Бұл ретте сақтандыру – баланы жазатайым оқиғадан қорғау тәсілі ғана емес, ол оған тұрақты келешек қамтамасыз ету, оқуға, тұрғын үйге, саяхаттауға бастапқы капитал жинау тәсілі. Оның өздігінен өмір сүруі жайлы алдын ала қамқор болу тәсілі.
Баланың өмірін сақтандыру төмендегідей бөлінеді:
тәуекелді (жазатайым оқиғадан);
жинақтаушы;
ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС).
Мақалада біз баланы не үшін сақтандыру қажеттігін және сақтандырудың қандай түрі басым екенін қарастырамыз.
Жазатайым оқиғадан сақтандыру
Өз балаңызға уайымдайсыз ба, жиі саяхаттайсыз ба немесе сіз спортшы баланы тәрбиелеп отырсыз ба? Мұның маңызы бар, себебі балалар жиі әсіресе біз күтпеген кезде, жарақат алады. Және саяхаттамасаңыз да, ойын алаңында көз алсаңыз болғаны...
Әрине, сақтандыру сіздің қорқынышыңыздың мәселесін шешпейді, бірақ қаржылық тұрақтылық пен қажет сәтте емделуге және оңалтуға ақша болатынына сенімділік сыйлайды.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру
Сақтандырудың бұл түрі танымал, себебі шығыстардан қорғаудан бөлек тұрақты келешекке қаражат жинауға мүмкіндік береді. Білім алу, үйлену тойы, меншікті тұрғын үй, жол жүрулер - белгілі бір жасқа жеткен кезде сіздің есейген балаңызға қолжетімді болады.
Басқаша сөзбен айтқанда, сақтандыру компаниясының шотында жинақталатын осы қаражат шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша сақтандырылған адамға өтеді. Бұл жағдайда, банктегідей, сіздің шотыңызға пайыздар есептеледі.
Кемшілігі пайыздар үлкен емес, ал шарт ұзақ мерзімді болып табылады, сондықтан шарттарын барыншы мұқият және егжей-тегжей таңдау қажет.
Ал үлкен артықшылықтары шарт бойынша ақшаны пайда алушы ғана ала алатындығы болып табылады, бұл қаражатқа тыйым салу мүмкін емес және олар ажырасу кезінде бөлінбейді. Сонымен қатар, сіз жарналар сомасынан жыл сайынғы салық шегерімін ала аласыз, ал егер сіз еңбекке қабілеттілікті жоғалтсаңыз, сақтандыру компаниясы шарт бойынша сақтандыру жарналарын төлеуді жалғастырады.
Балаларға арналған ЕМС
Сіздің балаңызға әрдайым ең жақсы көмек көрсететініне, оны әрқашан дәрігерге көрсету және қажет медициналық көмек көрсетуге болады деген сенімділік. Бұл болған оқиғаның дерегі бойынша өтемақы емес, бұл осындай жағдайлардың болу ықтималдығын өзінше алдын алу.
Ересектер үшін ЕМС жұмысты таңдаған кезде маңызды фактор болып табылады. ЕМС-ның жақсы полисі өте тартымды бонус болып табылады. Сіздің балаларыңызға ең жақсы емделуді кім қамтамасыз етеді? Әрине, өзіңіз.
Полистің құны компания бірге қызмет жасайтын медициналық мекемелерге және оған қосылған қызметтерге байланысты. Мысалы, егер сіз полистің құнына тіс дәрігерінде емделу кіргенін қаласаңыз, көбірек төлеуге дайындалыңыз. Егер сіз үйге келіп қарайтын дәрігердің көмегін алуды қаласаңыз, бағасы тағы да өседі, және әрине құны жасқа байланысты (бөбектерге қымбатырақ).
Дереккөзі: https://www.ptinews.com/pti/worrying-about-your-child-s-future-these-investment-options-might-help/57701.html
Сурет ашық дереккөздерден