bs-preloader__icon
ru kz
✕

Dallas life insurance Bestow стартапы жақындарынан айырылған адамдар үшін арнайы қолданбаны іске қосады

Dallas life insurance Bestow өмірді сақтандыру стартапы Empathy қолданбасымен ынтымақтасуда. Бірлескен жоба жақында жақындарынан айырылған адамдарға қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Dallas News.
Dallas life insurance Bestow стартапы жақындарынан айырылған адамдар үшін арнайы қолданбаны іске қосады

Bestow деректері бойынша, Empathy қолданбасы мен премиум сервистері 20 штаттағы адамдарға тегін қолжетімді. Бенефициарлар және тоғызға дейін достары немесе отбасы мүшелері төлемге өтініш беруге, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, некролог жазуға көмектесу үшін қолданбаны пайдалана алады.

«Эмоциялық жоғалту – ауыр қасірет. Сонымен қатар, адамдар үлкен қаржылық шығындарға ұшырайды. Бұл ұзаққа созылуы мүмкін, сондықтан адамдарға көмекші қажет. Және көмек тегін көрсетілсе жақсы», - деп түсіндірді Бен Армстронг, Bestow компаниясының маркетинг жөніндегі директоры.

«2022 жылғы өлім құны» есебіне сәйкес, АҚШ-тағы отбасылар жерлеу рәсімінен кейін жақындарына қамқорлық жасау үшін орта есеппен 420 сағат жұмсайды. Өлгеннен кейінгі орташа жалпы шығын көлемі 12 702 долларды құрайды.

«Өмірдің ең қиын сәттерінде әртүрлі салалар, соның ішінде сақтандыру компаниялары отбасыларға көмектесу үшін барын салуы керек. Мұндай күндерде адамдарды қайғысымен жалғыз қалдыруға болмайды», - деп қорытындылады Empathy директоры Гура Тим.

Дереккөз: https://www.dallasnews.com/business/local-companies/2022/07/19/dallas-bestow-ignites-partnership-with-emotional-support-app/

Фото ашық дереккөздерден алынған

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресей Федерациясында үлестік сақтандыру талқылануда
Ресей Федерациясында үлестік сақтандыру талқылануда

Өмірді үлестік сақтандыру туралы заң (unit-linked) к...

ҚҚҚ: Өмірді сақтандыру нарығы 2019 жылы 20%-ға арта түседі
ҚҚҚ: Өмірді сақтандыру нарығы 2019 жылы 20%-ға арта түседі

Соңғы 3 жылда өмірді сақтандыру нарығының көле...

Сарапшы - зейнетақы аннуитеттерінің құны ақталды
Сарапшы - зейнетақы аннуитеттерінің құны ақталды

Көбінесе өмірді сақтандыру компаниялары қымб...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру