bs-preloader__icon
ru kz

Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) жөнінде сұрақтар

Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) жөнінде сұрақтар
Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) жөнінде сұрақтар

Сақтандыру келісім шартын жасау алдында медециналық зерттеуден өту қажет пе?

Келісім шартсақтандырушылардың алдын ала диагностикалық-профилактикалық  зерттеусіз жасалады.

Медициналық пластикалық карточкасын жоғалтып алған жағдайда не істеу керек?

Медициналық пластикалық карточканы жоғалтқан/жойылған жағдайда бұл туралы Сақтандырушыны кез-келген тәсілмен бірден хабарлау керек, бірақ  1 жұмыс күнінен кешіктірмеу керек немесе жоғалған/жойылған күннен бастап 5 күн ішінде Сақтандырушыға Сақтандырылушының түсініктемесін (жоғалу/жойылу күні мен жағдайын көрсетіп), сонымен қатар мүмкіндігінше карточка қалдықтарын көрсету керек. Жоғалған/жойылған карточканың орнына жаңа крточка алу үшін сақтандырушыға оны дайындау құнын банк шотына аудару немесе оның құнын Сақтандырушы кассасына өткізу арқылы өтеу керек.

 Жедел жәрдемді немесе отбасылық дәрігерді үйге қалай шақыруға болады?  

Отбасылық дәрігерді немесе жедел жәрдемді ЕМС полисі бойынша үйге шақыру тәулік бойы  жұмыс істейтін медициналық ассистанстың диспетчерлік қызметі арқылы жүзеге асырылады. Тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметтің телефон нөмірлері медициналық пластикалық карточкада көрсетіледі.

Қызметкердің жұмыстан босатылу кезінде не істеу керек? 

Сақтандырушы қызметкерінің жұмыстан босатылған жағдайында немесе оны сақтандырылғандар тізімінен шығарып тастағанда сақтандырушыға міндетті түрде одан  оған және отбасы мүшелеріне берілген медициналық пластикалық карточкаларды  міндетті түрде, бірақ жұмыстан босаған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей  алып алу керек. Сақтандырылғандар тізімінен шығарылған тұлға медициналық пластикалық карточканы қайтармауы жағдайында, осы сақтандырылушыға арналған сақтандыру сыйақысы қайтарылмайды. Егер, сақтандырылғандар тізімінен  шығарылатын сақтанушы сақтандырушы тізіміндегі ұсынылатын дәрігерлердің және/немесе медициналық мекемелердің медициналық қызметтерін қолданбаған жағдайында   сақтандырылушыға берілетін сақтандыру сомасы  өзгермейді. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Филиппинде бір жынысты серіктестерге сақтанушы болуға рұқсат етілді
Филиппинде бір жынысты серіктестерге сақтанушы болуға рұқсат етілді

Филиппиннің сақтандыру комиссиясы бір жыныст...

Қазақстанда және әлемде спорттық сақтандыру нарығы қалай дамып жатыр
Қазақстанда және әлемде спорттық сақтандыру нарығы қалай дамып жатыр

Freedom Life ӨСК мамандары зерттеу жүргізіп, спортп...

Өмірді сақтандырудың бір полисінен артық рәсімдеуге бола ма
Өмірді сақтандырудың бір полисінен артық рәсімдеуге бола ма

Оның көмегімен қарттыққа жинауға, мұраны тапс...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру