Банктік полистер
Ресей банкі өткен жыл бойынша сақтандыру нарығының қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды fingazeta.ru. Одан саланың дамуында негізгі рөлді өмірді сақтандырудың атқарғандығын көруге болады. 12 ай ішінде ол 53,7% артқан, нәтижесінде бұл сегментке түгел сақтандыру нарығының төрттен үш бөлігінен астамы тиесілі болып отыр, ал 2016 жылы оның үлесі болды 20% да аз болған еді. Ал Бүкілресейлік сақтандырушылар одағының (БСО) бағалауы бойынша өсу динамикасы бойынша ең жоғары көрсеткіш өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) көрсетті, ол бойынша жыл қорытындысындағы көрсеткіш 210 млрд. руб.
Өмірді сақтандыру полистерін тарататын негізгі арна - банктер, олар 2017 жылы жалпы сатылымның 88% жүзеге асырған. Бұл олар үшін тамаша табыс - ешқандай тәуекел жоқ және сыйақы жоғары. Нарық қатысушыларының пікірінше, банк комиссиясы 6-11% құрайды. Бұны көптеген банктердің клиенттерге депозит ашу барысында ӨИС полистерін қоса сатып алуды ұсыну айғағы растай алады. Ал мұндай жарналар бойынша мөлшерлемелер стандартты түрмен салыстырғанда 1,5–2 пайыздық тармаққа жоғары.
Бірақ бұл банк осындай полистерді «ашық» түрде сатқанда ғана орын алады. Алайда, нарықта банктің клиентінің ақшасын депозитке салдым деп, ӨИС полисін сатып алған кездері бірнегше рет кездесті. Нәтижесінде ОБ осы нарықты ерекше назарға алды. Жақында «Россия» банкінің Қауымдастығы, ресейлік банктер Қауымдастығы, Бүкілресейлік сақтандырушылар одағы (БСО) және қор нарығы қатысушыларының Ұлттық Қауымдастығы қатыстырылған жиналыс өткізді. «Барлық аспектілерді пысықтау үшін жұмыс тобын құру жоспарланып отыр», – деп хабарлады РФ ОБ.
Сақтандыру банктері
ӨИС полистерін сататын банктерді БСО енуге міндеттеу мүмкіндігі қарастырылуда, содан кейін олар осы өзін өзі реттейтін ұйымның ережелеріне бағынуға мәжбүр болады. РФ ОБ төрағасының бірінші орынбасары журналистерге полистерді сатумен айналысатын делдалдарды сақтандыру компаниялары сияқты өздерінің өнімдері туралы ақпаратты ашық түрде беруге міндеттеу қарастырылуда деп хабарлады.
Бұл нарық қатысушыларына нарықтағы еріктің шектелетіндігін түсіндіреді, салдарынан, банктердің осы өнімдерге деген қызығушылығы азаяды. «Сақтандырушылардың бизнес-үлгілері қирап, өмірді сақтандыру өнімдерінің маржаларының банктік дистрибуция үшін қызықты болмай қалатын күннің ауылы алыс емес, сол кезде бүркеліп жатқан өнімдерді аша бастайды», – деді БСО вице-президенті Максим Данилов.
Сонымен қатар, айта кету керек, банктік нарық бірнеше жыл бойы мемлекеттендіріліп келеді - мемлекеттік банктер барлық сегментте өз беделін нақтылап келеді. Олардың логикалары мен іс-әрекеттері әп-сәттегі конъюнктураға байланысты бола бермейді. «Банктер ӨИС полистерін өте белсенді түрде сатқан, себебі, өздерінің инвестициялық және депозиттік өнімдерін сатуға мүдделі емес, бірақ жақын болашақта банк мүддесінің осылай қалуы екіталай, олар енді депозиттерді неғұрлым белсенді сатуға бет алатын болады», – дейді Ұлттық рейтинг агенттігінің (ҰРА) басқарушы директоры Павел Самиев.
Айтпақшы, өмірді инвестициялық сақтандыруды ұсынатын компаниялардың алғашқы бестігіне назар аударатын болсақ, мемлекеттік банктің екі «еншілесін» аңғарасыз - «ВТБ страхование жизни» және «Сбербанк страхование жизни». Сақтандыру нарығының 70% ие болып табылатын соғысы - ӨИС полистері бойынша алғашқы төлемдердің берілуінің басталғандығын хабарлады.
Сақтандырудың бұл бағыты барынша жас, қолданыстағы полистер бойынша негізгі төлемдер 2018-2019 жылдары берілетін болады, Орталық банк клиенттерден түсетін шағымдар ағынынан сақтанады. Алғашқы статистикаға қарайтын болсақ, мұндай күдіктің тууына негіздің бар екендігін байқаймыз. «Сбербанк страхование жизнидің» Бас директоры Алексей Руденконың айтуы бойынша клиенттердің тек төрттен бірі ғана ӨИС полистеріне қайта ақша салған. Тағы ширек бөлігі қаражаттарын Сбербанктің БК апарған. «Қалған клиенттер ӨИС бойынша депозиттер ашқан немесе ақшаларын ірі сауда жасауға алып кеткен, себебі бастапқыда ӨИС бегілі мерзімге дейін қаражат жинақтауқұралы ретінде таңдаған», – деді ол.
Алданған салымшылар
Басқаша айтқанда, ӨИС бойынша ірі сақтандырушының клиенттерінің төрттен үш бөлігі бұл өнімнен бас тартты. Ресей банкін бұл факт қатты алаңдатып отыр. «Біз нақтылайтын сұрақтар қоятын боламыз, фокус-топ өткізуіміз де мүмкін, өйткені бізге клиенттердің қандай себепке байланысты бас тартқандығын білу маңызды? Ол үлкен табыс күтті ме? Өйткені, бас тартқан клиенттер арасында сақтандыруға мүлде жоламай кеткендер да бар. Біз талдау жасаймыз», – деп статистика жарияланғаннан кейін хабарлады Игорь Жук, ол мамыр айының басына дейін Ресей Банкінің сақтандыру департаментін басқарған. Бірақ полистердің жаңа клиенттерге сатылуы өсіп келеді, бұл ОБ тағы да алаңдатуда, себебі осы сегмент бойынша шот қазірдің өзінде жүздеген миллиард рубль болып отыр. Ал нарықтың әлеуеті орасан зор.
Жағдайды барынша толық меңгеру үшін Ресей Банкі сақтандырушыларға 2016 жыл және 2017 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша ӨИС полистеріне қатысты табыс туралы ақпаратты ашу туралы талап жолдады. Мұндай талапты олар алғаш рет алды, бірақ осы құралдың кірістілігінің сақтандырудың осы сегментінің дамуына кедергі болып отырған басты себеп болып шығуы мүмкін. Егер жаппай төлем беру уақыты басталғанда клиенттер өз салымдарының кірістілігіне көңілдерінің толмайтындығын білдіретін болса, бұл барлық ӨИС нарығына сызат түсіретін болады.
«Персональный советник» компаниясының бас директоры Наталья Смирнова дәл осындай жағдайдың орын алуынан күдіктенеді: «Бес жыл бұрын алынған полистер бізде дағдарыс болған кезге тұспа-тұс келді. Олар алған кіріс бес жыл бұрын клиенттерге таныстырылған кезде көрсетілген мөлшерден айтарлықтай аз. 2014 жылы 18-20% депозиттер пайда болды, ал салыстыра келгенде олар өмірді инвестициялық сақтандыруға қаражат салмағанда сол бес жыл ішінде аталған депозиттерден әлдеқайда көп кіріс алатын едік деген тұжырымға келеді».
Алданып қалған клиенттердің жаңа легінің пайда болуы ОБ жоспарында жоқ. Ол БСО ӨИС нарығындағы стандарттарды вдереу арада қабылдау керектігін түсіндірді. «Біз бұл трендтің алымдардың артуымен қатар сапа стандарттарымен де бекінгендігін қалаймыз. Бұл кәсіби қауымдастық алдында тұрған мәселе, ал сүйемелдеуші Ресей Банкі болады. Өмірді сақтандыру өнімдерін тұтынушылардың өздеріне ненің ұсынылатындығын, шарт жасау, қайта жасау талаптарының қандай екендігін жетік түсінгендігін қалаймыз», – деп түсіндірді ОБ сақтандыру қызметін бақылау департаменті.
БСО комитеті басшысының айтуы бойынша ең алдымен назар өнім шарттарының ашықтығына аударылатын болады. Сақтандырушыларды агенттік сату арналарын бақылауға міндеттеу жоспарлануда, себебі делдалдардың клиенттерге барлық ақпаратты дұрыс жеткізулері керек. БСО жазға дейін тиісті стандарттар қабылдауға уәде беріп отыр.
Андрей Макеев, «Альянс Өмір» СК серіктестік сатылымдарды дамыту жөніндегі директоры:
- Бүгін біз өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) бойынша ресей нарығының қарыштап өсіп келе жатқандығын байқап отырмыз. ӨИС полистерін банктер мөлшерлемелері төмендетілген депозитке балама ретінде сатуда, ал бұл нарық қаржы секторындағы ең жылдам өсіп келе жатқан нарық болып саналады. Алайда, сақтандыру нарығының осы сегментінің жедел өсуі соңғы жылдағы жетістіктердің барлығын жоққа шығаруы мүмкін.
Банктер өмірді инвестициялық сақтандыру полистерін сатқандықтары үшін елеулі сыйақы алады, оны бесленді түрде сатуға тырысатындықтары қисынды. Бұл көптеген жағдайда мисселингке (misselling) ұшыратады, салдарынан клиент тарапынан жағымсыздыққа ие болады: «Маған депозит бойынша кірістен артық табыс аласыз деп уәде еткен, ал 3-5 жылдан кейін мен оны алған жоқпын, өйткені нарық құлдырап қалды. Менің ақшам жай ғана жатты».
Әдетте, сапасыз сату клиенттердің көпшілігінің банктен шыққанда кепілдендірілген мөлшерлемесі бар бес жылдық депозитке ұқсас өнім сатып алғандығына сенімді болып, қуанып қайтатындықтарына байланысты. Шындығында – бұл жерде полистік жарамдылық уақыты аяқталған соң олар өздері күткеннен әлдеқайда аз пайда алатындығы мәлім. Оның нөлге тең болуы мүмкін немесе инфляцияны аздап айналып өтуі ықтимал, бірақ ешқашан банктік депозит бойынша мөлшерлемеден артық болмайды.
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі аралықта банктердің арқасында Ресейдегі өмірді инвестициялық сақтандыруға қол жетімділік біршама жақсарды. ӨИС бағдарламаларының чектерінің ең аз мөлшері 300 мыңнан 50-100 мың. руб. дейін төмендеді, бұл банктерге инвестициялық өнім туралы хабары аз тұлғаларды жаппай қамту мүмкіндігін туғызды. Осының барлығы нарықтың жалпы мәртебесіне және сақтандыру компанияларының клиенттік портфельдерінің сапасына нұқсан келтірді. Ресей Банкінің ағымдағы жағдайда өмірді инвестициялық сақтандыруға көңілдері қалған клиенттердің шағымдарының ағымына дайындалып отырғандығы таң қалатын жағдай емес, аталған сегментті қатаң реттеуге алуды талқылауда.
Саланың дамуына ықпал ететін факторлардың бірі клиенттің өнім математикасын жақсы түсінуі үшін сақтандырушы компаниялар мен банктер арасындағы комиссия мөлшерін жария ету болмақ. Мұндай тәсіл Еуропада бар және іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Атап айтқанда, еуропалық нарықта MiFid2 директивасы бар, оның басты міндеті – ЕО заңнамасын ескере отырып нарықтың тиімділігін арттыру және инвесторлардың құқықтарын қорғау.
Осы директиваға сай өз клиенттеріне қызмет көрсететін мекемелер сауда шарттары бойынша толық ақпарат беруге міндетті. Осыған сәйкес, комиссияны банк те, серіктес те, клиент те көріп отырады. Өйткені, банк үшін кез келген жоғары комиссия – бұл клиенттің әлеуетінің төмендеуі. Оның үстіне бұл капитал қайтарымының 100% кепілдігі емес, өйткені, қаражаттың сапалық рейтингі жақсы емес кепілді кірісі бар құралдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайлар қазірдің өзінде нарықта кездеседі.
Александр Основин
Ақпарат көзі: http://fingazeta.ru/markets/ukroschenie-dikogo-polisa-206481/
Фото FB.ru сайтынан