bs-preloader__icon
ru kz

Зейнеткерлік Эверестке саяхаттау ретінде

Өмірдің орташа ұзақтығы ұлғайды, зейнеткерлікке шыққан адамдар 30 жылдан артық өмір сүреді. Әдетте өмір соңына қарай зейнеткерлер «ақша-өмір» жарысына қатысады, мұнда қаражат бірінші болып аяқтамауы маңызды, деп жазады Forbes Обычно.
Зейнеткерлік Эверестке саяхаттау ретінде

Бұл жарыс шарттарына: инфляция, қор нарығының жағдайы, ақша алумен байланысты салықтар мен тәуекелдер әсер етеді.

Эверестке жол

Зейнеткерлікке ақшаны жинау Эвересттің шыңына шығумен тең. Тауға шығу кезінде адам тас пен қойтастарды бақылап отыру керек, басқа қауіп суық температура болуы мүмкін. Қаржы тұрғысынан алғанда, бұл қауіптерге нарықтағы құлдырау, қаражатты шұғыл шешіп алу және мерзімінен бұрын шешіп алу үшін айыппұлдар жатады. Бұл тәуекелдер инвестициялардан жоғары табыс есебінен хеджерлеу керек.

Көптеген сарапшылар адам таудан түсіп, сол қауіптерге тап болатынын түсінбейді. Мысалы, тамақ жетпеуі мүмкін немесе құлап бара жатқан қойтастан қашу үшін зейін жетіспеу мүмкін. Қаржы тұрғысынан бұл бұрынғы тәуекелдер: жоғары салықтар, нарықтағы құлдырау және инфляция.

Таудан түсу

Типтік қаржылық жоспарлау көбіне таудың шыңына жетуге назар аударады. Тек жинақтауға бағытталған қаржы жоспарлары төмен жолда сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Егер адамда қаражат бөлу стратегиясы болмаса, ол зейнеткерлік өмірінің алғашқы 10 жылында барлық ақшаны жұмсай алады.

Бұл жағдайда өмірді сақтандыру көмектеседі. Ол ұзақ жылдарға отбасының денсаулығы мен қаржылық жағдайын қорғауға кепілдік береді, сондай-ақ пассивті табыс пен оны инфляциядан қорғауды қамтамасыз етеді.

Адамдардың барлығы емес зейнетке шығу үшін жеткілікті қаражат жинағандықтан, олар өз ақшаларын аннуитеттік шарт шеңберінде отбасының басқа мүшелерімен біріктіре алады. Егер сіз тым ұзақ өмір сүрсеңіз, өмірді сақтандыру компаниялары кепілді кіріс көздерін қамтамасыз ете алады. ӨСК әрдайым өз клиенттеріне стратегияларды ұсынады, бұл оларға егде жастағы тұрақты табыс қамтамасыз етеді.

Дереккөзі: https://www.forbes.com/sites/impactpartners/2019/12/04/how-long-can-you-afford-retirement/#2bfee41a6577

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өсуге деген құштарлық
Өсуге деген құштарлық

ӨСК қыркүйек айында сыйлықақылардың жоғары оң...

Диетологтар денсаулыққа қауіпті жеті өсімдік майын атады
Диетологтар денсаулыққа қауіпті жеті өсімдік майын атады

Мамандар ең уытты өсімдік майы күнбағыс майы б...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру