2021 жылдың аяғына дейін парламент өмірді сақтандыру компанияларына Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) қатысуға мүмкіндік беретін түзетулерді қабылдайтыны күтілуде. Әзірге МБЖЖ екінші деңгейдегі банктер арқылы ғана жұмыс істейді. Aqyl білім беру депозитіне сыйақыдан басқа жинақталған сомадан 5% немесе 7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы есептеледі. Бұл ретте мемлекеттің сыйақысы (5% немесе 7%) және банктік сыйақы капиталға айналады, яғни негізгі салымға қосылады. «Банктік салымдар алдында жинақтаушы сақтандыру шарттарының негізгі артықшылықтары сақтандыру қорғауының болуы және сақтандыру төлемінің кепілі болып табылады. Мысалы, ата-ана болашақта оның білім алуына ақы төлеуге қаражат жинау үшін, өз баласының пайдасына банкте салым ашады. Бұл кезде ата-ана қайтыс болған жағдайда немесе ол I, II топтағы мүгедектікті алса депозитте жиналған ақша білім алуға ақы төлеуге балаға жетпеуі мүмкін. Алайда, ата-ана сақтандыру шартын жасаған жағдайда, балаға кез-келген жағдайда сақтандыру шартында жазылған оқытудың толық сомасы төленетін болады», - дейді ҚНРДА-ның сақтандыру нарығы және актуарлық есептеу департаментінің актуарлық есептеу басқармасының басшысы Құралай Рахымбаева.
Өмірді сақтандыру компанияларының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуы банк салымына балама болатын, жаңа қаржы құралын жасайды.
«Сақтандырылған адам жинақтау кезеңінде еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан кезде немесе қайтыс болса, сақтандыру бөлігі іске қосылады және мұрагер 5% немесе 7% мөлшерінде жыл сайын есептелетін мемлекеттік сыйақыны ескеріп, толық көлемде сақтандыру төлемін алады. Бұл ретте егер сақтанушымен ештеңе болмаса – жинақтау бөлігі іске қосылады және клиент оның қаражатын инвестициялаудан және мемлекеттің сыйақысынан алынған кірісті ескеріп, өз жинақтарын алады», - деп қорытындылады Кұралай Рахымбаева.
Аздап сандар: 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін Aqyl салымдары бойынша статистика мемлекет сыйақысының айтарлықтай өсімін көрсетуде. Сонымен, 2015 жылы – бұл 4 млн теңге, 2016-да – 325,5 млн теңге, 2017-де – 566,9 млн теңге, 2018-де – 757,4 млн теңге, 2019-да – 918,6 млн теңге және 2020 жылы – 1 млрд 68 млн теңге. Бес жылда барлығы 3,6 млрд теңге.
Сурет ашық дереккөздерден