Қарапайым азаматтардың әрқайсысы бүгінгі күні отандық сақтандыру нарығы туралы не біледі? Ол- бар, ол – жас және оның негізінде жұмыс істейтін компаниялар өз клиенттеріне бір нәрсені ұсынады. Өкінішке орай, сақтандыру туралы танымдар аяқталады. Ал біз өзіміз сатып алатын автокөлікті сіндетті сақтандыру шартынан және отандың және заңды қадағалайтын жұмыс берушілер сатып алатын полистерден басқа, отандық сақтандыру нарығы нені ұсына алады?
Өмірді сақтандыру келісім шарттарын тек тиісті лицензиясы бар сақтандыру компаниялары жасай алады. Бұндай компаниялар Қазақстанда жетеу, олардың қаржылық іс-әрекеті ҚР Ұлттық банкінің қатаң бақылауында орналасқан.
Өмірді сақтандырудың негізгі ерекшелігі дүние жүзінің кез-келген жерінде 24 сағат бойы сақтандырып қорғау болып табылады. Ал егер, сіз өмірді жинақтаушы сақтандыру полисін сатып алсаңыз, сіз сіздің өміріңіздегі күтпеген оқиғаға ақша жинаудың қосымша мүмкіндігін аласыз. Келісім шартты 7 жылдан және одан жоғары мерзімге жасауға болады. Полиске қоса сіз төмендегілерге алып келген, жазатайым оқиғадан қосымша опцияларды ала аласыз:
• жазатайым оқиға нәтижесінде дүниеден кету, ол 100 % сақтандыру сомасы мөлшерінде қосымша сақтандыру төлемін жүргізуді қарастырады;
• уақытша еңбек қабілеттілігінен айырылу;
• ауруханаға жатқызу;
• мүгедектік;
• жарақат алу;
• қосымша Сақтандырылғандардың жарақат алуы.
Бұл жағымсыз жағдайлардан қаржылық зиян өтелетін болады.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдері сақтандыру жағдайының басталуы кезінде ақша төлемдерін алуға кепілдік берумен қатар, өтеудің өсімін қамтамасыз етеді.
Неге өмірді жинақтаушы сақтандыруды қаржылық құрал ретінде қолдануға болады?
Негізгі қорғау түрі екі сақтандыру оқиғасының басталуын өтейді: сақтандырылған адамның сақтандыру мерзімі аяғына дейін өмір сүруі және сақтандырылған адамның сақтандыру қорғауының әрекеті кезеңінде дүниеден кетуі. Ал егер клиент жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алса немесе ауруханаға түссе, оның келісім шартында қосымша опциялар болса, ол өз денсаулығын қалпына келтіргенге дейін уақытқа компаниядан қаржылық көмек ала алады. Сақтандыру мензімі аяқталғанда сақтанушы келісім шартта көрсетілген жинақталған соманны , оған қоса компания пайдасына қатысқаны есебінен жинақталған дифиденттерді сақтандырудың үшінші жылынан бастап алады. Бұл жағдайда алынған жарақаттар мен ауруханаға түсу бойынша төленген төлемдер қорытынды соманы азайтпайды.
Сақтанған адам жазатайым оқиға немесе ауру нәтижесінде сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін қайтыс болса, онда мұрагерге қосымша инвестициялық табыспен сақтандыру сомасы, ол төлем жүргізу сәтіне қалыптасқан шартында төленеді.
Осылайша, сақтандыру төлемі кез-келген жағдайда жүргізіледі.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру – бұл бір мезгілде өмірді сақтандыру мен капиталды жинақтау мүмкіндігін үйлестіретін қаржылық құрал.
Өмірді жинақтаушы сақтандырудың басқа қаржылық құралдар алдындағы айырмашылығы неде?
Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) жинақтау уақытында сақтандыру қорғауды қамтамасыз етеді, оны басқа қаржылық құралдардың бірі де ұсына алмайды.
ӨЖС бағдарламалары сонымен қатар келісім шартты жасау кезінде келісілгеннен басқа үлкен табыс, яғни кепілді инвестициялық табыс алуға мүмкіндік береді. Қаржылық жыл қорытындылары бойынша компания пайдаа алу кезінде бір бөлігін өмірді жинақтаушы сақтандыру келісім шарты бар клиенттері арасында бөледі. Осыда оның банк салымынан айырмашылығы болып табылады, онда пайыздық табыс ешқандай жағдайда арттырылмайды. ӨЖС тағы да бір маңызды артықшылығы арзан несиелер болып табылады. Өз полисін кепілдікке салып, клиент компаниядан қарыз ала алады.
Осылайша, ӨЖС бағдарламалары сақтандыру және кәдімгі инвестициялық өнімдер артықшылықтарынан тұрады.
Бүгінгі күні орташа статистикалық жұмыс істеуге қабілетті қазақстандық айына бірнеше рет киноға бара алады, күніне 500-2000 теңгеге заттар сатып ала алады. Егер бұндай шығындарды жылына қосындысын шығарсақ, онда қандай күрделі соманы ол өз табысынан лақтыратынын көруге болады. Оны 15 жыл сақтандыруға көбейтеміз. Ал бұл бәздәі әрқайсысымыз үнемдеп, өз болашағымызға немесе балаларымыздың болашаңына сала алатын қаражат. Уақыт өте тез өтеді, 30, 40 және 50 жата біз ешнәрседен бас тартпай өмір сүргіміз келеді. Және қазір осыған күннен күнге жету мүмкіндігі бар.