bs-preloader__icon
ru kz

Ресейліктердің басым көпшілігі сақтандыру шығындарын азайтпады – сұрастыру

Пандемияға қарамастан, Ресейліктердің жартысынан көп бөлігі сақтандыру шығындарын өткен жылмен салыстырғанда азайтпады. Сонымен бірге, 2020 жылдың 9 айында тұтынушылар ұнататын нәрселерді талдау және «АльфаСтрахование» компаниясымен өткізілген халықты сұрастыру нәтижелері көрсеткендей, адамдардың денсаулықты сақтау бағдарламаларына қатысты қызығушылығы айтарлықтай өсті, деп «Коммерсантъ» жазуда.
Ресейліктердің басым көпшілігі сақтандыру шығындарын азайтпады – сұрастыру

Ағымдағы экономикалық және эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, 66% ресейліктердің 2020 жылы сақтандыру өнімдеріне жұмсалатын шығыны бір жыл бұрынғы деңгейде сақталды. Сонымен бірге, 20% тіпті сақтандыру қорғанысына қатысты шығындарды арттыру туралы шешім қабылдады. Және тек 9% үнемдей бастағандарын атап өтті.

Сол уақытта, компанияның сарапшылары атап өткендей клиенттердің шығындарға анағұрлым ұтымды қарауға деген ұмтылысы байқалуда. Сұрастыру қатысушыларының үштен бір бөлігі дерлік полистердің сатып алуын науқандар кезінде жиірек жүзеге асыра, бонустар мен жарнамалық кодтарды қолдана бастады. Осыған қоса, сұрастырылғандардың не бәрі 2% франшизасы бар сақтандыруды сатып алып, үнемдейді.

Биылғы жылы өмір мен денсаулықты қорғайтын сақтандыру өнімдеріне қатысты қызығушылықтың артуы барынша байқалады. Осы сегменттегі ең үлкен қызығушылықты адамдар ҚМС бағдарламаларына, сондай-ақ, жазатайым оқиғалардан және ауыр аурулардан сақтандыруға білдіреді.

Сұраныстың айтарлықтай төмендеуі саяхатшыларыдң сақтандыруында байқалады.

«Дағдарысқа қарамастан, тұтынушылардың басым көпшілігі сақтандыру өнімдеріне қатысты шығындарды қысқартпайды, алайда олардың мүдделері мен уәждемесі өзгеруде. Пандемия денсаулыққа күтім көрсету трендінде жаңа серпін болды. Адамдар өз мүлкін қорғауға ғана емес, бірақ олардағы ең маңызды нәрсе – денсаулыққа қатысты анағұрлым зор жауапкершілікпен қарай бастады. «АльфаСтрахование» ұсынатын сапалы сақтандыру қорғанысымен адамдар өздерін анағұрлым сенімді сезінеді, және сондықтан тіпті дағдарыс шарттарында да сақтандыруда үнемдемейді», – деп «АльфаСтрахование» компаниясының «Медицина» маркетинг департаментінің директоры Алиса Безлюдова айтуда.

Ақпарат көзі: https://www.kommersant.ru/doc/4557816?query=%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D1%85%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5%20%D0%B6%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D0%B8

Ашық ақпарат көздерінен алынған фотосуреттер

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда қайда және қалай демалуға болады
Қазақстанда қайда және қалай демалуға болады

Ресми статистикаға сәйкес, 2023 жылдың I-ші тоқса...

Қандай мамандықтар көз денсаулығына көп зиян келтіреді
Қандай мамандықтар көз денсаулығына көп зиян келтіреді

Көптеген қызмет саласы көру өткірлігіне теріс...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру