bs-preloader__icon
ru kz
✕

ҚЖОМС қызметкерлерін сақтандыру қандай болады

"Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" ҚР Заңына сәйкес әрбір жұмыс беруші өз қызметкерлеріне қатысты сақтандыру шартын жасасуға міндетті, деп еске салады Freedom Life ӨСК баспасөз қызметі.
ҚЖОМС қызметкерлерін сақтандыру қандай болады

Жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды жақсарту мақсатында 2024 жылдан бастап Қазақстанда ҚЖОМС жүйесіне өзгерістер енгізілді.

Негізгі өзгерістердің бірі зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын азаматтар үшін зейнетақы алдындағы төлемдер бойынша норманы енгізу болды. Жаңа қағидаларға сәйкес, 55 жасқа толған және жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) төленген қазақстандықтар енді зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты шеңберінде жүзеге асырылатын арнайы әлеуметтік төлемге құқылы.

Зейнетақы алдындағы төлемдер қандай көздерден жүзеге асырылады:

- республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕтКД)мөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы;

- ӨСК 1 ӨМ мөлшерінде төлемдер (2024 жылы 43 407 теңге);

- жұмыс берушілер тарапынан 1 КММ мөлшерінде қаржыландыру;

- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)есебінен БЖЗҚ қаражаты.

Төлемдер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады. Ол үшін зиянды еңбек жағдайлары бар жерден кетіп, жеңілірек жұмысқа ауысу немесе зейнетақы тағайындалғанға дейін төлемдерді алуды жалғастыру қажет.

Freedom Life ӨСК зейнетақы алдындағы аннуитеттік шарттар жасасуға өтінімдерді белсенді қабылдай бастады. Заңнамаға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ҚЖОМС қолданыстағы міндетті сақтандыру шарттары бойынша 156 қосымша келісімге қол қойылды.

Ашық дереккөздерден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
АХҚО биржасы: қазақстандық ӨСК-ның жаңа үміті
АХҚО биржасы: қазақстандық ӨСК-ның жаңа үміті

Қазақстанда «Астана» Халықаралық қаржы ортал...

Күніге қуырылған тамақты жеген кезде, ағзаға ол қалай әсер етеді
Күніге қуырылған тамақты жеген кезде, ағзаға ол қалай әсер етеді

Қазіргі заманда өзіңіздің рационыңызды қуыры...

Хирург сақтандыру төлемдерін алу үшін аяқтарын өзі кесіп тастаған
Хирург сақтандыру төлемдерін алу үшін аяқтарын өзі кесіп тастаған

Ұлыбританиялық қан тамырлары хирургі Нил Хопп...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру