bs-preloader__icon
ru kz

Оңтүстік Кореялық жеміс ұзақ өмір сүрудің мықты құралы болып шықты

Оңтүстік Кореядағы ең танымал жемістердің бірінде жоғары тағамдық құндылығы бар, бірақ бұл ретте төмен калориялы. Алақан шамасындағы бұл ғажап кішкентай жемістер ағзаны қауіпті аурулардан қорғау үшін мықты құрал болып шықты, - деп жазады «Профиль» порталы.
Оңтүстік Кореялық жеміс ұзақ өмір сүрудің мықты құралы болып шықты

Әңгіме корей қауыны туралы болып отыр, ол сүйектердің саулығы үшін қажетті К дәруменінің және кальцийдің өте жақсы көзі болып табылады. Бұдан басқа, жемісті тұтыну жүрек қан тамырлары аурулары туындауының негізгі себепшісі болып саналатын, күретамырлық қысымды және холестеринді қадағалауға көмектеседі.

Зерттеушілерге сәйкес, барлық мәселе жемістің құрамындағы калийде. Бұл зат қандағы артық тұзды шығару арқылы гипертониямен күресетіні белгілі. Одан басқа, ол қан тамырларындағы қысымды төмендетеді және бұл жүрекке қан ағыс пен жүктемені жақсартады.

Корей қауыны сондай-ақ А, Е және С дәруменінің жақсы көзі болып табылады. Осының арқасында ол қатерлі ісікке қарсы қасиеттерге ие. Атап айтқанда, ол кеуде және ішек қатерлі ісігінен қорғайтыны белгілі болды. Ғалымдардың түсінік беруі бойынша, С дәрумені ағзаның нәтижесінде қатерлі болып шығатын қажетсіз жасушаларынан айырылуға иммундық жүйенің қабілетін күшейтеді, ал А және Е дәрумендері бета-каротинмен, С дәруменімен және фолий қышқылымен бірге жұмыс істеп, қышқылдандыратын күйзелісті болдырмайды.

Бұдан басқа, қауын еритін және ерімейтін тағамдық талшықтарға өте бай. Жасұнық асқазан мен ішек қызметін жақсартып, ас қорыту үдерісіне көмектесетіні құпия емес.

Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/yuzhnokorejskij-frukt-okazalsya-moshhnym-sredstvom-dlya-dolgoletiya-578387/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
S&P: ӨСК-нің беделі артуда
S&P: ӨСК-нің беделі артуда

Осы жылы өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ...

«Қатерлі ісікке қарсы» бес өнім аталды
«Қатерлі ісікке қарсы» бес өнім аталды

Тамаққа кейбір азық-түліктерді қосу онкология...

ӨСК жоғары жетістіктерге қол жеткізді
ӨСК жоғары жетістіктерге қол жеткізді

Компаниялар 2020 жылғы сәуір айында оң нәтижеле...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру