bs-preloader__icon
ru kz en

Ресейде сақтандыру нарығы осы жылы мүлдем дерлік өспейді. Ол максимум 2–3%-ға ғана өсуі мүмкін, деп болжайды «РА сарапшысы»

Жалпы нарықтың аздаған өнімін өмірді сақтандыру қамтамасыз етеді – ол бойынша сыйақылар 30% 430 млрд. руб. дейін өседі, соның ішінде негізінен банктер клиенттерге инвестициялық өмірді сақтандыруды (ИӨС) белсенді сату есебінен болады. Бір жылға ИӨС 40% – 320 млрд. руб. дейін қосады, деп мәлімдейді «Ведомости».
Ресейде  сақтандыру нарығы осы жылы  мүлдем дерлік өспейді. Ол максимум 2–3%-ға ғана өсуі мүмкін, деп болжайды «РА сарапшысы»

2018 ж. Ресейде сақтандыру нарығының стагнациясы  өмірді сақтандыруды ескермей бір жылда максимум 2–3%-ға өседі, ал жинақтар 1 трлн руб. аспайды деп болжайды «РА сарапшылары». Өмірді сақтандыруды ескеріп, сыйақылар 9–10%-ға өседі – шамамен 1,4 трлн руб. дейін. Бұл 2017 жылға күтілетін нәтижелерден аздап көп. (ОБ ақпанның аяғында сақтандырушылардың жұмысы қорытындыларын жариялайды): «РА сарапшысы» болжамы бойынша, өткен жылға жинақтар шамамен 1,3 трлн руб., ал өмірді сақтандыруды ескермей – 0,97 трлн. құрайды.

 Нарықта өсім көздері жоқ, деп санайды шолу авторлары. Экономика мүлдем дерлік өспейді, мәселен,  құрылыс бизнесі өспейді және жарып өту  күтілмейді, ал сақтандыру нарығының өсімі тек сақтандырылған нысандар санының ұлғаюымен ғана мүмкін болады деп, «Альянс» ҚК  бас директоры Николай Клековкин келіседі.

Банк салымдарынан халықтың қаражаттарын инвестициялық сақтандыруға тартуға болады, дейді Клековкин.  Бірақ ИӨС агрессивті сатылымдары сақтандыру нарығы үшін  тәуекел болып табылады, деп белгілейді «РА сарапшылары» аналитиктері, бұл сақтандыру сегментін реттеу әлбетте өзгертіледі.  Қазір заң  бойынша сақтандырушыларды ИӨС бойынша табыстылықты ашуды міндеттемейді, ал клиенттер бұл өнімнің мәнін түсінбейді.

 «Егер табыстылық бойынша күтімдер [ИӨС] ақталмаса, бұл клиенттердің ИӨС келісім шарттарын қайта құруды қаламауын тудырады да, осы нарықты қысқаруына алып келеді» - дейді «РА сарапшысы» басқарушы директоры Алексей Янин. Тәуекелдер осы жылы-ақ іске асуы мүмкін, деп есептейді ол, ал өірді ақтандыру, мәні бойынша сақтандырушылар үшін жалғыз драйвер болып табылады.

 Өмірді аралас сақтандыру («өмір шегіне жету» немесе «өлім»  тәуекелі бойынша өтем төленеді)  15%-ға, сақтандырушыларды сақтандыру 5–10% - ға өседі- деп пайымдайды «РА сарапшылары». Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) бойынша сыйақылар медицинаның қымбаттауынан кейін 6-8 % өседі. Азаматтардың  мүлкін сақтандыру да өседі (11–13%):  банктер белсенді қораптағы өнімдерді ілгері жылжытады (белгілі бір шарттар мен тәуекелдер жинағы бар стандартты полистер).

 

ЕМС нарық драйвері деп есептеуге болмайды, ол инфляция әсерінен өседі, және де оның мөлшері (2017 ж. 150 млрд руб), барлық нарыққа көрінерлік әсер ететіндей  орасан зор емес, деп нақтылайды Янин.

 Өмірді сақтандыруды есептемей нарықтың өсуі нақты 2–3% құрауы мүмкін деген «РА сарапшысы»  болжамымен  «Ингосстрах» бас директоры Илья Соломатин де келіседі. Бірақ, егер ОБ АЖМС бойынша тарифтерді либерализацияласа, онда нарық  5–7% да өсуі мүмкін, деп есептейді ол.

 «Осы жылы тәуекелдер ИӨС әсер етуі мүмкіндігі бар – клиенттерге уәде берген табыстылықты төлеу уақыты келеді. Бес жыл бұрын  ИӨС  сатып алған көптеген клиенттер, енді салған ақшаларын табыстылықсыз ала алады» - деп сенімді Клековкин. Егер, табыстылығына көңілі толмаған клиенттер келсе, онда  соңғы үш жылыдң өсімі туралы ұмытуға болады, деп қауіптенеді Соломатин.

Жалпыресейлік сақтандырушылар одағы (ЖСО) қауіптерді қолдамайды. Бұл сегмент нарықтың қуатты драйвері болады, ол  50–55% өседі, ал барлық нарық осы жылы 10–15% өседі, деп сенімді ЖСО президенті Игорь Юргенс: «оған қатысты сенімсіз болжамдардың бірі бе ақталған жоқ. Откен жылдың күз айына келісімдерді бұзу мен арыздардың толқынын күткен, бірақ  ондай жаһандың еш нәрсе болған жоқ». Оның ойынша, капитал мен сыйақылар ағынына РҰҚСК ұлттық қайта сақтандырушылардың дамуы да әсер етеді: оның құрылуы бойынша 2017 ж. қорытындысы бойынша ішкі нарықта 7,5 млрд.руб астам қалдығ бұл жылы екі есе көбірек болады.

 Юргенс төтенше жағдалардан тұрғын үйді ерікті сақтандыру туралы заңға сенім блдіреді (жоба бірінші оқылымда 2015 ж. қабылданған): «Бәз «РА сарапшыларымен» бірге сақтандырылмаған тәуекелдерді квадриллион рубльге шақтап бағаладық – бұл Ресейдің 10 сақтандыру нарқы. Егер олардың 1%-ақ сақтандыруға мүмкін болса, бұл нарықтың қуатты драйвері болады».

 АКРА агенттігінің аналитиктері осы жылы өмірді сақтандыруды ескергенде, нарық 10,8% өседі деп есептейді.

 2–3% өсімінде нарық шоғырлана бастайды, деп есептейді  «РЕСО-кепілдіктер» бас директорының орынбасары Игорь Иванов. Оның айтуынша, сақтандырушылар «Росгосстрах» кетіп жатқан бизнес желілерін  бөлуді жалғастыралы, ла 2017 ж өткен мәселелі компаниялардың үлесін салауатты компаниялар басады.

Ақпарат көзі: https://www.vedomosti.ru/finance/articles/2018/01/11/747428-strahovoi-rinok-ne-virastet

Суреттер: quoteaninsurance.comВыберу.ру сайттарынан алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру