Қаржы қызметтері нарығы саласындағы мемлекеттік реттеумен айналысатын Ұлттық комиссия деректері бойынша 2017 жылдың тоғыз айы ішінде сақтандыру компаниялары жинаған 2,02 млрд. грн. сақтандыру сыйлықақысын жинаған, бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,7% артық. Гривнаның мұндай динамикасына қарағанда бұл нарықтың долларлық баламадағы көрсеткіштерінің өткен жылдың қорытындысы бойынша өскендігі емес, қысқарғандығы байқалады. Дегенмен, гривнаның позитивті динамикасы үміт күттіреді.
Өмірді сақтандырушылардың ресми статистикаларына сәйкес олардың негізгі клиенттері жеке тұлғалар болып қалуда. Атап айтқанда, 2017 ж. қаңтар–қыркүйек айлары аралығында жеке тұлғалар өмірді сақтандыру шарттары бойынша 1,94 млрд. грн. төлеген, болмаса лайф-сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының барлық көлемінің 96% төлеген. Корпоративтік клиенттерден 84,8 млн. грн. түскен. Бұл ретте айта кету керек, алынған сыйлықақылардың 60,9% жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша түскен. Ал корпоративтік клиенттердің лайф-сақтандыруға араласу аясын кеңейту нарықтың өсуі үшін жағдай жасайтын болады.
Өмірлік жағдайлар
Бүгінгі күні Украинадағы өмірді сақтандыру полистерінің иегерлері ел азаматтарының 4,2 млн. құрайды. 2017 ж. тоғыз айы ішінде сақтандырылған тұлғалардың саны аздап қана артқан, шамамен 3,6% өскен. Бұл орайда реттеуші атап өткендей, өткен жылы өмірді сақтандырушылардың 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сақтандырған клиенттерінің саны 21,4% аз. 2017 жылдың тоғыз айы ішінде өмірді сақтандыру полистеріне 972 мыңнан астам адам ие болды, ал бір жыл бұрын—1,2 млн. болатын. Оның үстіне нарықта клиенттердің қандай да бір себептерге байланысты ұзақ мерзімді сақтандыру бағдарламаларын жалғастырудан бас тартатындықтары байқалады. «2017 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Life» СК өмірді сақтандыру бойынша резервтің өсімінің жалпы 130,7 млн. грн. кемуін бастан кешті, бұл мерзімінен бұрын сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты», —делінген қаржы қызметтерінің Ұлттық комитетінің ресми хабарламасында.
Нарықтағы жағдай сақтандыру төлемдері мөлшерінің клиенттер енгізетін сақтандыру жарналарының сомасына қарағанда жылдам өсуімен шиеленіседі. Сонымен, өткен жылдың тоғыз айы ішінде өмірді сақтандыру компаниялары клиенттерге 413,6 млн. грн. сақтандыру төлемдерін төлеген, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 38,3% артық. Айта кетейік, төлемдердің 92,6% жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берілді.
Осындай жағдайлардың орын алуының себептері көп. Бірінші кезекте халықтың төлем қабілетінің төмендеуі әсер етеді. Бағаның өсуі, валюталық ауытқу, кірістің өспеуі отбасыларды алғашқы қажеттілік болып табылмайтын қызметтерге қаражат жұмсамай, үнемдеуге мәжбүрлейді. Оның үстіне жалпы отандық қаржы секторына деген сенімнің төмендгі де өзінің ықпалын тигізуде. Бұл сенімсіздік банктік сектордағы көптеген банкроттықтың және тәуекелдерді сақтандыру нарығында жиі кездесетін жанжалдардың салдары болып табылады, атап айтқанда, «автоазамат», КАСКО және медициналық сақтандыру салалары. Өкінішке орай, өмірді сақтандырушылар арасында да өздерінің қызметтерін адал атқармау мысалдары бар. Мысалы, «Экко», «Жизнь» украиналық сақтандыру тобы , «Оранта-Жизнь», «Гарант-Лайф» және «Бас сақтандыру қоры — Жизнь» сияқты өмірді сақтандыру компанияларының қызметтерінің тоқтауына байланысты 22,4 мыңнан астам адам 316 млн грн. зардап шекті.
Көптеген сақтандыру компанияларының банктің банкрот болуы салдарынан зардап шеккендігін ұмытпау керек, себебі клиенттердің қаражаттары банктерде таратылу барысынан кейінгі шоттарда сақталған.
Халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі де жағдайды нашарлатып отыр. Нәтижесінде СК ықтимал клиенттері өз қаражаттарын өмірді сақтандыру өнімдеріне жұмсағылары келмейді, себебі үнемісене бермейді және мәнін түсінбейді.
Құрып кеткен ештеңе жоқ
Реттеушінің топтастырылған деректеріне қарастыратын болсақ, шын мәнінде нарық құлдырап келеді деген қорытындыға келуге болады. Дегенмен сақтандырушылар бір компаниямен екінші компанияны салыстырғанда жағдайдың мүлдем өзгеше болуы мүмкін, жалпы лайф-сақтандыру саласының мүмкіндіктері зор дейді. Бұл елдегі экономикалық жағдайдың тұрақтанғандығын ескеретін болсақ, халықтың табысының біртіндеп артып келе жатқандығын, ал экономиканың баяу да болса ілгері басып келе жатқандығын аңғарамыз. Айта кетейік, өткен жылы Украина сақтандыру федерациясы (УСФ) негізінде тоғыз лайф СК «Жизнь» Жобасы болып бірікті, мақсаттары - Украинадағы ашық және тұрақты өмірді сақтандыру нарығын бірлесіп дамыту. Бұл СК ерекше белгілерінің бірі — қызметтерінің жариялылығы, қызметтері бойынша жұртшылыққа нәтижелік есептер беруге дайындық. Өткен жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жобаның бір қатысушысына сақтандыру нарығында жинақталған сыйлықақының 92% тиесілі болды. Жоба аясына «МетЛайф», «ИНГО Украина Жизнь», «АХА өмірді сақтандыру», «Княжа Лайф Виенна Иншуранс Груп», «ТАС» СК, «АЗМ Украина өмірді сақтандыру», «Граве Украина өмірді сақтандыру», «АСКА-Жизнь» және «Уника Жизнь» сияқты компаниялар бірікті.
Бір қызығы, тұтастай алғанда, бұл компаниялар тобы сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің 29% артқандығын көрсетіп отыр, ал қаржы қызметтерін бақылайтын Ұлттық комитеттің деректері бойынша (барлығы Украинада 34 өмірді сақтандыру компаниясы тіркелген) нарық тек 1,7% өскен. «Жизнь» Жобасының қатысушыларының бағамы бойынша лайф-сақтандыру саласы бойынша сыйлықақылардың жалпы мөлшері 3 млрд грн. құрады. Іс жүзінде нарықтың одан әрі шоғырлана түскендігін айтуға болады, бір ойыншылар белсенді түрде бизнес көлемін арттырумен айналысып жатқан болса, келесі ойыншы бірте-бірте қызметін жиыстыруда.
Кімге дағдарыс кедергі емес
Шынымен де, мойындау керек - нарықта күрделі экономикалық жағдайға қарамастан бизнестерін белсенді дамыту мүмкіндіктерін тауып жатқан компаниялар да бар. Нарықта жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі бойынша көшбасшы «МетЛайф», «Уника Жизнь», «ТАС», «ПЗУ Украина өмірді сақтандыру», «АСКА-Жизнь» сияқты СК болып отыр. Бір қызығы, алғашқы бестік қатарындағы үш ойыншы Украинадағы батыстық қаржы топтарының еншілестері болып келетіндігі. Атап айтқанда, «МетЛайф» СК MetLife (АҚШ) холдингтік корпорациясының бақылауында, ал «Уника Жизнь» СК австриялық Uniqa тобының құрамына кіреді, «ПЗУ Украина өмірді сақтандыру» СК поляктық PZU тобына тиесілі. Сыйлықақы жинақтау бойынша үздік бестікке Сергей Тигипко (СК «ТАС») мен Ринат Ахметовке (СК «АСКА-Жизнь») қарасты компаниялар кіреді.
Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жиналған сақтандыру сыйлықақысының көлемі бойынша үздік нәтижеге жеткен компания - «МетЛайф»: 530,2 млн грн, бұл 2016 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 22,3% артық. Өз кезегінде, «Уника Жизнь» СК сақтандыру сыйлықақылары көлемі бойынша 326,7 млн грн. көрсеткішімен екінші орынға тұрақтаған, көшбасшыны қуып жетуге жақын, өсу қарқыны 70%, бұл үздік көрсеткіш. Сонымен қатар сақтандыру сыйлықақыларының көлемін белсенді түрде артып келе жатқандар қатарында «ТАС» СК мен АХА «Өмірді Сақтандыру» СК бар. «ТАС» тобына кіретін лайф СК қарастырылып отырған кезеңде сыйлықақы көлемін 53,6%, демек 322,2 млн грн. дейін арттырған болса, француз AXA Group бақылауындағы АХА «Өмірді Сақтандыру» СК 51,8%, демек 44,5 млн грн. дейін арттырған. Бірақ кемшіліктерсіз болмады. Австриялық акционерлер қарамағындағы «Княжа Лайф Виенна Иншуранс Груп» СК өткен жылдың тоғыз айы ішінде 42,5 млн грн. сақтандыру сыйлықақыларын жинаған, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,9% кем.
Яғни, бүгінгі таңда өмірді сақтандыру нарығының екі сегменті туралы нақты айтуға болады: сәтті және стагнацияға ұшыраған. Нарықтағы ойыншылар санының кеміп келе жатқандығын да айта кету керек. 2017 жылдың «30» қыркүйегінде мемтізілімде қаржы мекемелері ретінде 34 лайф СК көрсетілген, ал бір жыл бұрын 43 болған. УҚҚ сарапшыларының алаңын тудыратын факт - резерв ретіндегі міндеттемелердің басым бөлігі, демек, 440 млн грн. әлі де болса ашық болып табылмайтын компаниябасқаруында қалып отыр. «Мұндай міндеттемелердің белгілі бөлігінің орындалмай қалу немесе толық орындалмау қауіпі бар», — делінген «Жизнь» Жобасының есебінде. — Төлемге қабілетсіз және 2015-2016 жылдар аралығында нарықтан жоғалып кеткен компаниялар үлесіне 400 млн грн. тиесілі, оның үстіне қаржы қызметтерін бақылаушы Ұлттық Комиссияның мәліметтер жинағында бұл көрсеткіштердің бар немесе жоқ екендігі әзірге түсініксіз». Сондай-ақ, сарапшылар сақтандыру төлемдерінің белгілі бөлігін — 21% немесе 54,6 млн грн. жинаған сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері аз компаниялардың декларациялағандығына алаңдайды, жалпы 50 млн грн. «Бұның Life нарығыдағы жаңа банкроттыққа алып келетін қауіпке айналуы мүмкін», — делінген есепте. Дегенмен, жалпы бұл нарық дағдарыстан өтті және оның алдында жаңа перспективалар ашылуда деп санауға болады. Экономика біртіндеп күш-қуатын жақсаратуда, ел бірте-бірте Еуропаға бет алуда, компаниялар бизнесті жүргізу мен басқарудың еуропалық стандарттарын көбірек қабылдауда, демек, клиенттер білдіретін сенім артатын болады, сол арқылы сақтандыру компанияларының перспективалары артуда. Оның үстіне қартайған шақта аурудан немесе жалғыздықтан қорғайтын өмірді сақтандырудан өзге құралды әлі ешкім ойлап тапқан жоқ.
Әлемдік тәжірибе
Әлемнің дамыған елдерінде өмірді сақтандыру — бірінші кезекте инвестициялық құрал. Ал бізде лайф-сақтандыруды инвестиция деп түсіну қалыптасқан жоқ. Неге? Барлығы қисынды: тұрақсыз экономика үшін барынша көп табыс табуға ұмтылу құбылысы тән, ал тұрақты, дамыған экономикаға аздаған жылдық табысы бар ұзақ мерзімді салымдар тән: 3% — жақсы, 6% — өте жақсы. Сондықтан өмірді сақтандырудың дамыған елдерде сан алуан түрі бар — жинақталған зейнетақы немесе мезгілсіз қайтыс болу қауіпінен сақтанудан бастап украиналықтарға жат болып табылатын сәбилерді «кәмелетке толғанға дейін өмір сүруін» сақтандыруға дейін, мұны еуропалықтар баланың білім алуы үшін қаражат жинау амалы деп санайды.
Еуропа мен АҚШ инвестициялық құрамдаспен бірге өмірді сақтандыру деп аталатын сақтандыру амалы дәстүрлі түрде дамыған (unit-linked сақтандыру) — сақтандыру компаниясы табыстылығын арттыру үшін портфельдің белгілі бөлігін табысының басымдығы ықтимал инвестиция, тәуекелі басым құралдар үшін пайдаланады, бірақ клиенттің барлық қаражатын тәуекелге тікпейді.
Бірақ біздің еліміздегі өмірді сақтандырудың басты ерекшелігі - таралу деігейінің төмендігі. Себептері бірнешеу: сақтандыру мәдениетінің болмауы, гривнаның тұрақсыздығы, инвестициялық тартымдылығы жоқтың қасына жеткен сақтандыру нарығы. Компанияларға сенбеу мәселесі бір бөлек. Клиенттерге ұнамды өнімдер ұсынатын банктердің келісім-шарттарда ұсақтап жазылған жасырын комиссия және ерекше шарттар түріндегі тосын сыйларының жиі кездесетіндігі мәлім, ал сақтандыру компаниялары тіпті мүлдем түсініксіз өнім сатады — «ұстап» көру мүмкін емес, қысқа мерзімді перспективада пайда әкелмейді, ал бағасы аз емес. «Клиент жарна төлеуді тоқтатады — компания алынған сыйлықақыны өзіне қалдырады» қағидаты тұтас Украина бойынша жұмыс жасайды, себебі, әрі қарай міндеттемелерін орындамауына негіз бар. Бұл халық санасындағы «сақтандыру компаниялары - халықты заңды түрдеу қанау амалы» деген тұжырымды орнықтыра түседі.
Бірақ, жоғарыда айтылғандарға қарамастан сақтандыру нарығы Украинада бар. Ел нарығындағы басты қозғаушы күш «банктік сақтандыру» болып отыр - қарыз алушылардың өмірін несиені қолдану мерзіміне сақтау, әдетте, қалдық сомаға сақтандырылады. Нарықтағы едәуір үлес өмірді жеке сақтандыру түріне тиесілі (жинақтаушы, жедел, тәуекелді және аралас). Өмірді корпоративтік сақтандыру туралы да ұмытуға болмайды, бұл орайда ірі компания топ-менеджмент пен құнды қызметкерлер үшін әлеуметтікжиынтыққа сақтандыруды қосады.
Ақпарат көзі: http://www.dsnews.ua/economics/pochemu-ukraintsam-nado-strahovat-mladentsev-na-dozhitie-19032018220000