bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандыруда табыс табуды қалай бастаймыз?

Сақтандыру нарығында өмірді жинақтаушы сақтандыру танымал болуда. Оның көмегімен қазақстандықтар өмірін сақтандырып қана қоймай, сонымен бірге табыс таба алады.
Сақтандыруда табыс табуды қалай бастаймыз?

Осындай полистің негізгі артықшылықтарының бірі – сақтандырылушы және оның жақындары күтпеген жағдайлардың салдарынан материалдық қорғауды алады. «Мысалы, жазатайым оқиға немесе ауыру адамға жұмыс істеуге кедергі болуы мүмкін. Және бұл отбасының бюджетіне салмақ түсіреді. Асыраушы өмірден өткен кезде отбасы қиын қаржы жағдайына тап болуы мүмкін. Сақтандыру полисінің міндеті – бұл жағдайда оны ақшамен қамтамасыз етіп, отбасына төлемді жүзеге асыру. Бұдан басқа, өмірді жинақтаушы сақтандыру тағы бір маңызды қызметті іске асырады – кепілдендірілген капиталдың құрылуы, себебі сақтандыру мерзімі аяқталған кезде клиент инвестициялық табысты ескеріп, бүткіл сақтандыру төлемін алады», - деп түсіндірді «Халык-Life» ӨСК-нің Басқарма Төрағасы Андрей Джексембаев.

Сонымен қатар, сақтандырылушының отбасы сақтандыру компаниясынан төлемді белгілі бір тәуекелдер басталған кезде ала алады. Олар шартта жазылуы тиіс. «Мысалы, еңбекке қабілеттіліктен уақытша айырылу, жарақат алу, ауруханаға жатқызу, қауіпті аурудың пайда болуы немесе жазатайым оқиғадан кейін мүгедектік белгілеу. Жарақаттан кейін төлем жарақаттар бойынша таңдалған сақтандыру сомасынан белгілі бір пайыз мөлшерінде жүзеге асырылады. Мүгедектік кезінде сақтандырылушы сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады немесе сақтандыру сомасынан белгілі бір пайыз төленуі мүмкін», - деп нақтылады сұхбаттасушы.

Шартты 18 жастан бастап жасауға болады

Өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын 5,10 немесе тіпті 20 жылға жасауға болады. «Nomad Life» ӨСК Басқарма Төрағасы Қайрат Чегебаевтың нақтылауынша, сақтандырылушының жасы 18-ден 70 жасқа дейін болуы тиіс. Бірақ сақтандырушылар мүгедектігі барларды сақтандыра алмайды. «Егер сақтандырылушының белгілі бір ауруы болса, онда сақтандыру тарифін жоғарылататын коэффициенттер қолданылуы мүмкін. Яғни, полис қымбатырақ болады. Кейбір жағдайларда біз сақтандыру өтелімдері бөлігінде сақтандыру бағдарламасын түзетуді ұсынамыз. Кейде сақтандыру компаниясы клиентке оның денсаулығы жағдайына байланысты шартты жасаудан бас тартуға мәжбүр», -деді ол.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасау мерзімі сақтанушы қандай мақсат қоятынына байланысты. «Мысалы, баланың жоғары білім алуына ақша жинауға бірнеше жыл қажет. Әдетте, үш жылдан алты жылға дейін. Осы мерзімге шарт жасалады. Егер адам өз жинақтарын девальвациядан қорғағысы келсе, онда шартты үш және одан көп жылдарға рәсімдеген дұрыс. Жалпы жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларын ұзақ аралыққа, мысалы, 10 жылға жасау анағұрлым тиімді»,- деп түсіндірді «Freedom Finance Life-тің» Басқарма Төрағасы Азамат Ердесов.

Полистің қолжетімділігі

Әрбір сақтандыру компаниясында мұндай полисті сатып алу үшін жарна сомасы ерекшеленеді. Әдетте жыл сайынғы сақтандыру жарнасы 60 мың теңгеден жоғары болады. Жарна сомасы полис қандай мақсатпен алынғанына байланысты.

«Мысалы, егер сақтандырылушы баланың жоғары білім алуына жинағысы келсе, оған сақтандыру жарнасын айына, жарты жылда немесе жылына бір рет жасауға тура келеді. Шарт бойынша олардың мөлшері және сомасы ЖОО-да оқудың құнына байланысты. Орташа мұндай шарттар бойынша жарнаның жылдық сомасы – 200 мың теңге», - деді Азамат Ердесов.

Бірақ, сақтандыру жарнасы шартты жасаған кезде біржолғы – бір рет қана төленетін бағдарламалар да бар. «Мысалы, біздің бағдарламаларымыздың біреуі бойынша шартты рәсімдеу үшін жарнаның ең төменгі сомасы 1 мың доллардан басталады. Бірақ жиі бұл бағдарлама бойынша клиенттер шартты теңге бағамы бойынша 100 мың доллар сомасымен жасайды», - деп нақтылайды сұхбаттасушы.

Жинақтар сенімді активтерге инвестицияланған

Сақтандыру шартын жасасу процесі депозитті ашу секілді сондай оңай болып табылады. «Полисті сатып алған кезде сақтанушы сақтандыру мерзімі аяқталған кезде алғысы келетін жинақтар мөлшерін анықтайды. Ал сақтандыру компаниясы бүткіл сақтандыру кезеңіне кепілдендірілген табыстылықтың пайызын есептейді. Сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру бойынша полистер сақтандырушының пайдасына қатысады. Сақтандырушы шарттың қолданылуының үшінші жылынан бастап аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша дивиденттерді үлестіреді» - деп хабарлады «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің Басқарма Төрайымы Гүлжан Джаксымбетова.

Қаржы реттеушісі сақтандырушыларға қаржы тұрақтылығы бойынша жоғары талаптар қояды.

«ӨСК, әдетте, өзінің инвестициялық портфелінің айтарлықтай бөлігін жоғары кредиттік рейтингілері бар сапалы және сенімділігі жоғары эмитенттердің қарыз құралдарына инвестициялайды. Бұл оларға ұзақ мерзімді болашақта қаржылай тұрақты және сенімді болуға мүмкіндік береді. Компаниялар негізінен Қаржы Министрлігінің, квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына және Ұлттық Банктің ноталарына инвестициялайды», - деп «Халык-Life» ӨСК-де нақтылады.

Сақтандыру төлемдерін мұрагерлер ала алады

Инвестициялық табыстан басқа бұл полистің тағы бірнеше артықшылықтары бар. Олардың бірі – шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жинақтарды сақтанушы, сонымен бірге ол шартта көрсеткен тұлға ала алады. «Егер шартта пайда алушы ретінде көрсетілген тұлға қайтыс болса, онда сақтандыру төлемін алуға құқықты оның мұрагерлері алады. Тағы бір артықшылықтардың бірі – полис ажырасу кезінде бөлуге жатпайды, өндірілетін мүліктің тізіміне қосылмайды, мағлұмдауға жатпайды», - дейді Гүлжан Джаксымбетова.

Сақтандырылушының отбасы ол сақтандырылған сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін ала алатыны сондай-ақ маңызды. Кейбір жағдайлар ғана ерекшелік болып табылады – олардың әрқайсысын ӨСК шартта жазады. «Бұл ретте сақтандырылушы қанша сақтандыру жарнасын төлегені маңызды емес. Бұл жерде алты ай күтудің қажеті жоқ, төлем барлық құжаттар ұсынылғаннан кейін, төлем туралы шешім қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады», - деп түсіндірді «Халык-Life» ӨСК-де.

Қос салықсыз

Бұрын жинақтаушы сақтандыру полисін сатып алуға жіберілетін кірістерге 10% мөлшерлемесі бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) есептелінетін. ЖТС сондай-ақ сақтандыру төлемдеріне салынатын – бұл механизм сақтандыру шартының мерзімі аяқталған, ал сақтандыру жағдайы әлі болмаған кезде іске қосылатын. «Бірақ 2018 жылдан бастап төлемдер мен сыйлықақыларға екі есе салық салу жүзеге асырылмайды. ЖТС бойынша ағымдағы салық жеңілдіктері қазақстандықтарды өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттарын жасауға қосымша ынталандыратын болады деп сенеміз», - деді «Nomad Life» ӨСК-нің Басқарма Төрағасы Қайрат Чегебаев.

Оның сөзінше, мұндай полистің тағы бір артықшылығы – жинақталған қаражатқа тыйым салынбайды немесе мүліктік даулар кезінде бөлінуге жатпайды.

Қайрат Чегебаевтың түсіндіруінше, сақтандыру шартына қосымша опциялар қосылуы мүмкін. «Мысалы, қарыздар сақтандыру полисін кепілдікке қою арқылы берілуі мүмкін. Сонымен қатар, өмірді жинақтаушы сақтандыру шарты қосымша тәуекелдерді өтей алады. Мысал келтірейін: егер сақтандырылушы ауруханаға жатқызылса немесе уақытша еңбекке қабілетсіз болса, сақтандыру компаниясы оған емделуге шығындарды және ауыру кезінде жоғалтылған табысты өтеп бере алады», - деді сұхбаттасушы.

ӨСК-де 2021 жылдың қаңтар-наурызында өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша сыйлықақылар 2020 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда көбірек тартылғанын айтты. Сақтандырушылардың көбісі қазақстандықтар ұзақ мерзімді сақтандыру шарттарын жасауды жақтайтынын хабарлады.

Дереккөзі: https://kapital.kz/amp/finance/95534/kak-nachat-zarabatyvat-na-strakhovke.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Көктемде аллергиямен ауратын адамдар не істеу керек
Көктемде аллергиямен ауратын адамдар не істеу керек

Аллерголог және иммунолог дәрігерлер Владими...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру