bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстанда зейнетақы активтерін есепке алу және есептеу тәртібі өзгерді

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 15 ақпанда нормативтік құқықтық актілерге қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізді, деп хабарлайды БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.
Қазақстанда зейнетақы активтерін есепке алу және есептеу тәртібі өзгерді

Жаңа тәртіпке сәйкес есеп айырысу аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайынғы негізде жүзеге асырылады.

«Жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналары түскен кезде, келіп түскен сомасын есептеу жөніндегі операциялар оларды зейнетақы жарналары түскен күнгі шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің баламалы санына қайта есептей отырып жүзеге асырылады. Зейнетақы төлемдерін жүргізу кезінде зейнетақы жинақтарының сомаларын есептен шығару жөніндегі операциялар оларды зейнетақы төлемі күніндегі шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің баламалы санына қайта есептей отырып жүзеге асырылады», - дейді БЖЗҚ-да.

Зейнетақы активтері ұзақ мерзімді инвестициялар болып табылатындықтан, шартты бірліктің құнын есептеуді апта сайынғы негізде жүргізу зейнетақы жинақтарының күнделікті ықтимал ауытқуларын реттеуге мүмкіндік береді.

«Осылайша, салымшыларға берілетін үзінді көшірмелердегі инвестициялық табыс бөлігіндегі ықтимал өзгерістер әрбір аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында және әрбір айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңында көрініс табатын болады», - деп қорытындылады БЖЗҚ-да.

Дереккөзі: https://www.enpf.kz/ru/about/press-center/news/index.php?ELEMENT_ID=11732

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Правильное питание для продления жизни
Правильное питание для продления жизни

Денсаулыққа әрдайым түрлі жасырын себептерде...

Австралия: реттеуші сақтандыру агрегаторын сотқа берді
Австралия: реттеуші сақтандыру агрегаторын сотқа берді

Австралияның бағалы қағаздар және инвестиция...

2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ӨСК динамиканы ұлғайтты
2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ӨСК динамиканы ұлғайтты

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында ӨСК-ның брутт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру