bs-preloader__icon
ru kz

Инвестициялардың дұрыс әдістері аталды

Егер шын айтатын болсақ, жеке инвестордың бос ақшасына үміткерлер өте көп: бұл банктер, қаржы мекемелері және қарапайым дүкендер, сонымен қатар тіпті алаяқтар. Демек, қайда инвестициялау қажет екенін және үдерістің астарында не жасырынғанын мұқият ойлаған дұрыс. Өз жинақтарыңызды бірдеңеге салуға шешім қабылдағанға дейін игеріп алу маңызды бірнеше маңызды тезистер бар.
Инвестициялардың дұрыс әдістері аталды

Өзіңіздің соңғы ақшалай қаражатыңызды инвестицияламаңыз

Мысалы, жалақының ең үлкен бөлігін немесе жылдық сыйлықақыны. Жақын арада өмір сүру үшін қажет болмайтын – бос ақшаны ғана инвестициялауға болады: жинақтарды.

Үлкен сомалардан бастамаңыз

Қиын кезеңге тап болу қорқынышынсыз, өзіңізге жеке немесе отбасы бюджетінен шығаруға мүмкіндік бере алатын ақшаны инвестициялаңыз. Жеке инвестициялау – құмар ойын емес, ол білімді, ептілік пен дағдыны талап ететін үдеріс, сондықтан үлкен емес сомалармен үйренген дұрыс.

Тәуекел есіңізде болсын

Ақшалай қаражаттың кез-келген салымы түрлі деңгейдегі тәуекелдермен жүреді. Оларды есептеуді үйреніңіз және төмендету тәсілдерін біліңіз (мысалы, сіз бірнеше түрлі құралдарға салатын кездегі жағдай – әртараптандырылған инвестициялық портфельді құру). Қарапайым сөзбен айтқанда, барлық ақшаны бір жәшікке салмаңыз.

Өз инвестицияларыңызды әртараптандырыңыз

Әр түрлі құралдарға салыңыз, кешенді стратегияларды таңдаңыз, табысты алу тәсілдерін үйлестіріңіз. Қазіргі экономика және геосаясат шарттарында өз салымдар портфеліңізді құралдар бойынша ғана емес, сонымен қатар эмитенттердің сала және елге қатыстылығы, мерзімдері, сенімділігі, өтімділігі бойынша әртараптандырған жөн. Осылайша сіз өзіңізді жоғалтулардан ішінара сақтандырасыз.

Өзіңіз түсінетін құралдарға ғана инвестициялаңыз

Сіздің ақшаңыз қалай жұмыс істейтіні туралы, ненің есебінен және қандай мерзімдерде табыс қалыптасатынын, қандай тәуекелдер көтеруіңіз мүмкін екені жөнінде нақты түсінігіңіз болуы керек.

Әсіресе бастапқы кезеңде кәсіпқойлармен жұмыс істеңіз.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру, бұл салымдардың ұзақ мерзімді бағдарламасы, ол сіздің өміріңізді ықтимал тәуекелдерден қорғайды және белгілі жағдайға ақшаны жинауға мүмкіндік береді.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламары белгілі күнге қаржы резервін құруға мүмкіндік береді және өмір мен денсаулықпен байланысты күтпеген оқиғалар жағдайына сақтандыру қорғауын қамтамасыз етеді.

Жинақталған сома ұзақ мерзімді жоспарларды іске асыруға мүмкіндік береді: өз өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгерту немесе ірі сатып алу, қаражатты баланың білім алуына жұмсау немесе оларды бастапқы капитал ретінде пайдалану.

Дереккөзі: https://www.cxotoday.com/specials/how-to-invest-your-hard-earned-money-smart-ways-to-get-started/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру туралы бес сұрақ
Өмірді сақтандыру туралы бес сұрақ

Өмірді сақтандыру полис иелеріне ақша табуға ...

1 наурызда Қазақстан халқының саны 18,43 млн адамға жетті
1 наурызда Қазақстан халқының саны 18,43 млн адамға жетті

2018 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда елдегі ха...

Өмірді сақтандыру неліктен маңызды
Өмірді сақтандыру неліктен маңызды

Отбасында болуы мүмкін ең қорқынышты қайғы – ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру