Автор: Инна Белянская, МетЛайф АҚ басқармасының мүшесі (дереккөз: https://biz.nv.ua/experts/bilansky/investitsii-v-detej-zachem-i-kak-2455511.html)
Кез келген инвестиция қайтарымды топшылайды дегеннен бастайық. «Инвестициялауға тұрарлық па» деген сұраққа жауап ретінде орнына сіз не күтесіз, соған баланысты болады. Біз балаларға инвестициялау жөнінде сөз қозғағанда күтілетін нәтиже жөнінде екі әдеттегі жауап бар.
1. Мен қаржыландырамын, ал балам қартайған шағымда маған көмектеседі. Әрбіреуі осындай үміттің ақталатынына ашық түрде мойындай алмайды, әйтсе де, олар біздің қоғамымыз үшін әдеттегі болып табылады. Оның үстінен, бүгінгі таңда бұл модель жұмыс істейді. Біз өз ата-анамызға, көбінесе бізге мүлдем таныс емес қарт адамдарға көмектесеміз, өйткені қазіргі кездегі зейнетақы деңгейінде өмір сүру олар үшін қиынға соқтыратынын, біздің көмегімізсіз кейде өмір сүру тіптен қиын екенін көріп отырмыз. Бірақ, бұл жайт болашақта да болады дегенді білдіреді ме?
Өмірді сақтандыру нарығында 16 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан адам ретінде болмауы тиіс деп сеніммен айта аламын. Зейнетақыға өздігінен ақша жинау қажет және де болады. Оған қоса, балаларымыз аяқтан тік тұрғанша, одан ертерек уақытта кез келгенімізге қаржылай көмек қажет болады. Өйткені, қазіргі уақытта баланы кешірек, яғни, 20 жасында емес, 30 асқан жасында туып жатыр. 2015-2016- жылдарда баланы туу кезінде украиндық аналардың орташа жасы – 27,4 жас, бұл көрсеткіш күннен күнге өсу үстінде. 10 жыл бұрын ол 22 жастан аспаған еді.
Бұл жағдайда балалар ұзағырақ есейеді, сол себепті 12 жылдық білім беруге өтті, «ата-ана қамқорында»ұзақ өмір сүрудің жалпы тенденциясы орташа алғанда 24 жасқа дейін жетеді. Одан басқа, украиндықтардың 25% бүгінгі таңда балалары ЕО білім алып, мансабын жасаса деп армандайды: бұл мамандыққа ие болу және қаржылай тәуелсіздікті алу тағы біршама уақытты алады дегенді білдіреді. Бала өсіп, білім алып және өздігінен ақша таба бастағанша, ата-анасының өзі материалдық қолдауға мұқтаж болуы мүмкін. Енді тағы бір үлкен сұрақ туындайды: бұл жас адамның қолынан келе ме? Бұл өз жоспарларын сызып алып тастауға әкелмей ме? Осындай нәтижелі инвестициялар ата-аналарға қажет пе?
2. Мен қаржыландырамын, ал бала өзінің орнын өзі табады. Мүлдем басқа жауап және басқа үміттер. Пікірталасқа ең үлкен мәселе туындады десе де болады – нағыз өзін-өзі танытуында ата-ана ақшасы қажет пе? Кесірін тигізер ме екен?
Мен жеке пікірім – бұл инвестициялар 100% қажет болады, әйтсе де, сәттілікке жетуге кепілдік бермейді. Балаларға қаржылай көмектесу қажет болады, өйткені, біз қолдау көрсетпесек, балаға өзін жетілдіру анағұрлым қиын болады. Ашық әлем, ақпаратқа еркін қатынау, жасөспірім кезінде-ақ ақша табуға болар. Қандай қиыншылық бар? Инвестицияның қажеті не сонда?
Ақша 3 себеппен қажет:
- Студенттер мен жасөспірімдерге арналған уақытша жұмыс өз мәнін өзгертеді. Әрине, белгілі бір «өмірлік мектептен» өту, ересектердің күш-жігерін және жақсы білім беретін мүмкіндіктерді бағалау үшін оқып жүрген кезде қосымша ақша табуға болады. Бірақ болашақтағы өзгерістерді ескере отырып, қарапайым, кертартпалыққа негізделген еңбек маңыздылығын жоғалтқан кезде осындай жұмыста алынған дағдылар қажет болар ма екен. Соған бола жастық шақты кетіруге тұрарлық па? Ең тиімдісі – оқуды профильдік тағылымдамамен немесе еріктілікпен үйлестіру. Тек мынаны есте сақтау қажет: әдетте, бұл ақша табу емес, бұл тәжірибе жинау.
- Біздің балаларымыз бізге қарағанда көбірек білім алады. Өмір бақи, дәлме-дәл мағынада айтқанда оларға мамандықты, саланы ауыстырып, бұны мансап кезінде 7-9 рет түрлі бағалар бойынша жиі жасауға тура келеді. Социологтар айтқандай, өмір бақи бухгалтер немесе заңгер болып жұмыс істеп, бір мамандық аясында өсу енді мүмкін емес. Әлде бір істі басынан бастайды, тіптен қай салаларда болатынын әлі біз де білмейміз! Тегін түрдегі оқу да – күш пен уақытты талап етеді. Ақша табу үшін емес, оқу үшін көп уақыт қажет… Бұндай жағдайда қаржылай қолдау қажет пе?
- Балаларымызда шартсыз табыс болмайды. Бұл жағдайда мамандықта, оқуда және шығармашылықта олар осындай кіріс болатын басқа аса экономикалық дамыған елдердегі балалармен бәсекелестікке түсуі немесе ынтымақтастықта болуы әбден мүмкін. Шекаралар болмайды, еңбек нарығы ғаламдық бола бастайды. Бірақ соның ішінде сәтті интеграциялану үшін бастапқы кезде ресурсқа, соның ішінде, кем дегенде жақсы кітапқа, университеттегі оқуға, шығармашылық шағын студияға немесе АТ-стартапты іске қосуға арналған жабдықтарға қаржыға ие болу қажет.
Қартайған шағында «салынған қаражат қайтарымын» күтпестен, балаларға қаржы құю қажет екенін саналы түрде ұғынсақ, тағы бір жаңа сұрақ туындайды: қалай? Ағымды шығындар режимінде бұны жасау әрдайым қолдан келмейді – қор жинауға тура келеді, капиталды болашаққа құру қажет.
Әрине, сақтандыру нарығының өкілі ретінде мен біржақты болмай қала алмаймын: жинақтаушы сақтандыру ең жақсы шешім болатынына 100% сенімдімін. Әрине, бұл отбасы үшін жалғыз емес, міндетті құрал болып табылады. Өйткені, ата-анасының «инвестициялық жоспарлары»: тіптен олар баласының жанында енді бола алмаса да немесе денсаулығы ақша тауып, қор жинауға мүмкіндік бермесе де, нақты жүзеге асатынына кепілдікті тек сол береді. «Бала капиталын» құруға – бұл мүлдем басқа жағдай, ол жайында келесі авторлық бағанда пікір таластыруға болады.
Фотоның дереккөзі: http://today.kz/news/kazahstan/2015-09-02/625206-v-kazahstane-postanovka-na-ucet-v-detskij-sad-budet-osusestvlatsa-avtomaticeski/