

Бүгінде 500 млн адам микросақтандыру қызметіме...

Халық-Life ӨСК Bilim-Life ұтыс ойынының қорытындысын шығарды
Халық-Life ӨСК Bilim-Life ұтыс ойынының қорытындысын шығарды

Bilim-life бағдарламасы қарапайым жұмыс істейді: ө...

22 мың Халық-Life клиенті қосымша 316,6 млн теңге алады
22 мың Халық-Life клиенті қосымша 316,6 млн теңге алады

2023 жылдың қорытындысы бойынша 22 мыңнан астам Х...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру