bs-preloader__icon
ru kz

Энергетикты қандай өнімдермен алмастыруға болады

Дәрігер-диетолог Елена Соломатина "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында сергектік беретін, бірақ энергетиктер сияқты жүйке жүйесіне зиян келтірмейтін өнімдер мен сусындарды атап өтті.
Энергетикты қандай өнімдермен алмастыруға болады

Оның айтуынша, табиғи кофе мен жасыл шай ішуге болады – оларда кофеин бар, ал шай антиоксиданттарға бай. Сондай-ақ күні бойы кәдімгі суды немесе құрғақ жемістерден тұнбаны пайдалану керек. Табиғи шоколад, какао мен энергияны береді.

«Тұзсыз томат шырыны эритроциттерге жабысуға жол бермейді, ең жақсы қан реологиясын қамтамасыз етеді. Неғұрылым дұрыс қан айналатын болса, соғұрылым біздің ойлау қабілетіміз жақсы болып, бізді сергітеді. Мұздатылған жидектерден смузи жасауға болады, оларды қышқыл сүт өнімдерімен араластырыңыз. Бұл жасушаларды зақымданудан қорғауға және энергия беруге көмектеседі», – деді дәрігер.

Жалпы, ақуыз тағамы, сондай-ақ D дәруменіне бай азық-түліктер – пісте мен өсімдік майлары, деп атап өтті диетолог.

«Бізге көкөністер қажет, оларда антисептикалық әсерден басқа хлорофилл бар, ол қандағы оттегі деңгейін жақсы ұстап тұрады. Тамақтану рационына майлы балықты, немесе зығыр майын қосу міндетті – бұл Омега-3 миды зақымданудан қорғайды», – деп қорытынды жасайды Соломатина.

Дереккөзі: https://ria.ru/20200418/1570239544.html

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру компаниялары ҚР экономикасына қалай әсер етеді
Өмірді сақтандыру компаниялары ҚР экономикасына қалай әсер етеді

Өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) актив...

Aviva мен Tesco өмірді сақтандыру саласында серіктестік бастады
Aviva мен Tesco өмірді сақтандыру саласында серіктестік бастады

Aviva және Tesco Insurance & Money Services жаңа серіктестік ба...

Медианалық жалақы дегеніміз не
Медианалық жалақы дегеніміз не

Сарапшылар, сонымен қатар қарапайым қазақстан...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру