2020 жылдың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру сыныбы бойынша сыйлықақылардың көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 27%-ға өсті және 97,5 млрд теңгеден асты. Дәл қанша үлесі ипотека кезінде қарыз алушылардың өмірді сақтандыруына келетінін айту қиын, бірақ айтарлықтай үлесін тұтынушылық кредиттердің қарыз алушыларының өмірін сақтандыруы алады. Әдетте, өмірді сақтандыру – бұл қарыз алушыны да, банкті де қорғайтын құрал. «Біріншіден, өмірді сақтандыру шарты ипотекалық кредиттің қайтарылмау тәуекелін азайтады.
Екіншіден, қарыз алушы өмірден өткен кезде немесе оған мүгедектік берілсе сақтандыру компаниясы банкке оның отбасына қосымша ауыртпалық болып жүктелмейтін ипотекалық кредиттің қалған сомасын өтейді. Өмірді сақтандырусыз қарыз алушының жақындары қиын өмірлік жағдайда қала отырып, үйсіз және ақшасыз қалу тәуекеліне барады», - деп түсіндіреді Сентрас Коммеск Life-тің Басқарма төрайымы Гульжан Джаксымбетова.
Қазіргі таңда Қазақстанда қаржы институттарының көбісі клиентке қарыз беру кезінде қарыз алушының өмірін сақтандыру шарттарын рәсімдеуді қолдануда. Бұл тек қана ипотекалық қарыздар болмайды, сонымен қатар кез-келген кепіл қарыздар және тұтынушылық қарыздар болуы мүмкін. «Кредиттерді беретін қаржы институттары өздерінің қаржы тәуекелдерін
төмендету мақсатында сақтандыру компанияларымен белсенді түрде бірлесіп қызмет істеуде, - дейді Халык-Life-тің Басқарма төрайымы Жанар Жубаниязова. Барлық қарыз алушылар мұндай шарт ерікті түрі болып табылатынын білуі тиіс. Ешкім қарыз алушыға сақтандыру шартын
жасасуға мәжбүрлей алмайды. Дегенмен, мына бір сәтті де ескерген маңызды: кез-келген қаржы ұйымы қарыз беру шарттарын белгілей алады. Ал кредитті рәсімдеу кезінде осы шарттармен келісу немесе келіспеу – қарыз алушының таңдауы».
Мәселе бағасы
Ипотека кезінде сақтандырудың құны әр жағдайда жеке есептеледі. Бір жағынан, мұндай полистің болуы қарыз алушының онсыз да аз емес шығындарын ұлғайтады. Екінші жағынан, банктер өз кредит қаражаттарын кез-келген жағдайда қері қайтарылатынының кепілдігі туралы біле отыра, кредитке неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемені беруі мүмкін. «Полистің құнына кредиттің сомасы мен сақтандыру тарифі әсер етеді. Тариф сақтандырылушының жынысына, жасына, кәсібіне және денсаулық жағдайына байланысты белгіленеді», - деп нақтылайды Сентрас Коммеск Life-тің Басқарма төрайымы.
Ипотека кезінде өмірді сақтандыру шартын жасай отырып, олар басталған кезде өтем төленуі тиісті, уағдаласқан сақтандыру жағдайларының тізбесін мұқият қарау қажет. Әдетте, бұл клиенттің қайтыс болуы, сондай-ақ сақтандыру шартының әрекет ету мерзімінде толық немесе ішінара еңбекке қабілеттіліктен айырылу (I немесе II дәрежедегі мүгедектік). «Сақтандыру сомасының мөлшері кредит шарты бойынша негізгі қарыздың мөлшеріне тең, тиісінше төлемдердің ең үлкен мөлшері сақтандыру жағдайы орын алған күнге қарыз алушының негізгі
қарызының мөлшерінен аса алмайды», - деп түсіндіреді Халык-Life-тің Басқарма төрайымы.
Неге бұл сақтандыру кредиттерді рәсімдеу кезінде танымал емес Әр түрлі банктерде ипотекалық кредиттер бойынша міндетті негізгі талаптарға түрлі қосымша шарттар ұсынылуы мүмкін. Бұл қарыз алушының өмірді сақтандыруы, титулды сақтандыру, клиент өмірді сақтандыруды және титулды рәсімдеуден бас тартқан жағдайда ипотека бойынша жоғарылатылған пайыздық мөлшерлеме болуы мүмкін. «Жиі қарыз алушы өмірді сақтандыру полисін сатып алуды өз шығындарының ұлғаюы ретінде қабылдайды. Бұдан басқа, ипотеканы алу кезінде өмірді
сақтандыру ұзақ мерзімді болып табылады, себебі ол кредитке тең мерзімге рәсімделеді, - дейді Гульжан Джаксымбетова. Алайда, бұл жерде сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру компаниясы қарыз алушының орнына ипотекалық кредитті өтейтінін еске түсіру керек».
Ипотекалық кредитті мерзімінен бұрын өтеген кезде клиент өмірді сақтандыру шартын бұзуға құқылы. Бұл ретте сақтандыру компаниясы пайдаланылмаған кезеңге жарналар бойынша ақшалай қаражатты қайтарады. «Әдетте, қарызды рәсімдей отырып, клиент ай сайынғы төлемдердің мөлшеріне ғана қарайды, өз қаржы мүмкіншіліктерін есептейді, бірақ мұндай қарызды алған кезде қосымша шарттарға көңіл бөлмейді, оның ішінде сақтандыру шарттарына. Және жиі сақтандыру жағдайы басталған кезде қарыз алушылардың көбісі және олардың туыстары көп жағдайда отбасында кепіл мүлігін сақтап қалу мүмкіншілігін беретін немесе жағымсыз жағдайлар кезінде кредит бойынша қарыз сомасын қайтаруды қамтамасыз ете алатын сақтандыру шартының бары туралы да білмейді», - деп қорытындылайды Жанар Жубаниязова.
Сурет ашық дереккөздерден