Шведтер өз еңбек қызметін 30 жастан кейін бастайды, мәселенің бәрі осында. Нәтижесінде скандинавиялық елдің тұрғындары болашақ зейнетақы үшін қажетті еңбек өтілінің жылдарын жоғалтады.
Швецияда өмір ұзақтығы өсуде. Бұл адамдардың көпшілігі зейнетақыға ғана өмір сүретіндігін білдіреді. Бұл үшін скандинавиялық елдің барлық тұрғындары айтарлықтай жоғары зейнетақыға қол жеткізу үшін ұзағырақ жұмыс істеу керек. Жастар да жұмысқа ертерек кірісу керек, өйткені әрбір еңбек жылының зейнетақы үшін маңызы зор. Еңбек өмірінің ерте басталуы оның кеш аяқталуынан гөрі маңыздырақ.
Алайда швециялық студенттер ЖОО-ны 30 жаста бітіреді – ЭЫДҰ (OECD, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) басқа елдерінің студенттеріне қарағанда тым кеш бітіреді. Соның нәтижесінде шведтер еңбек нарығына да кештеу шығып, болашақ зейнетақы үшін қажетті еңбек өтілінің жылдарын жоғалтады.
Қазіргі таңда Зейнетақы ведомствосы (Pensionsmyndigheten) шведтердің еңбек өмірі 23 жасында басталады деген қағидадан шыға отырып, есептерді жасайды. Алайда Skandia сақтандыру компаниясының соңғы есебі скандинавиялық елде оқуды тәмамдау жасы өскендігін көрсетеді. Сондықтан зейнетақы корольдіктің барлық тұрғындарына жетпейтіні анық.
Мысалы, инженер мамандығында оқып жүрген және зейнетке 65 жасында шыққысы келетін студент қыз зейнетақының қалаған деңгейіне жету үшін ай сайын 5 360 кронадан (шамамен 514 евро) жинау керек.
Жастар ертерек жұмысқа кірісу үшін «жазғы семестрді» енгізу ұсынылуда, яғни ЖОО-ны бітіруін тездету үшін студенттер жазда оқу қажет.
Екінші ұсынылатын шара – гимназияларда экономиканы және өз бюджетін жоспарлауды оқытылуын енгізу. Жастар гимназиядан кейін мамандықты дұрыс таңдау үшін болашақ жалақысына қандай факторлар әсер ететіндігін білуі тиіс, деп Aftonbladet баспасына сілтеме жасай отырып, swedishnews.se хабарлайды.
Қартайған шағында бұрынғы таз кебіне түспеу үшін жастайынан бастап, кейіннен қосымша өмір бойғы зейнетақыны алу үшін кәрілікке кепілдендірілген қорланымды жинау қажет. Батыста кеңінен таралған мұндай бағдарламаларды бүгінгі таңда Қазақстанда өмірді сақтандыру бойынша компаниялар ұсынып отыр.
Бүгінгі таңда зейнетке дейін әлі жиырма шақты жыл қалып отырғандықтан, біз оған аз ғана ақшаны, пайдамыздың 10%-ын аударып отырсақ та, жетеді, деп ойлаймыз. Бірақ мына жағдайға қараңызшы. Ұлыбританияда жасы ұлғайған адамдардан өткен өмірінде олар нені өзгерткісі келеді деп сұраған кезде, олар бірінші кезекте «кәрілікке көбірек ақшаны аударатын едік», деп жауап қайтарды.
Дереккөзі: https://www.kompravda.eu/daily/26855.5/3897859/
http://expert.ru/d-stroke/2009/15/pensiya/
Фотосурет e-mba.ru, aif.ru сайттарынан алынды.