bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру ілгері басып келеді

2021 жылғы қыркүйектің басына өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылар 110 млрд теңгеден асып түсті.
Өмірді сақтандыру ілгері басып келеді

2021 жылдың сегіз айында жиналған ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақылары жылдық көріністе 245,5 млрд теңгеге дейін 79,8%-ға өсті. 82,6 млрд теңгеге сыйлықақылардың ең үлкен портфелі «Halyk life» ӨСК-ге тиесілі. Өмірді сақтандыру нарығында компанияның үлесі 33,6%-ға дейін ұлғайды. Активтер (220 млрд теңге), сақтандыру резервтері (167,9 млрд теңге) және үлестірілмеген пайда (9,6 млрд теңге) бойынша өмірді сақтандыру компаниялары арасында көшбасшы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Сақтандыру резервтерінің көлемі бойынша ол бүткіл ҚР сақтандыру нарығында көш бастап келеді. Өмірді сақтандыру саласында «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі 29,5%-ға дейін ұлғайды. «Nomad Life» ӨСК Unit-linked өмірді инвестициялық сақтандыру өнімін ұсынатын өмірді сақтандыру компаниялары арасында жалғызы болып табылады, компанияның портфелі 2021 жылдың тамыз айының қорытындылары бойынша 24,7 млрд теңгені құрады. Ақпарат нақтылауды талап етеді, себебі ҚР ҰБ сайтында портфельдің деректері анықтамалық түрде көрсетілген және компанияның жиындарының жалпы сомасына кірмеген, шамамен жинақтар өнімді іске қосудың басынан қосынды түрде көрсетілген.

2021 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша «Өмірді сақтандыру» сегменті сақтандырудың барынша өсуші сыныбы мәртебесін қайтарды және өмірді сақтандырудың ең көлемді сыныбы болды. «Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылардың жылдық өсімі 111%-ды құрады, абсолюттік көріністе сыйлықақылар 110,8 млрд теңгеге жетті. Сегмент нарықтық үлесті ұлғайтқан көшбасшылар сыйлықақыларының мықты динамикасы, сондай-ақ 284,8%-ға (жылдан жылға) сыйлықақылардың ең үлкен динамикасын көрсеткен «Standard Life» ӨСК портфелінің өсімі есебінен өсті. 127,8%-ға (жылдан жылға) сыйлықақылардың динамикасы бойынша екінші позицияда «Nomad Life» ӨСК тұр. Үшінші позицияда - 119,9%-ға (жылдан жылға) сыйлықақылардың жинағын ұлғайтқан «Halyk life» ӨСК.

«Halyk life» ӨСК 49,3 млрд теңге жинап және осы сегменттің 44,5%-ын ала отырып, «Өмірді сақтандыру» сегментінің көшбасшысы болып қалады. Портфель көлемі бойынша екінші жолда «Nomad Life» ӨСК тұр, ол 35,8 млрд теңге жинады және нарықтық үлесін 32,4%-ға дейін ұлғайтты.

«Еуропалық сақтандыру компания» ӨСК (ЕСК) өмірді сақтандыру бойынша үшінші ең ірі сақтандырушы болып қалады. 2021 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша ӨСК портфельді 17,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтты және сегментте 15,7%-ды алады.

Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақылары 2021 жылғы тамызда өсім қарқынын шілдедегі 122,5%-ға қарсы 96,4%-ға дейін (2020 жылдың осы кезеңдеріне) бәсеңдетті. Жылдық көріністе зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақылар шілдедегі 129,8%-ға қарсы (жылдан жылға) өсімнің үш таңбалы динамикасын сақтады (101,9%). Аннуитеттік сақтандыру және оған кіретін зейнетақы аннуитеттері бұл сегментте жұмыс істейтін барлық ӨСК жинақтарының оң динамикасы есебінен өсті. Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақылары ақшалай көріністе 92,9 млрд теңгені, зейнетақы аннуитеттері бойынша – 88,3 млрд теңгені құрады.

Аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегменттерінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК қалады. 2021 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК портфель көлемі 29,3 млрд теңгеге дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 28,5 млрд теңгеге дейін өсті. «Nomad Life» ӨСК тамыздың қорытындысы бойынша аннуитеттер сегментінде 31,6%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 32,3%-ды алады.

Аннуитеттік портфель көлемі бойынша екінші орынды «Halyk life» ӨСК алады. Ол аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 25,2 млрд теңгесін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 23,6 млрд теңгені жинады. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде ӨСК үлесі 27,2%-ды, зейнетақы аннуитеттері сегментінде 26,7%-ды құрады.

Үшінші орында «Евразия» ӨСК тұр. Ол 12,3 млрд теңге, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 12,2 млрд теңге жинады. 2021 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша «Евразия» ӨСК «Аннуитеттік сақтандыру» сыныбында 13,3%, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 13,8% үлесті алады.

«Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша жылдық көріністе шілдедегі 31,5%-ға (жылдан жылға) қарсы 23,4%-ға дейін, 3,2 млрд теңгеден асып түсіп сыйлықақылардың динамикасын төмендетті. ЖЖА сегментінің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК қалады, оның сыйлықақылары 1,1 млрд теңгені құрады. Дегенмен, ЖЖА бойынша «Halyk life» ӨСК-нің нарықтық үлесі басқа компаниялардың өсуші жинақтары есебінен қысқаруды жалғастырып жатыр. Тамызда ЖЖА бойынша «Halyk life» ӨСК-нің үлесі 2021 жылғы шілдедегі 36,9%-ға және маусымдағы 37,3%-ға қарсы 35,6%-ға дейін түсті.

Екінші орында «Nomad Life» ӨСК. ЖЖА сегментінде оның сыйлықақылар портфелі 742,6 млн теңгеге дейін өсті, нарықтық үлесі шілдедегі 21,8%-ға және маусымдағы 20,7%-ға қарсы 23,2%-ға дейін ұлғайды. Үшінші орынға «KM Life» ӨСК орнықты. Ол сыйлықақылардың 421,9 млн теңгесін жинады, бірақ нарықтық үлесін шілдедегі 13,8%-ға қарсы 13,2%-ға дейін қысқартты. 2021 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша сегмент көшбасшыларының үлесі шілдедегі 72,5%-ға және маусымдағы 72,6%-ға қарсы 71,9%-ға дейін қысқаруды жалғастырды.

«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті тамызда жылдық динамиканы шілдедегі 56,6%-ға қарсы 45,3%-ға дейін бәсеңдетті. ӨСК сыйлықақыларының жиынтық портфелі ақшалай көріністе 1,4 млрд теңгеден асып түсті.

Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып қалады. Тамызда ол шілдедегі 56,1%-ға қарсы 54,3%-ға дейін сегментте нарықтық үлесін қысқартып, 775,6 млн теңге жинады. 550 млн теңге сыйлықақылардың жинағы бойынша екінші нәтижені «Halyk life» ӨСК көрсетті, ол сегментте нарықтық үлесін шілдедегі 36,3%-ға қарсы 38,5%-ға дейін ұлғайтты. Сегменттің үшінші ірі сақтандырушысы - «Nomad Life» ӨСК 79,3 млн теңге жинады және сегментте 5,5%-ға нарықтық үлесті алады.

2021 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сыныбы бойынша ең ірі ӨСК үштігі шілдедегі 98%-ға қарсы 98,2% сыйлықақыларды жинады.

ӨСК бөлігінде жиналатын жазатайым оқиғаны сақтандыру (ЖО) бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша тарту динамикасын шілдедегі 37,4%-ға (жылдан жылға) қарсы 33%-ға дейін төмендетті. Абсолюттік цифрлармен ӨСК жиынтық сыйлықақылары 11,9 млрд теңгені құрады. Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК қалады, оның 4 млрд теңгеге портфелі үш ай қатарынан алдыңғы айға қатысы бойынша нөлдік динамиканы көрсетіп жатыр. Жылдық көріністе ӨСК сыйлықақылары 99,8%-ға өсті. Сыйлықақылардың әлсіз динамикасы себебінен «KM Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі шілдедегі 37,7%-ға қарсы 33,9%-ға дейін қысқарды. «Freedom Finance Life» ӨСК сыйлықақылардың 3,1 млрд теңгесін жинап және нарықтық үлесін шілдедегі 24,5%-ға қарсы 26,6%-ға дейін ұлғайтып, екінші позицияны алады.

2021 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша үшінші позицияны ЕСК ӨСК ұстап тұр. Ол 2,2 млрд теңге жинады және нарықтық үлесін шілдедегі 17,7%-ға қарсы 19%-ға дейін ұлғайтты.

«Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар 2021 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша шілдедегі 5,6%-ға (жылдан жылға) қарсы 5,3%-ға өсімді көрсетті. ЖОМС бойынша ӨСК жиынтық жинақтары 28,1 млрд теңгені құрады.

ЖОМС сегментінің көшбасшысы болып 6,7 млрд теңгеге портфель жинаған және сегменттің 23,8%-ын алатын «Nomad Life» ӨСК қалады. «Halyk life» ӨСК тамыздың қорытындысы бойынша ЖОМС бөлігінде сыйлықақылар жинағы бойынша көшбасшылар үштігіне қайтып оралды. Ол 6,4 млрд теңге тартты және ЖОМС сегментінің 23%-ын алады. Үшінші орынға «Евразия» ӨСК түсті. Ол сыйлықақылардың 5 млрд теңгесін жинады және ЖОМС нарығының 18%-ын алады. Тамызда көшбасшылар үштігінен «KM Life» ӨСК шықты. Сегіз айдың қорытындысы бойынша оның портфелі сегментте 4 млрд теңгеге жетті және нарықтық үлесі шілдедегі 19,5%-ға қарсы 14,3%-ға дейін қысқарды.

ӨСК бөлігінде ауыру жағдайына сақтандыру бойынша сыйлықақылар жинағы 2021 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша шілдедегі 31%-ға (жылдан жылға) қарсы 71,9%-ға дейін үдеді. Ақшалай көріністе сыйлықақылар 1,5 млрд теңгеден асып түсті. «KM Life» ӨСК сегментте ең ірі сақтандырушы болып қалады. Тамыздың қорытындысы бойынша ол нарықтағы үлесін шілдедегі 83,1%-ға қарсы 88,5%-ға дейін ұлғайтып, 1,3 млрд теңге жинады. «KM Life» ӨСК портфелінің өсімі шілдеге қатысы бойынша жинақтардың жоғары динамикасымен (85,2%) шартталған, жылдық көріністе сыйлықақылар 56,9%-ға өсті.

ӨСК бөлігінде ЕМС сыйлықақыларын жинақтау бойынша екінші орынды ЕСК ӨСК алады. Ол сыйлықақылардың 141 млн теңгесін жинады, алайда компанияның нарықтық үлесі шілдедегі 13,6%-ға қарсы 9,3%-ға дейін қысқарды. Үшінші позицияда «Freedom Finance Life» ӨСК тұр. Ол 16,2 млн теңге жинады және нарықтық үлесін шілдедегі 1,7% және маусымдағы 1,4%-ға қарсы 1,1%-ға дейін қысқартты.

2021 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ӨСК жиынтық активтері шілдедегі 17,4%-ға (жылдан жылға) қарсы 699,2 млрд теңгеге дейін 26,2%-ға өсті. Сақтандыру резервтері шілдедегі 29,9%-ға қарсы (жылдан жылға) 28,3%-ға ұлғайды және 501 млрд теңгеден асып түсті. ӨСК меншікті капиталы шілдедегі 21,4%-ға (жылдан жылға) қарсы 135,3 млрд теңгеге дейін 30,3%-ға ұлғайды.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру