bs-preloader__icon
ru kz

Жұмыс берушінің зейнетақы жарналары ортақ зейнетақының жоқтығын өтей алмайды

БЖЗҚ-ға белгілі экономистер Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова кірген қазақстандық сарапшылар тобының ұсыныстарын түсіндіруді жалғастыруда. Сарапшылардың ұсыныстары зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен барабарлығын арттыруға бағытталған.
Жұмыс берушінің зейнетақы жарналары ортақ зейнетақының жоқтығын өтей алмайды

Сарапшылардың пікірінше, шартты-жинақтаушы модель бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) ынтымақты зейнетақының төмендеуін немесе болмауын өтей алмайды.

Жинақтардың барабарлығын және жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойы болуын қамтамасыз ету мақсатында сарапшылар мыналарды ұсынады:

ОПВР енгізудің шартты-жинақтаушы нұсқасын (іс жүзінде тарату) түсінікті және неғұрлым әділ (қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін) аралас нұсқамен ("4+1"моделі)ауыстыру:

4% МЗЖ қызметкерлердің жеке зейнетақы шоттарына (осындай жинақтауларға меншік құқығымен және олардың мұрагерлік құқығымен)жіберілсін,

1% МЗЖ жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойы кепілдендірілуінің жалпы шотына жіберілсін.

Жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойына кепілдендірілуі (аннуитизация) адал жұмыскерлерді барлық қарттық кезеңінде және ең төменгі әлеуметтік стандарттан төмен емес жиынтық зейнетақымен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, МЗЖ енгізу мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасындағы жауапкершілікті бөлу қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

Барлық енгізілген ұсыныстар зейнетақымен қамсыздандырудың барлық компоненттерін нығайтуға бағытталған, өзара байланысты және кешенде ескерілуі тиіс. Сондықтан біз сарапшылардың ұсыныстарының қалған бағыттары бойынша түсініктеме беруді жалғастырамыз.

Ашық дереккөзден алынған сурет

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Халық-Life ӨСК Bilim-Life ұтыс ойынының қорытындысын шығарды
Халық-Life ӨСК Bilim-Life ұтыс ойынының қорытындысын шығарды

Bilim-life бағдарламасы қарапайым жұмыс істейді: ө...

AXA болашақ зейнеткерлерге арналған жаңа жоспарды іске қосады
AXA болашақ зейнеткерлерге арналған жаңа жоспарды іске қосады

AXA Гонконг пен Макао кейінге қалдырылған аннуи...

Қандай өнімдерде нашар холестерин бар
Қандай өнімдерде нашар холестерин бар

Нашар холестерин жүрек тамырларының, бас миын...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру