bs-preloader__icon
ru kz en

«Жинақтаудың» жаңа дәуірі

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы валютада кепілдендірілген жоғары кіріспен Capital жинақтаушы өнімінің іске қосылғаны жөнінде хабарлайды.
«Жинақтаудың» жаңа дәуірі

Capital – бұл өзіне депозиттің қызметтерін, өмірді сақтандыруды және салық жеңілдігін қосатын жаңа ұрпақтың жинақтаушы өнімі.

«Салық заңнамасының өзгеруі өмірді сақтандыру саласы үшін 2021 жылдың маңызды оқиғасы болып табылады. Өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларының пайдаланушылары өзге артықшылықтардан басқа енді жеке табыс салығын есептеу үшін салық салынатын негіздің төмендеуіне құқық алды. Жинақтаушы сақтандыру шартын жасау біздің клиенттерге салық жеңілдігін пайдалану есебінен ғана қазірден-ақ 2020 жылға қарағанда көбірек жалақы алуға мүмкіндік береді. Біз үшін – бұл жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларын жасап шығаруға және оны ілгері жылжытуға жаңа ынта, өйткені өмірді сақтандыру компанияларында өзіңіздің болашақ капиталыңызды қалыптастыру енді одан да тиімді бола түсті» - дейді «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

Бағдарлама валютада 2%-ға дейін, сондай-ақ салық жеңілдігін қолданудан 10%-ға дейін табысқа кепілдік береді. Сақтандыру мерзімі ішінде мөлшерлеме өзгермейді. Қазіргі таңда Capital өнімінің маңызды артықшылықтарының бірі COVID-19-бен байланысты шектеулердің болмауы болып табылады. Бағдарламаның бірқатар заңдық артықшылықтары бар, оның ішінде клиент өмірден кеткен жағдайда болашақта сақтандыру төлемін алатын мұрагерді өзі таңдайтын мұрагерліктің түсінікті рәсімі бар.

www.nomadcapital.kz сайтында бағдарламамен танысуға және шартты жасауға болады.

Call-center: 3260

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Standard Life таза пайдасы 2017 жылы  60%-ға өсті
Standard Life таза пайдасы 2017 жылы 60%-ға өсті

2018 жылғы наурыз айында Fitch сақтандыру компания...

«МАК» ӨСК» АҚ 100% жай акциялары сатылымға қойылды
«МАК» ӨСК» АҚ 100% жай акциялары сатылымға қойылды

e-auction.gosreestr.kz электрондық сауда алаңында «Мемл...

Өмірді сақтандыру жас ата-аналарға неғұрлым қолжетімді болып келеді
Өмірді сақтандыру жас ата-аналарға неғұрлым қолжетімді болып келеді

Жастар білім алады, жұмыс істейді, үйленеді, жы...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру