РФ-да банк салымдарына баламалы жинақтар құралдарының танымалдылығының өсуіне тренд анық бар, ал депозиттер жүйесі инфляция және төмен пайыздық мөлшерлемелер үшін проблемаларды сезінуде, дейді РБК сауалнамаға жауап берушілері + сарапшылар. АКРА рейтингілік агенттіктің сәуір айына есебінде 2020 жылы ресейлік банктердің жартысына жуығы ресурстық базаның осы санатын тартудың көлемінің төмендеуін тіркегені хабарланады. Сондай-ақ, онда ағымдағы жылда үдеріс жалғасуы мүмкін екені айтылады, ал «инфляцияның үдей түсуі депозиттердің нақты кірістілігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін».
Ұзақ мерзімді жинақтарға қызығушылықты ынталандыру халықтың қаржы сауаттылығының деңгейін жоғарылату және адамдардан арнайы білімді және уақыт шығындарын талап етпейтін, дайын өнімдер мен шешімдерді танымал етудің көмегімен мүмкін. Атап айтқанда, әңгіме дербес жарналардың және инвестициялық кіріс есебінен қалаулы мөлшерде зейнетақы қалыптастыруға мүмкіндік беретін, жеке зейнетақы жоспарлары (ЖЗЖ) туралы.
Өмірді инвестициялық (ӨИС) және жинақтаушы (ӨЖС) сақтандыру секілді ұзақ мерзімді жинақ құралдарының мүмкіншілігі терең ашылмаған. Дегенмен, статистиканың көрсетуінше ӨЖС сегменті әжептәуір серпінді түрде өсіп келеді. Ресей Банкінің деректері бойынша, 2020 жылы ӨЖС бойынша жарналар көлемі алдыңғы жылға қарағанда – 136,9 млрд рубльге дейін 25%-ға ұлғайды. «Капитал Лайф Страхование жизни-дің» бас директоры Евгений Гуревичтің ақпараты бойынша, он жылда сегмент он есеге өскен және қазір 30% үлеспен өмірді сақтандыру нарығының қозғаушы күші болып табылады. ӨИС сегментінде өткен жылы жарналардың көлемі керісінше 182,9 млрд рубльге дейін, 7,4%-ға қысқарған. Өткен жылы бүткіл сақтандыру нарығының (сыйлықақылардың) көлемі 1,5 млн рубльден асқанына және 4,1%-ға өскеніне қарамастан, ол әзірге банктік депозиттер нарығына қарағанда біршама аз.
Сарапшылар ұзақ мерзімді құралдардың дамуына кедергілердің арасынан басқаларынан бөлек, заңнамадағы шектеулерді айтады.
Дереккөзі: https://plus.rbc.ru/news/60846e3c7a8aa9f1d906ae99
Сурет ашық дереккөздерден