bs-preloader__icon
ru kz en

Ресейліктер ұзақ мерзімді сақтандыру өнімдеріне қызығушылық танытуда

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру бойынша ресей нарығының көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4%-ға артқан және ол 320 млрд рубльді құрады. Бұл туралы үш тоқсанның қорытындысын келтіре отырып, Бүкілресейлік сақтандырушылар одағының (БСО) президенті Игорь Юргенс хабарлайды, - деп жазады «Страхование сегодня» сайты
Ресейліктер ұзақ мерзімді сақтандыру өнімдеріне қызығушылық танытуда

Жинау өсімінің жылдамдығы бойынша бұрынғы көшбасшы – өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) – драйвер рөлін жоғалтты: сақтандырудың бұл түрі бойынша жинау 6%-ға төмендеген. Сонымен қатар, ипотеканың қарқынды өсуіне қарамастан, сақтандырудың несиелік түрлері бойынша жинау 0,5%-ға азайған. III тоқсандағы ӨС нарығы экономика мен қоғамдағы жалпы жай-күйін көрсетеді, - деп санайды БСО-ның вице-президенті Виктор Дубровин. «Қазір үш негізгі тренд жұмыс істейді: бұл депозиттер бойынша жоғары емес мөлшерлемелер, инвестициялық және валюталық нарықтағы жоғары құбылмалылық және тұтынушылық тәртіп моделінің ауысуы – індет жинақтың болуы және қосымша сақтандыру арқылы және медициналық қорғаудың болу қажеттілігін көрсетті», - деп атап өтеді.

«Эксперт РА» агенттігінің сақтандыру және инвестициялық рейтингілері бойынша басқарушы директор Алексей Янин ӨЖС-нің озық түрде өсуі былтырғы жылда байқалғанын еске салады, ал 2020 жылы мұның одан әрі өсуін көріп отырмыз. Бұл ретте, нарықтағы трендті бағалау кезінде терминология мәселесін ескеру қажеттігін айтады: компаниялар нені -  жинақтық, ал нені – өмірді инвестициялық сақтандыру деп атайтынын өздері шешеді. «Мысалы, бұрын ӨИС белгісі болып саналған, біржолғы жарнамен және қысқарақ мерзіммен (3-5 жыл) ӨС-нің жинақтық бағдарламалары пайда болды. Классикалық жинақтық сақтандыру дегенмен, үлкен мерзіммен және ай сайынғы немесе әр тоқсан сайынғы тұрақты жарналармен ерекшеленеді», - дейді Янин.

Басқа сарапшылар сатуды алмастыру тенденциясы байқалғанын растайды, мұндай кезде өнімдер жәй ғана «қайта буып-түйіледі» және қайта аталады: ӨИС болған – ӨЖС болды. Әсіресе бұл үдеріс оның төмен кірістілігі туралы бірнеше рет айтқан, Ресей Банкі (ОБ) тарапы ӨИС-ды қатаң сынға алғаннан кейін белсенді жүрді. Осылай, ОБ-ның төраға орынбасары Владимир Чистюхин 29 қазанда «Сақтандыру нарығының көшбасшылары» форумында кірістіліктің мынандай цифрлерін көрсеткен болатын: орташа есеппен үш жылдық шарттар бойынша тоғыз айда – жылдық 4,2%-ды, бес жылдық шарттар бойынша – 3,1%-ды құрады. Бұл ретте, ОБ-ның деректері бойынша полистердің 32% нөлдік кірістілікті және полистердің 17% ғана кірістіліктің 5%-дан жоғары болғанын көрсеткен. Дәл ОБ-ның позициясы өмірді сақтандырушылардың жинақтық сақтандыруға, гибридттік өнімдерге және жалпы клиент үшін өнім құндылығының көтерілуіне қайта бағдарлануына мәжбүрледі.

 «Росгосстрах жизнь» компаниясының бас директоры Алексей Руденко, бүгінгі күні инвестициялық-жинақтық өнімдер тіркелген кірістілігі бар құралдармен қамтамасыз етілетін (ФҚО, корпоративтік облигациялар, банктік депозиттер), клиенттер үшін орнатылған кепілдіктерді құрайтынын атап өтеді. Төмен мөлшерлемелер аясында клиент жарнасының едәуір көп бөлігі кепілдіктерге кетеді және қосымша кіріс пен сервисті алу үшін аз мүмкіндіктер қалады. Өнімдердің тартымдылығын сақтап қалу әдістерінің бірі - делдалдар комиссиясын және сақтандыру компаниясының маржасын төмендетуден басқа, өнімдердің мерзімін ұлғайту, себебі дәл сол кепілдік ұзақ мерзімде арзанырақ болады, - деп санайды сарапшы. Осылай, мерзімінен бұрын қайтарып алу опциясымен бірге ӨИС-дің жеті жылдық шарттар ұсынысы клиенттердің оң бағасын алды. Өнім көктемде іске қосылған болатын және III тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы сатудың құрылымында ширегін алады. «Үлкен мерзімдер жағына осыған ұқсас жылжу ӨЖС-да да болып жатыр», - дейді Руденко.  – Құрылымда 10 және одан көп жылдарға бағдарламалар саны өсіп келеді».

Дереккөзі: https://www.insur-info.ru/press/160722/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Инвестициялық сақтандыру полисін сатып алудың бес артықшылығы аталған
Инвестициялық сақтандыру полисін сатып алудың бес артықшылығы аталған

Өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) — бұл қа...

Неліктен АҚШ тұрғындары PPLI-ді таңдайды
Неліктен АҚШ тұрғындары PPLI-ді таңдайды

АҚШ-та көптеген егде жастағы адамдар үшін бола...

Аустралияның егде адамдары зейнетақы жүйесіне наразы
Аустралияның егде адамдары зейнетақы жүйесіне наразы

Аустралия егде ер адамдарының 53% жинақтары қай...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру