Оның сөзінше, әлеуметтік-бағытталған сақтандыру «ақылды» технологиялар негізінде белсенді дами бастады. Телематика, телемедицина, алып жүрме құрылғылар – сақтандырушыларға клиенттің тәртібін қадағалауға, және оның өмір сүру салтына немесе көлік жүргізу тәртібіне байланысты сақтанушының «портретін» құруға және оның полисіне жеке бағаларын белгілеуге мүмкіндік беретін құралдар. Өз кезегінде клиент оны қадағалап жүргенін, ол өзінің қаржы нәтижесіне әсер ететінін түсінеді. Бұл оны тәртіпке келтіреді, салауатты өмір салтын ұстануға, жол ережелерін сақтауға ынталандырады.
Адамдар спортпен шұғылданады, фитнес-трекерлер бұл ақпаратты оқып, оны сақтандыру компаниясына жолдайды. Оның негізінде сақтандырушы клиентке жеңілдікті ұсына алады. Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады. Мысалы, оңтүстік африкалық Discovery Health компаниясы өз клиенттеріне екпе еккені, темекіден бас тартқаны, физикалық қалпына тест тапсыру, холестиринге, қантқа, АИВ-ке талдауларды тапсырғаны үшін және басқа да салауатты белсенділіктер үшін бонустық баллды есептейді. Содан кейін сақтандырушы баллды тауар мен қызметтерді сатып алу кезінде «қолма-қол ақша етіп алуға» болатын жеңілдіктерге айналдырады, - мысалы, туристік жолдаманы 2 есеге арзан етіп алу, мейрамханаға барып, немесе брендтік киімді 70% пайыздық жеңілдікпен алуға мүмкіндік туады. Oscar Health компаниясы бұдан да асып түсті. Ол спорттық мақсаттарға жеткені үшін кэшбэкты енгізді. Егер клиент тиісті қадам санын жасаса (оны фитнес-трекер санайды), онда ол өзінің шотына $1 алады. Сома аса үлкен емес, бірақ клиентке бұл ұнайды. Оның үстіне клиент бұл соманы күн сайын ала алады, салауатты өмір салтына ынтасы тұрақты негізде жұмыс жасайды. Bain компаниясының мәліметтері бойынша көптеген клиенттер сақтандыру компанияларына дербес ақпаратты ұсынуға дайын, егер бұл тарифке қалай болса да әсер ететін болса. Мысалы, Германияда 24-35 жас аралығындағы мұндай клиенттердің үлесі 80% астам құрайды. Ресейде мұндай статистика әзірше жоқ, бірақ бұл көрсеткіш төмен болмайды деп ойлаймын, дейді Павел Самиев. Сондай-ақ бүкіл әлемде де, Ресейде де телемедицина дамып келеді, ол сақтандыру полистерінің әрекет етуі географиясын және мүмкіндіктерін кеңейтеді. Allied Market Research есептеуі бойынша медициналық «заттар интернетінің» нарығының көлемі 2021 жылға қарай $136,8 млрд. құрайтын болады. Нарық өсуінің қарқынын жылдан жылға қол жетерлік болатын тасымалды құрылғылар қамтамасыз етеді. Оларға көптеген клиенттер мен дәрігерлер сенім артатын болады. Сонымен қатар олардың қызметі кеңейе береді: қарапайым қадамдарды есептегіштен денсаулықты мониторингілеудің күрделі аналитикалық құралдарына дейін өзгереді. Мысалы, Embrace құрылғысы эпилептикалық талманың пайда болуын тіркейді, ал Lively білезігі қарт адамдардың жағдайын қадағалайды. Әрбір жағдайда бейінді дәрігер де қосылуы мүмкін. Сонымен қатар диабетке шалдыққандар үшін түрлі глюкометрлер, кардиоесептеуіштер, тері сканерлері бар. Сақтандыру компаниясымен және медициналық ұйымдармен ынтымақтастықта мәселені бастапқы деңгейде шешуге көмектеседі.
Телемедицина шығындарды қысқартуға және ДМС-ты 20-30% пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Онлайн-кеңес дәрігерге тікелей барудан арзанға түседі. бұл ретте РФ Денсаулықты сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігінің статистикасы бойынша сақтандыру компаниялары клиенттерінің 40% шамасындағы ауруханаға көрінуі профилактикалық сипатқа ие.
Осылайша, әлеуметтік-жауапкершілікті сақтандыру бірден бірнеше маңызды міндеттерді шешеді, деп есептейді сарапшы, - клиенттерді дұрыс және ақылды өмір салтын ұстануға ынталандырады, және сақтандырушылар үшін залалдылығын төмендетеді. Нәтижесінде бұдан барлығы да ұтады: сақтандырушылар шығындардың үнемдеуіне, ал клиенттер – полистер бойынша жеңілдіктерге қол жеткізеді.
Дереккөзі: http://www.asn-news.ru/post/880
Фотосурет citywoman.info сайтынан алынды.