bs-preloader__icon
ru kz en

Зейнетке ерте қалай шығуға болады?

Сақтандыру компаниялары бүгінгі күні қазақстандықтарға зейнетақы аннуитеті деген өнімді ұсынуда. Ол зейнетақыны 8 жыл бұрын ала бастауға дәне қандай соманы және қанша уақыт бойы алуды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жылдар өткен сайын сіздің алатын сомаңыз жылына 5-6% дейін индекация есебінен біртіндеп ұлғайып отырады. Бірден үш бағдарламаға қатысуға болады: ортақ, БЖЗҚ және сақтандыру бағдарламасы көмегімен аннуитетті.
Зейнетке ерте қалай шығуға болады?

Ғұмырлық

Зейнетақы қорынан берілетін төлемдер 6-7 жылдан кейін аяқталуы мүмкін, және олар индекстелмейді, ал зейнетақы аннуитеті ҚР «Зейнетақымен қамсыздау туралы» заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарды қолданып, ғұмыр бойы сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл тек сақтандыру компаниясымен тиесілі келісім шартын жасасқаннан кейін болады. Бұл жағдайда  зейнетақы жинақтарының барлық сомасы немесе оның келісім шарт жасауға жеткілікті бөлігі  өмірді сақтандыру компаниясына (ӨСК) аударылады, тек ол ғана бұл өнімді ұсына алады. Бүгінгі күні бұндай компаниялар Қазақстанда 6. ӨСК ғұмырлық төлемдерге кепілдік береді, бұл жағдайда қамсыздау олардың капиталы болып табылады, олар ҚР Ұлттық Банкі қадағалауында болады және оның талаптарын орындау керек. ӨСК табыстылық ставкасына және барлық мерзімге төлемдер индексациясына кепілдік береді.

 Төлемдер кезеңділігін таңдауға болады

Компания клиенті өзі төлемдер кезеңділігін анықтайды. Мысалы, жылына бір рет, жарты жылда бір рет, кварталда бір рет немесе ай сайын. Бұл жағдайда, егер сіз  зейнетақы аннуитеті келісім шартын жасасаңыз және жұмыс істеуді жалғастырсаңыз, немесе егер сіздің зейнетақы қорыңыздағы жинақтар аннуитет құнынан асып кетсе, онда артық ақшаны зейнетақы қорында қалдыруға болады. Бұл жағдайда сіз зейнетақыны сақтандыру компаниясынан да, зейнетақы қорынан да ала аласыз.  1998 жылға дейін еңбек өтіліңіз болса, онда сонымен қатар ортақ зейнетақы төленетін болады. Осылайша, сізде үш көзден төлемдер болады.

 Зейнетке ерте шығу 

Зейнетақы аннуитетімен 55 жасқа (ер адамдар үшін)/ 50 жасқа (әйел адамдар үшін) толған адамдар қолдана алады. Бұл кезде олардың зейнетақы жинақтары 9 103 543 теңге (ер адамдар үшін) және 12 661 724 теңге (әйел адамдар үшін) құрау керек.

Сонымен қатар бұл қызметті, зейнетке шыққан және зейнетақы қорында 7 337 576 теңге (ер адамдар үшін) және 10 554 561 теңге (әйел адамдар үшін) астам болатыг адамдар ала алады.

Егер жасыңыз келіп тұрып, ал шотта қажетті сома болмаса, онда оны қалайтын адамдар оны өз қаражаттарынан, яғни ерікті жарналар есебінен толтыра алады.
 

Әскери адамдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған айрықша артықшылықтары  

 

Айтпақшы, әскери адамдар мен құқық қорғауоргандары қызметкерлерінле бұл мәселеде өздерінің айрықша артықшылықтары бар, мысалы, қызмет өткерген жылдаынан кейін зейнетке шыққан соң олар 50% жинақтарын зейнетақы қорынан ӨСК аударып, аннуитет келісім шарты бойынша төлемдерді ала алады. Ал зейнет жасына жеткен соң  олар қалған соманы ӨСК аудара алады немесе  зейнетақы қорында қалдырып, одан зейнетақысын ала алады. Бұрынңы әскери адамдарға минималды жинақ сомасы бойынша шектеу жоқ. Сондықтан зейнетақы қорында 500 мың теңге болса да, олар жарты сомасын сақтандыру компаниясына аудара алады.

Таңдауға ұсынылатын бағдарлама: өзіме және мұрагерлерге

Зейнетақы аннуитетінің екі бағзарламасы бар. Біріншісінде сіздің зейнетақыңызды сіз қайтыс болғаннан кейін де, сіз атаған  сіздің мұрагеріңіздің біріне таңдалған кепілді мерзімде беруді  ұсынады. Екінші бағдарлама зейнетақыны тек сізге ғұмыр бойы келісім шартта орнатылған кезеңділікпен беруді қарастырады.

Бірінші де, екінші де жағдайда сақтандыру компаниясы сіздің ақшаларңызды басқарады, оларды көбейтеді және пайыздарынан табыс алады. Бұл жағдайда БЖЗҚ-нан айырмашылығы зейнетақы төлемдерінің сомасы сақтандыру компаниясы табыс алғанына немесе алмағанына қарамастан, ай сайын өсіп отырады.

 Сақтандырушылар ақшаны қайда салады?

Барлық сақтандырушы компаниялары қаражаттарды  реттеушімен орнатылған тізімге кіретін және ҚР Ұлттық банкінің рейтинг және диверфикация болуы бойынша талаптарына сәйкес келетін құралдарға салады. Негізінен бұл депозиттер, облигациялар, акциялар, туынды қаржылық құралдар, асыл тастар және т.б. Бірақ қайта айтсақ, зейнетақы төлемдерін алушылар үшін компаниялардың инвестициялық іс-әрекетінің нәтижеслері  аса маңызды емес, себебі олар кез келген жағдайда  кепілді түрдезейнетақы аннуитеті келісім шартына отыру сәтінде сақтандыру төлемдерін есептеуге салынатын  өзінің табыстылық ставкасын алу керек.

 Өмірді сақтандыру компаниясын таңдай отырып, оның беделіне, сақтандыру нарығындағы жұмыс істеу тәжірибесіне және қаржылық тұрақтылығына (активтер мөлшері мен жеке капитал мөлшері) назар аудару керек. Негізгі мәліметтері ҚР ұлттық банкі сайтында «Статистика» бөлімінде табуға болады.  Сақтандыру компаниясының нақты қаржылық көрсеткіштері біртіндеп өсуі өте маңызды.

Источник: https://prodengi.kz/publikacii/kak-ujti-na-pensiyu-ranshe/

Фотосурет  r-book.ru сайтынан 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өз болашағымызды неліктен сақтандырамыз
Өз болашағымызды неліктен сақтандырамыз

Қауіпсіз қаржылық болашаққа дайындық әртарап...

Еуропаның кейбір елдерінің сақтандыру секторы Brexit-ке байланысты өсті
Еуропаның кейбір елдерінің сақтандыру секторы Brexit-ке байланысты өсті

Еуропаның кейбір елдерінің сақтандыру сектор...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру