bs-preloader__icon
ru kz en

Банкроттықтан сақтандыру

Мемлекеттер қаржыңды қалай қорғауға болады, жалаңаш қалмай, табыс табудың амалы қандай
Банкроттықтан сақтандыру

Инвестициялық өмірді сақтандыру және жеке зейнетақы жоспары — күрделі жағдайларда ақшаңызды сақтап қалатын екі қаржылық өнім. Мысалы, ажырасу кезінде немесе қамауға алынған жағдайда. Сақтандыру мен зейнетақылық жинақтың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы Банки.ру мәтінінде.

Қаржылық зомбоапокалипсис

Банкрот деп танылған ресейліктер қатары тоқтаусыз артуда. «Федресурс» мәліметтері бойынша өткен жылдың өзінде-ақ 30 мыңға жуық азаматтар мен жеке кәсіпкерлердің банкрот болғандығы туралы шешім қабылданған. Ал барлығы жеке тұлғаларды банкрот деп тану рәсімі енгізілген уақыттан бастап осы санаттқа кіргендер саны қазірдің өзінде 56 мыңға жетті. Жыл сайын банкрот болғандар саны өсуін жалғастыруда — 2017 жылы ол 30% өсті.

«Стопдолг» заңгерлік компаниясының болжамы бойынша биылғы жылы тағы 43 мың азаматтың банкрот болуы мүмкін. «Қарыздары бар, банкрот деп танылуға аз қалғандар қатарын ескеретін болсақ бұл әлі де барынша төмен көрсеткіш», — дейді «Стопдолгтың» бас директоры Алексей Демин. Оның бағалауынша, ықтимал банкроттар саны, оларды «қаржылық зомби» деп те атайды, 1,6 млн адамнан астам. «Біртіндеп ресейлік тәжірибе жалпы әлемдік тәжірибеге жақындап келеді, бізде де борышкерлердің 3-8% банкроттыққа ұшырайтын болады», — деді Демин.

Салыстыру үшін: АҚШ 100 мың адамға шаққанда 250 банкроттық жағдай, Канадада — 176, Германияда — 132. Ресейде бұл көрсеткіш-19 адам.

Сарапшылар айтқандай, азаматтар әлі де бұл құралды құқықтық сауатсыздықтарының салдарынан және өзінің қаржылық дәрменсіздігін мойындаудан қорқаулары салдарынан пайдаланбайды. Ал рәсімнің өзі күрделі емес: заң бойынша өзін банкрот деп жариялауға барлығы құқылы, банкке немесе коммуналдық қызметке қарыз болғандығына қарамастан. Қарыз сомасының 500 мың рубльден артық болуы керек (айыппұлдарды, өсімпұлдарды санамағанда), ал берешек мерзімінің 90 күннен артық болуы керек. Сотқа осындай жағдай орын алғаннан кейін бір айдан кешікпейтін уақытта жүгіну керек. Борышкерге конкурстық басқарушы тағайындалады, оның қызметтік ақысын азаматтың өзі төлеуге міндетті («Стопдолг» компаниясының бағалауы бойынша әдетте бұл сома 50 мың мен 150 мың рубль аралығында), ол қарызды өтеу үшін мүлікті сипаттап, сатады. Барлық үрдістер аяқталған соң банкрот болған тұлға ешкімге қарыз болмайды. Алайда, алдағы бес жыл ішінде ол тағы да банкроттыққа жүгіне алмайды.

Бас тәуекел — бағалы мүліктен айырылып қалу, бұл азаматтардың банкрот деп танылудан қашатындықтарының тағы бір себебі. Заң бойынша өндіріп алу әрекеттері тұрғын үйге (егер ол жалғыз баспана болса және  ипотека шарты бойынша кепілде тұрмаса), жеке заттар мен бірінші кезекте қажет заттарға қатысты жүргізілмейді. Демек, банкрот болып танылғаннан кейін сіздің жалғыз көйлекпен, жалаңаш қалуыңыз мүмкін. Қиын-қыстау күндерге арналған жинақ, білім алуға немесе жаңа автокөлік алуға жинайтын қаражат жайлы жоспарларды ұмытуға болады.

Кредитордан қорғану

Ал қаржы нарығында әбден заңды түрде өз ақшаңды кредиторлардың ашқан алақанынан қорғап қалатын құралдар бар: өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) және жеке зейнетақы жоспары. Алғашқы қызметті сақтандыру компаниялары ұсынады, бірақ агенттің рөлін атқаратын болса келісім-шартты банкте де жасауға болады. Мақсаттары мен шарттарына байланысты өмірді инвестициялық сақтандыру және өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) болып бөлінеді. Ең басты айырмашылық — мерзімі мен салынған қаражаттың қайтарылу кепілдігінің болуында.

Жинақтаушы сақтандыру — бұл, шын мәнінде, зейнетақы бағдарламаларының баламасы. Ол мәселен, оқуы үшін капитал төлеуді немесе ипотека бойынша алғашқы жарна жинауды жоспарлап жүргендер үшін тиімді. Шартты 15-20 жылға  жасасуға болады және осы мерзім ішінде жарна енгізіп отырасыз. Олардың мөлшері жиналуы жоспарланып отырған сомаға байланысты анықталады. Бұл ретте ӨЖС шартын жасаған клиенттерге кепілді кіріс 2-3% шамасында тағайындалады,  ықтимал инвестициялық кіріс тағы бар.

ӨИС шартын жасаудың минималды мерзімі әдетте, 3-5 жылды құрайды, мерзім аяқталғаннан кейін сақтандыру компаниясы клиентке ақшамен қоса жинақталған инвестициялық табысты беруге міндетті. Егер сақтандырылған тұлғаға аяқ астынан ақша қажет болса, ол мерзімінен бұрын алуға құқылы. Бірақ бұл жағдайда оның айыппұл төлеуіне тура келеді. Компания клиентке салынған қаражаттың 70-90% ғана қайтаруы мүмкін.

Банктердің ӨИС депозиттің ықтимал жоғары кірісті баламасы ретінде жиі жарнамалайтындығына қарамастан ӨИС арқылы қанша кіріске қол жеткізуге болса, сонша жоғалтып алу да ғажап емес. Мысалы, «АльфаСтрахование» СК клиентке енгізілген соманың  20% тәуекелге тігуді ұсынады. Қаражаттың үлкен мөлшерде депозиттерге, туынды құралдарға және технология секторы компанияларының акцияларына салынады. Сбербанк соманың 100% қайтаруға уәде береді. Клиенттің ақшасы екі бөлікке бөлінеді: бірінші бөлігін компания депозиттер мен облигацияларға салады, екінші бөлігін — неғұрлым тәуекелді активтерге  салады (мысалы, тұтынушылық компаниялар мен IT-сектор акцияларына). «Нарықтық тәуекел ӨИС кепілдендірілмейтіндігінде, себебі, қаржы нарығының конъюнктурасына тәуелді. Егер базалық активтің бағасының болжамы дұрыс таңдалмаған болса, клиент өзі салған соманы ғана алады», — деп түсіндірді «Сбербанк страхование жизни» компаниясының құқықтық басқармасының басшысы Александр Козинов.

Өмірді сақтандыруға байланысты өнімдердің тағы бір маңызды қасиеті бар: заң бойынша енгізілген ақшалай қаражат сақтандырушыға тиесілі және клиенттің мүлікі болып табылмайды.

ӨИС басты артықшылығы - салықтық шегерім алу мүмкіндігінің болуы. Ең жоғарғы сомасы — 15,6 мың. руб. Егер клиент жыл сайын жарна енгізіп отырса, онда шегерімді жыл сайын алуға құқылы. Кірістілік тұрғысынан алғанда ӨИС компаниялардың консервативті стратегияны пайдаланатын жинақтаушы сақтандырудан пайдалы. Атап айтатын болсақ, өткен жылдың қыркүйек айында  «АльфаСтрахование-Жизнь» СК бас директоры Алексей Слюсарь компаниясының кірістілігі шамамен 2% - 30% арасында деген. «Сбербанк страхование жизни» клиенттері өткен жылы  орташа есеппен 6—7% табыс алды, ең табыстысы ІТ-секторға инвестиция жасау стратегиясы болды (жылына +37,5%), ал «Тағамдық өнімдер» стратегиясын таңдаған клиенттер жыл ішінде 4,9% жоғалтты.

Өмірді сақтандыруға байланысты өнімдердің тағы бір маңызды қасиеті бар: заң бойынша енгізілген ақшалай қаражат сақтандырушыға тиесілі және клиенттің мүлікі болып табылмайды. «Сондықтан, егер ол банкрот болса қаражаттарды үшінші тұлға иелегіндегі қаражаттар санатына жатқызуға болмайды», — деп түсіндірді Козинов. Сондықтан бұл ақшаны тәркілеуге болмайды, тұтқындауға жатпайды, ажырасу барысында ерлі-зайыптылар өзара бөлісе алмайды. Оның үстіне егер борыш сақтандырушымен жасалған келісім-шар күшіне енгеннен кейін пайда болған болса. Барлық ақша тек клиентке немесе оның келісім-шартта көрсеткен тұлғасына беріледі. Десек те, сарапшы айтқандай, келісім-шарттың мерзімі аяқталған соң компания тиесілі соманы төлеуге міндетті, осындай кезде ақша ресми түрде азаматтың меншігі болып табылады, демек, мұндай қаражатқа басқа шоттарға жасалған шектеулердің жасалуы мүмкін.

Өзге де қыр-сыры бар: мысалы, егер арыздаушы сотта  сақтандырушымен жасалған келісім-шарттың заңсыз екендігін дәлелдей алса, онда қаражаттың өндіріліп алынуы ықтимал. Бірақ мұнда да соттың сақтандырушы компания клиентінің жағында болуы мүмкін. «Бізде бір жағдай болған, ажырасу барысында жұбайы ӨИС туралы жасалған шартты заңсыз деп дәлелдеді, өйткені шарт оның келісімінсіз жасалған. Іс жүзінде сот шартқа қатысты ештеңе жасай алмады. Клиент келісім-шарт бойынша құқықтардың жұбайына ауысуы туралы қосымша келісім жасау туралы шешім қабылдады. Яғни, өз ақшасын өз еркімен жұмсады», — деді Александр Козинов.

Заңда жоқ зейнеткерлер

Жеке зейнетақы бағдарламалары (ЖЗБ) зейнетақымен қамтамасыз етудің ерікті түріне жатады, сондықтан, жинақталған зейнетақы қаражатымен салыстырғанда мемлекет олардың қайтарылуына кепілдік бермейді. Банкрот болған жағдайда ЖЗҚ ЖЗЖ туралы келісім-шарт жасасқан клиенттер конкурстық басқарушының әрекеттерінің тиімділігіне ғана үміт арта алады. Осы тұрғыдан алғанда, сарапшылар қордың меншік иесінің кім екендігіне, оның инвестициялық саясатының қаншалықты ашық екендігіне, қордың зейнетақы нарығындағы беделінің қандай екендігіне, қанша уақыт қызмет етіп келе жатқандығына, қор бөлімшелерінің қалада бар екендігіне және онлайн-сервистердің қол жетімділігіне назар аударудың абзал екендігін айтады.

Сонымен қатар, ЖЗЖ шартының талаптарына да барынша зейінмен қарау керек. Мысалы, мерзімінен бұрын зейнетақылық жарналарды және тиісті инвестициялық кірісті алу мүмкіндігінің қарастырылуы. Шынына келсек, шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (әдетте мұны 2-3 жылдан кейін жасауға болады) көптеген қорлар төленген жарнаның 100% және инвестициялық табыстың белгілі бөлігін қайтаруға уәде береді. Мысалы, Сбербанктің ЖЗҚ ЖЗЖ келісім-шарты екі жылдан кейін бұзылатын болса клиентке  жарналарымен бірге тиісті инвестициялық кірістің 50% беріледі. Бес жылдан соң қор жарнаны да, тиісті кірісті де толық қайтаруға дайын екендігін айтады.

ЖЗЖ бойынша инвестицияларға кепілдік берілмейді, мұндай ақшаның нарықтық тәуекелдерден қорғалмаған болуы ықтимал. 2016 жылы кейбір ЖЗҚ зейнетақылық резерв портфельдері бойынша кірістің теріс мәнді болғандығын көрсетті (онда мемлекеттік емес зейнетақы бағдарламалары бойынша түскен қаражат бар). Шығын бойынша рекордты  «Авиаполис» көрсетті, жыл ішінде клиенттердің қаражатының үштен бір бөлігін жоғалтып алды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша шығындар бойынша рекордшы «Открытие» банкімен шоғырланған қорлардың болуы мүмкін: 2017 жылдың тоғыз айы ішінде резервтерді «Электроэнергетика» ЖЗҚ инвестициялау салдарынан орын алған шығын көлемі 24% құрайды, «ЛУКОЙЛ-Гарант» ЖЗҚ бойынша көрсеткіш 10,8%.

Зейнетақы қорына енгізілген қаражаттарды өндіріп алу қиын: бұл қордың міндеттемелері,  клиенттің қаражаты емес.

Біраз ұзаққа көз жүгіртер болсақ, ЖЗҚ 7-8 жылдан соң шығындарды өтеуі мүмкін. «КапиталЪ» БК бас директоры Вадим Сосковтың есептеуіне сай 2009 жылы инвестицияланған жарналар бойынша жинақталған кіріс көптеген зейнетақылық қаражатты басқарушыларда инфляция деңгейінен жоғары.

ЖЗЖ артықшылығы клиенттің жарна кезеңдерін өз еркінше басқара алатындығында және жарна көлемін еркінше анықтауында, сонымен қатар салықтық жеңілдікке ие болуында. Шарттары өмірді сақтандыру жағдайымен бірдей: 120 мың рубльден аспайтын соманың 13%. ӨИС кезіндегідей, клиенттің ЖЗҚ шоттарына сот шешімдері қолданылмайды. «Зейнетақы қорына енгізілген қаражаттарды өндіріп алу қиын: бұл қордың міндеттемелері,  клиенттің қаражаты емес. Сондай-ақ тағайындалып қойған зейнетақыны да өндіріп алу қиын», — дейді «Сафмар» ЖЗҚ өкілі. Басқаша айтқанда, ӨИС салыстырғанда, сот орындаушылары ЖЗҚ келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін де зейнетақылық ақшаға шектеу сала алмайды. Әрине, егер клиент қордан барлық қаражатын алып, барлық жинақталған соманы банктік шотқа аудармаған болса.

Альберт КОШКАРОВ, Banki.ru

Ақпарат көзі: http://www.banki.ru/news/daytheme/?id=10354211

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Standard Life сақтандыру портфельінің табыстылығы 10,5%-ды құрады
Standard Life сақтандыру портфельінің табыстылығы 10,5%-ды құрады

Standard Life өмірді сақтандыру компаниясының баспа...

Қазақстандық банктердің осы жылы депозит портфельдері қалай өзгерді
Қазақстандық банктердің осы жылы депозит портфельдері қалай өзгерді

Ауыр «коронакризистік» 2020 жыл жалпы елдің эко...

Тинькофф сақтандыру компаниясы ӨСК құрды
Тинькофф сақтандыру компаниясы ӨСК құрды

"Тинькофф сақтандыру" АҚ "Тинькофф болашақты с...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру