ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша 2018 жылғы алты ай ішінде 17 жасқа дейінгі балалар 89 010 жарақат алған. Оның ішінде 2 299 – мектеп жарақаты, 2 308 – спорт жарақаты. Жалпы бұл жарақаттарға шамамен 6% болады. Алайда дене шынықтыру сабақтарында алған жарақаттар «спорттық» жарақаттар» болып есептелінеді. Көбінесе ұл балалар жарақаттанады – оларға жағдайлардың 64% жатады.
Өңірлер бойынша статистикаға келетін болсақ, «мектеп» және «спортық» балалар жарақаттарының көбісі Карағандыда (15,5%), Алматыда (12,1%), Павлодар облысында (10,9%), Астанада (7,9%) және Солтүстік Қазақстан облысында (7,6%) орын алғанын көріп отырмыз. Бұл өңірлерге жалпы республика бойынша барлық жарақаттардың 54% келеді. Егер де жан басына шаққанда жарақаттардың коэффициентіне бағытталатын болсақ, статистика басқаша болады.
Жазатайым оқиғалар көбінесе үзілістерде орын алады. Мамандар түсіндіргендей, бұл балалардың табиғи жоғары белсенділікпен байланысты. Өйткені сабақ барысында, әдеттегідей, олар ұзақ уақыт бойы бір орында отыруға және аз қозғалуға мәжбүр. Сондықтан әрбір үзіліс – бұл жиналып қалған энергияны бәсеңдетуге және оны шашуға мүмкіндік.
Сабақтардың ішінде ең қауіптісі дене шынықтыру. Кез келген физикалық белсенділік – әлеуетті тәуекел. Әсіресе бастауыш сыныптардың балалары үшін. Содан кейін – еңбек сабағы. Әдетте, ұл балалар жарақаттанады. Өйткені олар түрлі құралдармен және қауіпті аппаратурамен жұмыс істеуге мәжбүр. Содан кейін – физика және химия. Орта буын сыныптарда балалар сабақта тәжірибе қоюды ұнатады. Бұл химиялық заттар салынған шынылардың жарылуына, нәтижесінде дене күйіктеріне әкеліп соғады.
Жиі кездесетін «мектеп» және «спорт» жарақаттарының рейтингісі:
· Қолдың жарақаты (42,8%) – білектің, білезіктің және шынтақтың жарақаты.
· Аяқтың жарақаты (31,9%) – табанның шығуы, созылуы, сынуы, тізенің, бұлшықеттің және сіңірдің жарақаты.
· Бастың жарақаты (13,8%) – жиі кездесетін жарақат – түрлі ауырлықта мидің шайқалуы.
· Іштің, белдің төменгі жағының, бел омыртқасының және жамбастың жарақаты (4,2%) – жамбас буынының, санның және омыртқаның жарақаты жиі орын алады.
· Көкірек қуысының жарақаты (2,7%).
· Жарақаттардың, уланудың және сыртқы себептердің әсерінен салдары (1,3%).
· Мойын жарақаты (1,2%).
«Ата-аналар әрдайым өз баласына тек жақсылықты тілейді. Өкінішке орай, біз барлық назар мен қамқорымызды төксек те, ешқашан бәрін алдын ала болжай алмаймыз. Өйткені кез келген уақытта балаға бірдеңе болып қалуы мүмкін. Әрине, жаралар мен жарақаттар – балалық шақтың бір бөлшегі. Әркімнің денесінде балалық шақтан қалған бір тыртығы немесе велосипедтен қалай құлағаны туралы хиқаясы бар, деп ойлаймын. Алайда мен ата-ана ретінде өз балаларымды барлық жамандықтан қауіпсіздендіргім келеді, – деп «НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Даурен Иманжанов түсіндіреді. Әрине, сақтандыру полисі баланы мектептегі жарақаттан сақтай алмайды. Бірақ жеке емханаларға емделу үшін барған ата-аналардың қаржы шығындарының орнын толтыра алады. Өйткені баланың денсаулығы емдеу қаншалықты тез басталғанына байланысты емес пе».
Балаларды сақтандыру бағдарламалары (3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар) жазатайым оқиғадан қорғауды қарастырады. Полистің құны – жоғары емес. Мысалы, егер сіз балаңызды 3 500 000 теңгеге сақтандырғыңыз келсе, онда орташа есеппен жылдық полис 17 500 теңге құрайды. Ал қорғау тәулік бойы қызмет етеді.
Дереккөзі: https://www.icn.kz/ru/news/kakie-travmy-chasche-vsego-poluchayut-deti-v-shkolah
Фото liter.kz сайтынан алынды.