1990-шы жылдарда өз қазына-мүлкін жасаған ресейлік миллиардердердің алғашқы буыны өз активтерін мұрагерлеріне табыстау туралы ойластыратын жасқа шетіп қалды. «Ресейдің 200 ең бай бизнесмені» Forbes рейтингісіне қатысушылардың орташа жасы қазіргі кезде шамамен 53 жасқа толды, олардың ішінде 60-тан асқандардың саны 45, 70-жастан асқан бес миллиардер бар.
Дәулетті ресейліктер өз активтерінің басым бөлігін шетелде сақтайды. АҚШ Ұлттық экономикалық зерттеулердің бюросының (NBER) мәліметтері бойынша ресейлік кәсіпкерлер «салық айлағында» банктік және брокерлік шоттарында шамамен Ресейдің жылдық ЖІӨ жартысына ($590 млрд) тең келетін сомаға баламалы қаржысын сақтайды.
QBF инвестициялық-банктік департаментінің директоры Дмитрий Киптің бағалауы бойынша үлкен чегы бар орташа кертартпа инвесторда шетелдік портфельде сәйкестілік төмендегідей: капиталдың 50% – жылжымайтын мүлік, 20% — депозиттер, 15% — брокерлік шотта немесе сенімді басқаруда бағалы қағаздар, 5% — бизнес (әдетте компаниядағы үлес), 5% — қалғаны (қорлар, трасттар, жеке заемдар, яхталар, ұшақтар, өнер заттары, автомобильдер, банктік ұяшықтарда жататын зергерлік бұйымдар және металлдар және т.б.).
Алайда шетелдік активтерді мұрагерлікке табыстау процедурасы көптеген қиындықтар мен заң өзгешеліктерімен ұштасады. Әр түрлі елде – мұрагерлік құқығына ие болудың түрлі мерзімі болады, талап етілмеген активтер көбіне мемлекеттің иелігіне жатқызылады. Бұл орайда нотариалды түрде «тіркелмеген» қаражатты мұрагерлер банктік құпиялылығымен, клиенттердің шоттары туралы ақпаратпен бөліспеумен, сонымен қатар нақты елдер арасындағы құқықтық көмек көрсету шарттарының жоқтығымен байланысты кедергілерге тап бола отырып, түйір-түйірмен жинауға тура келеді.
Forbes-қа мұрагерлік құқығы бойынша маманданатын заңгерлер жылжымалы мүлікке қатысты (компанияда акциялары мен үлестері, банктік шоттар, өнер заттары және т.б.) түсініктеме берді: егер мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жері Ресей болса, онда мүлікті ресімдеу орнына қарамастан ресейлік нотариуске жүгініп, шетелде әрекет ету үшін мұрагерлікке құқығы туралы куәлігін алып, сол куәлікпен бірге активтер орналасқан елге бару қажет. Осылайша, егер жылжымайтын мүлік орналасқан елдің заңы бойынша мұраға берілетін болса, онда тұрақты түрде Ресейде тұратын мұра қалдырушының жылжымалы мүлкін мұрагерлікке алу үрдісі ресейлік ережелерге сәйкес жүргізіледі.
Осыған сәйкес шетелде шоттар мен бағалы қағаздарды мұралану Ресейдегі мұралану туралы куәлікті күтудің бекітулі шеңберге түсіп қалады. Сонымен қатар, нотариусқа куәлікті беру үшін шетелдік шоттардың болуын растайтын құжаттар қажет болады. Нақты банктің ішкі талаптарына байланысты шот бойынша үзінді алу және өзге де растау құжаттарын алу мекемелер банктік құпиялылығымен байланысты болғандықтан біраз уақыт пен күшті қажет етеді.
Бұл жағдайда балама ретінде өмірді үлестік сақтандыру полистерін (unit linked) атап көрсетуге болады. «Полис ретіндегі актив және ол арқылы сатып алынған активтер сақтандырылған тұлғаның өлімінен кейін, полис бойынша мұрагерлер ұсынған өзі және өлім фактісі туралы құжаттарды тексергеннен кейін бірден, алты айдан да ерте мұраға ие болады», – деп «Эмкварта. Жеке кеңесшісі» компаниясының бас директоры Наталья Смирнова түсіндіреді.
Forbes сауал өткізген сарапшылар бұл жағдайда көптеген өсиеттер бір-біріне талспайды деп сендіреді. Алайда соңғы өсиетнамада бір ғана сөзбен алдынғы өсиеттердің қолданысын жоққа шығаруға болатындығын түсіну қажет, деп Екатерина Маркова ескертеді.
Толық нұсқасы мына сілтеме бойынша: http://www.forbes.ru/finansy-i-investicii/361227-zaveshchaniya-na-milliard-kak-peredat-inostrannye-aktivy-rossiyskim
Фотосуреттер indianmoney.com, dovira-uae.com сайттарынан алынды