bs-preloader__icon
ru kz en

РФ ӨСК: әйелдер өмірді сақтандыру полистерін ерлерге қарағанда жиірек сатып алады

Өмірді сақтандыру шарттарының 60% - дан астамы әйелдер үлесіне келеді. Бұл туралы «Росгосстрах-Жизнь» компаниясының және «Открытие» банкінің статистикасы растап отыр.
РФ ӨСК: әйелдер өмірді сақтандыру полистерін ерлерге қарағанда жиірек сатып алады

Бұл ретте ерлерде орташа чегі екі есе жоғары –  344,5 мың рубль, әйелдерде 117,6 мың рубль құрайды. 

Өмірді жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру шарттарының валютасына қатысты едәуір айырмашылық байқалады. Әйелдер негізінен рубль өнімдерін артық көреді, олардың үлесі әйелдермен ресімделген барлық полистердің 95%-ын құрайды. Ерлер әйелдерден екі есе жиі шетел валютасымен – АҚШ долларымен және еуромен шарттар жасайды.

«Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша, әлемдегі әйелдер ерлерден шамамен 18%-ға аз табыс табады. Ресейде айырма елеулі болып, 30%-ға жетеді, – деп түсіндіреді  «Росгосстрах Жизнь» СК маркет-менеджмент жөніндегі директоры Наталья Белова. – Бұл жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру өнімдеріне салынатын жарна мөлшеріне де әсер етеді. Аз соманы инвестициялай отырып, әйелдер салымдарды диверсификациялау туралы аз ойлайды, ал ерлер ақшаны түрлі «себеттер» бойынша бөлуге ұмтылады. Бұдан басқа, клиенттер-ерлер әйелдерден гөрі, инвестициялар туралы шешім қабылдау кезінде қаржылық аналитиканы пайдаланады».

Өмірді инвестициялық-жинақтаушы сақтандыру полистерін ресімдей отырып, әйелдердің 100%-ы қолайсыз оқиға болған жағдайда жинақ алатын нақты полис бойынша пайда алушыны көрсетеді. «Ерлер» полистері бойынша пайда алушылар 71% жағдайда ғана тағайындалды. Егер қолайсыз оқиға орын алса, нақты пайда алушыларсыз полис бойынша жинақ 6 айдан кейін заңды мұрагерлерге өтеді.

«Бұл әйелдердің ерлерге қарағанда жақындары үшін – әдетте балалар үшін белгілі бір қаржылық мақсатқа жиірек жинақтайды. Ерлер көбінесе «өзі үшін» қаржылық мақсатқа жинақтайды, бірақ бұл үлкен эгоның белгісі емес, отбасы басшысының рөлін атқару болып табылады. Ер адам қаржыны өзі бақылағысы келеді және қажет болған жағдайда балаға ЖОО-да оқуға қажетті соманы өз бетінше анықтағысы келеді», – деп Наталья Белова түсіндіреді.

Қалған аспектілерде әйелдер мен ерлерде тұтынушылық тәртібінің ерекшеліктері ұқсас. Сақтандыру кезеңінің ұзақтығына келетін болсақ, айырмашылық елеусіз: әйелдердің орташа сақтандыру мерзімі – 9 жыл, ерлер үшін – 10 жыл. Клиенттердің орташа жасы сәйкесінше 50 және 48 жасты құрайды.

Дереккөзі: http://www.asn-news.ru/news/71929#ixzz64xAk5XUS
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру