Авторы: Владимир Черников ("Ингосстрах-Жизнь" сақтандыру компаниясының бас директоры)
Күрделі аурулар – қазіргі заманғы әлемнің маңызды мәселесі. Мұндай ауруларға қатерлі ісікті, инфарктты, инсультті және оның салдарын емдеу қиынға соғатын басқа ауруларды жатқызады. Өкінішке орай, Ресейде күрделі аурулар мәселесіне аса мән берілмейді. Адамдар күрделі белгілер пайда болмағанша, ресми медицинаның көмегіне жүгінбейді, ерте диагностиканың маңыздылығының дәрежесін түсіне бермейді. Бүгінгі таңдағы медицина – бұл тіпті сау адамның өзінде аурулардың дамуы тәуекелдерін анықтау үшін нақты құрал. Жабдықтардың техникалық мүмкіндіктері ерте диагностиканы нақты жүргізуге және аурулардың дамуын тежейтін профилактикалық шараларды қолдануға мүмкіндік береді. Кейде бұл күнделікті өмір салтын кішкене түзететін кейбір әдеттерді өзгерту бойынша қарапайым ұсыныстар болуы мүмкін. Егер де ауру уақтылы айқындалған болса, онда оны бастапқы кезеңде емдеуге болады. Бұл мәселе қаншалықты көкейкесті болғанын түсіну үшін ресми статистикаға сүйену жеткілікті. Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша 2017 жылы онкологиялық мекемелерде кем дегенде 3,5 миллион адам есепке алынған. Бұл бүкіл ел халқының 2,5 пайызын құрайды. Ресейлік статистиканың мәліметтеріне сәйкес 2016 жылы өлім бойынша бірінші орында Ресейде қан айналымының жүйесі (оқиғалардың 47,8 пайызы), екінші орында – қатерлі ісіктер (оқиғалардың 15,6 пайызы) болды. Бес жылдың ішінде 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін елімізде қатерлі ісік дерттің деңгейі бұл елде 17,3 пайызға дейін көтерілді.
Жағымды статистика да бар: осы кезең ішінде қатерлі ісіктер дертінен өлімдер 3 пайызға азайды. Бұл, біріншіден, бастапқы кезеңде (І және ІІ) қатерлі ісіктерді айқындау үлесінің өсуімен байланысты. Медицина үнемі дамып келеді және диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері пайда болады.
Ағзаның тұрақты кешенді тексерулері өз денсаулығын сақтағысы келгендердің барлығы үшін өмірдің міндетті бір бөлігіне айналуы тиіс. Кешенді тексерудің ең қолжетімді түрі бұл диспансеризация, ол бүкіл ағзаның жалпы жағдайын көруге мүмкіндік береді. Алайда диагностиканың бұл түрі– бірнеше дәрінерге ұзақ кезек тәртібімен қаралу және талдау нәтижелернің ұзақ уақыт күтудің салдарынан ұзақ уақытты талап етеді. Нәтижесінде адамның денсаулығы туралы абстрактты қорытындылар жасалып, қиын диагностикаланатын аурулар анықталмай қалады, егер олар ауыр кезеңге өтпеген болса. Қауіпті ауруды бастапқы кезеңде, оларды әлі емдеуге болатын кезде, диагностикалау үшін егжей-тегжей тексеруді өткізу керек. Сондықтан көпетегн ауыр аурулардан қорғайтын сақтандыру бағдарламалары сheck up опциясын қамтиды. Диагностиканың бұл түрі толық тексерумен ерекшелінеді және ағзада, оның ішінде бастапқы кезеңде де патологиялық процестердің болуын көрсететін өзгерістерді айқындауға бағытталады. Сheck up диспансеризацияға қарағанда, клиенттің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, оны тек қана бір күн ішінде өтуге болады. Ауруларды анықтаудан басқа check up-қа ағза денсаулығының барлық негізгі көрсеткіштерінің диагностикасы кіреді, бұл тексеру кезінде ағзаның жағдайы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сheck up аяқталған кезде клиент жалпы эпикризді және дәрігердің денсаулық жағдайы туралы толық кеңесін, оғанг қоса бірінші кезекте көңіл аударылуы тиіс өмір салты мен аспектілерін өзгерту бойынша ұсыныстарын алады.
Сheck up нәтижелері тәуекел аймақтарын уақытылы анықтауға және дерттің белсенді кезеңге ауысуына дейін профилактикалық шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Күрделі аурулардан қорғануы бар жинақтаушы бағдарламалармен пайдалану тиімдірек, өйткені оларға check up жатады. Жинақтаушы бағдарламалардың талаптарының арқасында бұл қызмет тегін болады. Сақтандыру компаниясы ауруды ертерек айқындауды мақсат етеді, өйткені бұл сақтандырылған тұлғаны емдеуге кететін шығындарын едәуір төмендетеді. Сондықтан тексерулер үздік жеке емханаларда өткізіледі, дәрігердің қорытындысынан кейін көптеген сақтандыру компаниялары диагноз дұрыс қойылғанына көз жеткізу үшін екінші медициналық пікірді сұратады.
Күрделі аурулардан сақтандыру – бұл қауіпсіздіктің қаржылық көпшігі. Сақтандыру жағдайы басталған кезде шарттың талаптарына байланысты клиентке ақшалай төлем немесе емдеуді ұйымдастыру кепілдендірілген. Бірақ өтемақысының түріне қарамастан сақтандыру полисі күрделі аурулардың, тіпті ең қиын жағдайларды қоса алғанда: жүректегі қан жолы тетігін ауыстырып орналастыру, нейрохирургиялық операциялар немесе органдардың трансплантациясының тәуекелдерін өтейді. Психологиялық қолдаудың маңыздылығын артық бағалау қиын. Адам өзінің диагнозын естіген кезде өте сезімтал болып қалады, сондықтан оған қолдау көрсетіп, барлық ұйымдастыру мәселелерін өзіне ала алатын біреу жанынан табылған маңызды. Сақтандыру компаниясы өзіне осы қызметін алады: диагноз расталған күннен бастап клиенттің емделуінің бүкіл кезеңінде байланыста болатын оған дербес менеджері бекітіледі. Ол процестерді ұйымдастырып, барлық ілеспе мәселелерді де шешуге көмектеседі.
Сақтандыру компаниялары аурудың өзінен болмаса да, оны емдеумен байланысты шығындарынан қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді. Қатерлі ісікті емдеу немесе өмірлік маңызды органдарды трансплантациялау қажеттілігі сияқты күрделі жағдайлар туралы сөз болғанда, отаны бүкіл әлемде бірнеше дәрігер ғана жасай алатыны анықталады. Емделу үшін басқа қалаға немесе басқа елге баруға тура келеді, емдеу шығындарына билетке, тұруға және визаны ресімдеуге кететін шығындар да қосылады. Осы шығындарды өтейтін сақтандырусыз пациент емдеумен байланысты барлық шоттарды өзі төлеуге мәжбүр болады. Жалпы сома бірнеше миллион рубльге дейін жетуі мүмкін.
Көптеген сақтандыру компанияларында максималды өтемақыға емдеуді ұйымдастырумен байланысты барлық шығындар, тіпті аудармашының қызметтерін төлеу, сонымен қатар шетелде болған уақытында күнделікті шығындар да жатады. Шартты жасасу кезінде клиент өзінің қажеттіліктері мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты өтемақының мөлшерін өз таңдай алады. Қажет болған жағдайда ұсынылатын қызметтердің: қонақүйлерінің минималды санатының, ұшу санатының және т.б. деңгейін алдын ала анықтауға болады.
Сақтандыруды ресімдеу үшін сақтандырудың мақсаттарын анықтап алу қажет. Егер мақсат тек өмір мен денсаулықты ғана сақтандыру болса, онда бюджетті нұсқаны таңдап, тиісті тәуекелдерді өтейтін стандартты бағдарламаны сатып алу керек.
Сақтандыруды клиенттің экономикалық мәселелерін шешу үшін қаржы құралы ретінде де пайдалануға болады. Өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламалары сондай-ақ күрделі аурулардан қорғау қызметін қамтиды. Сақтандырудың бұл түру өз денсаулығын ғана емес, сонымен қатар өз қаражатын сенімді қорғағысы келген адамдарға лайық болады. РФ заңнамасына сәйкес өмірді жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін клиент сақтандыру жағдайы басталған жағдайда да салған қаражаттың барлығын қайтара алады. Өмірді сақтандырудың салық шегерімді алу, капиталды адрестік табыстау және т.б. мүмкіндігі сияқты бір қатар заң және салықтық преференциялары бар.
Сақтандыру шартын жасай отырып, сақтандыру компаниясы өзіне тек болашақ аурулардың тәуекелдерін ғана қабылдай алатынын ұмытпағаны жөн. Шартты жасау сәтінде немесе шамамен 120 күнді құрайтын күту кезеңі аяқталуына дейін диагностикаланған аурулар сақтандыру өтемақысына кірмейді. Сондықтан сақтандыруды ресімдеудің алдында сақтандыру сыйлықақысына жұмсалған қаражатты жоғалтпау үшін толық тексеруден өту керек. Шарттың барлық тармақтарын мұқият қарап, өтелетін тәуекелдерді зерттеп, ал қажет болған жағдайда олардың тізілімін кеңейтіп, сақтандыру компаниясымен ұсынылған мүмкіндіктерді егжей-тегжей зерттеп алып, сізге нақты сәйкес келетіндерді таңдап алу маңызды.
Дереккөзі: https://rg.ru/2018/09/09/strahovye-programmy-dadut-zashchitu-ot-kriticheskih-zabolevanij.html
Фотосурет prime-ins.ru сайттарынан алынды.