Өмірді сақтандыру саласы көрсетіп отырған динамика «барлық үміттер мен болжалдардан асып түсті», деп атап өтті БСО (ВСС). Бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша сыйлықақыларының көлемі, яғни полистерді сатудан түскен алымдар 90 миллиард рубльді құрады. Жылдың соңында сақтандырушылар жарты триллион рубль белгісіне жетуді көздеп отыр. БСО (ВСС) жазатайым оқиғалардан сақтандыру және өмірді сақтандыруды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Максим Черниннің сөзінше, бұл үшн қорлар бар. Өмірді сақтандыру саласында алымдардың өсуі бүгінгі таңда классикалық тәуекелді өнімдерді емес, өмірді сақтандырудың инвестициялық бағдарламаларын қамтамасыз етеді, яғни адамдар бір жолғы жарнаны енгізіп, қолына полисті алып, содан кейін бір жағдай туындап қалса, қомақты сомаға қол жеткізеді, ол да бір жолғы болып табылады. Бұл ұзақ мерзімді шарттар. Олар, біріншіден, өлім немесе еңбекке жарамдылығынан айырылуды, екіншіден, ақшаның бір бөлігін түрлі инвестициялық құралдарға: ірі қорлардың акцияларына, қорлардың үлестеріне салуды көздейді.
Яғни қарапайым сақтандыру жайлы сөз емес, капиталды сақтап, көбейту туралы айтылады.
Жеңілдетілген схема мынадай: полистің иесі жарнаны төлейді, сақтандыру компаниясы биржада табыс табады, шартта ескертілген мерзімнің соңында клиентке бүкіл жарна сомасын қайтарады және қол жеткізге табыспен бөліседі.
Мұндай өнімдер бойынша кепілдендірілген табыс болмайды және оның нақты мөлшерін алдын ала белгілі емес – бұл осы сақтандырудың өзгешелігі. Алайда бұл құрал бәрі бір өзекті болып табылады, өйткені банктік салымдар бойынша мөлшерлемелер өте төмен деңгейде қалуда.
Алымдардың үлесі бойынша екінші орында несиелік сақтандыру болып қала береді. Ал үштіктің артыңда өмірді жинақтаушы сақтандыру болды.
Орта жастағы адамдар зейнетке шыққанда немен күн көретіндігін ойлап жүреді. Қарттыққа ақшаны қазірден бастап жинауды түсіне отырып, олар өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламаларын таңдайды.
Осындай өнімдер бойынша табыстылық кепілдендірілген – шартты жасасу кезінде ол сақтандыру сомасында көрініс табады. Бірақ бұл ең сақтанымпаз құрал, сондықтан өмірді инвестициялық сақтандырудан гөрі аса табысты емес болуы мүмкін.
Нарықтың перспективалары көбінесе сақтандыру компанияларының жұмысы сапасына байланысты болады, деп БСО-да есептейді. «Қызметтерді тықпалау, жұмыстың айқынсыздығы өткен өмірде қалу керек», – деп Максим Данилов айтады. Тәуекелді сақтандыру, яғни жазатайым оқиғалардан сақтандыру Ресейде әлі де аса дамымаған. Алайда, сарапшылардың пікірінше, бұл сегменттің әлеуеті жақсы. Нарықта қазір жаңа өнімдер пайда бола бастады. Мысалы, жүкті әйелдерді сақтандыру немесе қарт адамдарды сақтандыру. Компаниялар полистерді сатудың сандық арналарын меңгеруде.
Жақын арада сақтандырушылар нарыққа қатысушылар жұмыс істейтін стандарттардың әзірлемесін аяқтауды көздеп отыр. Бұл құжат сақтандыру компанияларын клиенттерге өнімдер туралы толық ақпаратты беруге міндеттейді.
Ең маңызды мәліметтер жеке параққа жазылып, үлкен шрифтпен ерекшелінеді деп көзделеді. Стандарттардың бұзылуы ірі көлемдегі айыппұл салуға және лицензиядан айырылуға әкелу мүмкін.
Дайын құжатты Бүкіл ресейлік сақтандырушылар одағы мамырдың аяғына дейін сақтандыру нарығының тіркеушісі болып табылатын РФ Орталық банкіне жіберуге уәде береді.
Дереккөзі: https://rg.ru/2018/05/16/pochemu-rossiiane-vse-chashche-vybiraiut-dolgosrochnoe-strahovanie-zhizni.html
Фотосуреттер yourcapital.com.ua, http://maitre72.ru сайттарынан алынды.