bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтар сақтандырудан қалай табыс таба алады

Unit-Linked өмірді жинақтаушы сақтандыру мен инвестициялық құрамдас бөлігін біріктіреді, деп Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы хабарлады.
Қазақстандықтар сақтандырудан қалай табыс таба алады

Сақтанушы өз қаражатын салу стратегиясын дербес таңдай алады. «Ол 5, 10, 15 және одан да көп жылға келісімшартты жасай алады. Қаражатты сақтандырушы белгілі бір қаржы құралдарына салады деп болжануда», – деді «Сентрас Коммеск Life» ӨСК басқарма төрағасы Гульжан Джаксымбетова «Капитал.kz» тілшісіне берген сұхбатында.

Клиент жинақталған соманы сақтандыру шартының мерзімі аяқталған кезде ала алады, деп түсіндірді ол. Бұдан басқа, ол келісімшартты бұзуға құқылы, бұл ретте оған сатып алу сомасын, яғни бұзылған күнгі оның инвестициялық сақтандыру шотындағы активтердің құнын төлейді.

«Сақтандырылған адамның өмірінен кеткен жағдайда жинақталған соманы оның мұрагерлері алады», – деп атап өтті «Сентрас Коммеск Life» ӨСК басқарма төрағасы.

Өнімнің құны қанша болатыны әзірге белгісіз. Белгілі болғандай, unit-linked сатып алушыға қандай да бір қатаң шектеулер қолданылмайды.

«Сақтанушылар заңды да, жеке де тұлғалар бола алады. Бұл өнімді 18 жасқа толған тұлғалар сатып ала алады», – дейді «Nomad Life» ӨСК басқарушы директоры Елена Тайтуголева.

Клиент ӨСК-ға тұрақты жарналар жасайтын болады деп болжануда. Олардың бір бөлігі сақтандыру тәуекелін өтеуге, бір бөлігі инвестициялауға бағытталатын болады. Бірақ ол өз қаражатын тек сақтандыру компаниясы таңдаған қаржы құралдарына ғана сала алады. Сондай-ақ сақтанушы өз ақшасы үшін «тәуекел-табыстылық» арақатынасын таңдап, ұсынылған құралдардан инвестициялық портфельді қалыптастыратын болады.

«Сақтандыру компаниясы осы инвестициялық стратегияны автоматты түрде орындайды, қаражат салады, табыс алады, оны клиенттің капиталына жатқызады. Сақтанушыдан ай сайын жарналар енгізу және сақтандыру компаниясы мүлтіксіз орындайтын өзінің инвестициялық стратегиясын айқындау талап етіледі», – деп түсіндірді «Халык-Life» ӨСК басқарушы директоры Виталий Любимов.

Сақтандыру нарығының ойыншылары өнімді әзірлеу кезінде қаржы реттеуші олармен және бағалы қағаздар нарығының қатысушыларымен белсенді өзара іс-қимыл жасағанын түсіндіреді.

«Барлық ұсыныстар ескерілді. Негізінен нарық бұрын тек инвестициялық пай қорларына қамалған өнімнің тетігін жеңілдетуді ұсынды. Бұл тәсіл өнімді әкімшілендіру процесін қиындатып, оны қымбаттатар еді. Балама ретінде зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерді басқару жөніндегі тәжірибесін қолдану ұсынылды. Оның негізінде сақтанушылардың қаражатын басқаруға қойылатын талаптар қайта қаралды», – деп түсіндірді «Nomad Life» ӨСК басқарушы директоры Елена Тайтуголева.

«Freedom Finance Life» ӨСК басшысы Азамат Ердесов кейбір ұсыныстар қабылданбағанын атап өтті.

«ӨСК үшін осы өнім бойынша кепілдік қорының ең аз мөлшерін белгілемеу ұсынылды. Бұл сақтанушының unit-linked бойынша инвестициялық тәуекелдерді көтеруімен байланысты. Өмірді сақтандыру бойынша компаниялардың қосымша тәуекелдері жоқ. Бірақ өлім тәуекелі төлем қабілеттілігі маржасының есебіне (сыйлықақының тәуекелдік бөлігі) компанияның басқа өнімдерімен бірдей қосылады. Уәкілетті орган кепілдік қорының ең төменгі мөлшерін белгілеуді шешті. Мысалы, 100 мың АЕК – активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық бақылауға беру кезінде. unit-linked ұсынуды шешетін компанияларға қайта капиталдандыру қажет болуы мүмкін», – деп атап өтті біздің әңгімелесуші.

Сақтандырушылар алыс шет елдерде unit-linked кең таралғанын нақтылайды. Негізінен сақтандыру қорғанысы сақтандырылған адамның сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруі, кез келген себеппен қайтыс болуы және жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болуы сияқты тәуекелдерді қамтиды.

«Әдетте шетелдік сақтандыру компаниялары инвестициялық стратегияларды әзірлейді және дайын шешімдерді клиенттерге жариялайды. Шетелдік сақтандырушылар Tesla, Alphabet, NVIDIA, Electronic Arts және т.б. жоғары технологиялық компанияларға инвестиция ұсына алады. Сондай-ақ, әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының, дәрі-дәрмектер мен препараттардың жаңа буындарының ғылыми әзірлемелерін жүргізетін фармацевтикалық компаниялардың, тамақ тауарларын өндірушілердің акцияларына қаржы салуға болады», - деп атап өтті Виталий Любимов.

«Сентрас Коммеск Life» компаниясының хабарлауынша, unit-linked бірнеше ондаған жылдар бойы батыс нарықтарында жұмыс істейді. «Кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша, АҚШ-та сақтандырудың бұл түріне өмірді сақтандырудың 60%-ге дейін, еуропалық елдерде – 30-70%-ге дейін келеді. Шетелдік ұйымдардағы консервативтік бағдарламалар бойынша табыстылық 3-5% -ды құрайды, тәуекелді бағдарламалар бойынша – жылдық 7-15% -ға дейін жетеді», – деп атап өтті компанияда.

Кез келген инвестициялық өнім сияқты, unit-linked те өз тәуекелдеріне ие. «Әрқашан сақтандырылушының капиталы салынған активтердің құнын төмендету қаупі бар. Алайда бұл жағдайда сақтандырушыларда табысы аз, бірақ кепілдендірілген бағдарламалар көзделген», – «Сентрас Коммеск Life» ӨСК басшысы нақтылады.

Сақтандырушылардың айтуынша, сақтанушының қаражатын бағалы қағаздарға инвестициялау бойынша лимиттер әзірге белгісіз. Олар оңтайлы болады деп үміттенеді.

Дереккөзі: https://kapital.kz/finance/87977/kak-kazakhstantsy-mogut-zarabatyvat-na-strakhovke.html

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Nomad тобы сақтандыру компанияларының ребрендингін өткізді
Nomad тобы сақтандыру компанияларының ребрендингін өткізді

Nomad тобы-бұл Nomad Life Өмірді сақтандыру компанияс...

Қазақстанда өмірді бес минутта сақтандыруға болады
Қазақстанда өмірді бес минутта сақтандыруға болады

Халык-Life нарыққа «Life-Персона» өмірді сақтанды...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру