bs-preloader__icon
ru kz en

Ұлттық Банк зейнетақы аннуитеттері бойынша кепілдікті енгізуді ұсынады

Ерікті сақтандыру өнімдері үшін кепілдіктер қаншалықты қажет? БЖЗҚ деректері бойынша 2700 астам қазақстандықтар өз қорланымын БЖЗҚ-дан сақтандыру компанияларына ауыстырған. Қажетті соманы жинаған және қажетті жасқа жеткен зейнеткерлік жас алдыңғы салымшылар қазірден бастап «өмір бойғы зейнетақыны» алу үшін БЖЗҚ-дан 26,7 млрд теңгені аударды, деп хабарлайды enpi.kz.
Ұлттық Банк зейнетақы аннуитеттері бойынша кепілдікті енгізуді ұсынады

Зейнетақы аннуитеті — бұл азаматтардың зейнетақы қорларын алып тұрып, ай сайынғы соманы, «өмір бойғы зейнетақы» деп атауға болатын соманы төлеуді бастайтын қаржы өнімі. Ол салымшының өліміне дейін төленеді.

«Казинформ» МИА хабарламасы бойынша ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы және сатандыру аннуитеттері бойынша төлемді кепілдендіруді ұсынады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы мен Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің бірлескен мәжілісінде ҚР Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары Жанат Құрманов мәлімдеді.

Аталған шара реттеуші өкілінің пікірінше, халықаралық тәжірибені ескере отырып, ендірілуі мүмкін. Қосымша кепілдіктер заң жобасында қарастырылған.

«Жинақтаушы зейнетақы бойынша бізде инфляция деңгейінде сақталуы бойынша мемлекеттің кепілдігі бар, банктерде депозиттер бойынша кепілдендіру жүйесі бар – Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры. Алайда зейнетақы аннуитеттері иен қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша аннуитеттерге қатысты кепілдіктер жоқ. Толық кепілдікті, әрине, қамтамасыз ету мүмкін емес. Яғни сақтандыру компаниясына біз қоятын талаптарды ауыстыру мүмкін емес. Алайда сақтандыру портфелін бір сақтандыру компаниясынан екіншісіне тапсыру кезінде, адам қорғалмаған жағдайлар туындайды екен», – деді Құрманов.

Кепілдіктердің агенті Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры бола алады.

Сақтандыру нарығының әр түрлі ойыншыларында өмірді сақтандыру нарығында тағы бір кепілдік тетігін ендіру қажеттілігі бойынша түрлі пікірі бар.

Сақтандырушыларда бұл мәселеге қатысты бірнеше көзқарасы бар .

Біріншісі — иә, компания банкроттыққа ұшыраған жағдайда зейнетақы аннуитеттері кепілдендірілуі тиіс.

ҚАЛАЙША?

Мемлекеттік тетік арқылы, — сақтандыру төлемдерді кепілдендірудің жалпы қоры арқылы немесе өмірді сақтандыру компаниялары үшін жеке кепілдендіру қорын құру.

Ұлттық Банк кепілдендіруді бір қорда біріктіруді, бірақ бөлек есепке алуды ұсынады.

Кейбір өмірді сақтандыру компаниялары зейнетақы аннуитеттері – бұл сақтандырудың ерікті түрі деп есептейді, адамның өзі қорланымын жеке сақтандыру компаниясына аудару туралы шешім қабылдайды, әрине, ерікті түр ретінде, зейнетақы аннуитеттері кепілдендірілмеуі тиіс.

Әйтпесе, риторикалық сұрақ туындайды – ерікті сақтандыру бойынша барлық шарттарды мемлекет немесе қор кепілдендіру қажет пе.

Дереккөзі: https://enpi.kz/novosti/garantiyu-po-pensionnyim-annuitetam-predlagaet-vvesti-natsbank

Фотосурет http://nenovost.com сайтынан алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру саласындағы ЖИ
Өмірді сақтандыру саласындағы ЖИ

Соңғы болжамдарға сәйкес, 2024 жылға қарай сақта...

БЖЗҚ-дан ақша аудару оңайырақ болады
БЖЗҚ-дан ақша аудару оңайырақ болады

Бірінші қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан өмірді сақт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру