«Өмірді сақтандыру бүгінгі таңда бар, бірақ біз бүгін медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін ерікті сақтандыру бойынша заңнамаға түзетулерді енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл түзетулер дәрігерлердің кінәсі дәлелденген жағдайда олардан материалдық зиянды өтеуді қарастыратын болады. Сақтандыру қорлары сол материалдық зиянды төлнйтін болады. Қазір бұл норма кәсіби қауымдастықта талқылануда. Тиісті заң жобасы әлі парламентке түскен жоқ», –тілшілерге 17 шілдеде деді ол.
Министр Қазақстанда, өкінішке орай, бірінші жарты жылдықта жүктілік кезінде және босанғаннан кейін қайтыс болған әйелдер санының артылғанын көрсетті, ал аналық өлімнің көрсеткіші былтырғы деңгейден асты.
«Бұл бір қатар өңірде, оның ішінде Астанада да, былтырғы жылмен салыстырғанда мұндай жағдайлар байқалады. Қазіргі таңда және жалпы әрбір жағдай бойынша міндетті тергеу жүргізіледі – бұл заңнамада қарастырылған. Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті тергеу жүргізеді», – деді ол.
Жалпы өлімнің себептерін, оның пікірінше, екі негізгі топқа бөлуге болады.
«Бұл жүктілікті тіркеу күнінен бастап босануға және ауруханадан шығарғанға дейін әйелді бақылаумен тікелей байланысты себептер, сонымен қатар аурудың басқа себептерімен байланысты. Жалпы, әйелдердің денсаулығына байланысты өлімнің өсуі байқалады. Мұнда да бір қатар себеп бар, оның ішінде есепке кеш тұру», – деді Елжан Біртанов.
«Бүгінгі таңда, өкінішке орай, әйелдердің 20 пайызы жүктілік бойынша есепке уақтылы тұрмайды, сондықтан оларды бақылау да қиынға түседі. Қайтыс болған әйелдердің ішінде мұндай әйелдердің саны 56 пайызға жетіп отыр, яғни қайтыс болған әйелдердің басым бөлігі, өкінішке орай, есепке кеш тұрды. Сондай-ақ бұл әйелдерді босануға дейін және босанған кезде медициналық қызметкерлер тарапынан тиісті емес дәрежеде бақылау және стандарттарды сақтамау жағдайлары орын алған», – деп айтты ол.
Сонымен қатар бұл салада кадрлардың тапшылығы да бар – қазіргі кезде өңірлерде 340 акушер-гинеколог жетіспейді.
«Өкінішке орай, Қазақстанда әйелдер денсаулығының индексі 70%-ды құрайды, жүктілердің тек 70% ғана дені сау болып келеді, яғни аурулар бар. Тіпті жүктілікке тыйым салынған жағдайлар да бар – жүктіліктің 1500 жағдайында өмір үшін қауіпті болғандықтан, бұл әйелдерге бала көтеруге тыйым салынған», – деп Елжан Біртанов түйіндеді.
Дереккөзі: https://www.kursiv.kz/news/obshestvo/strahovanie-na-slucaj-vracebnoj-osibki-pri-rodah-predlagaet-vvesti-minzdrav/
Фотосурет Zakon.kz, utro.ru. сайттарынан алынды.