bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру сыйлықақылар көлемі мен ойыншылардың саны бойынша өсуде

Forbes Қазақстан ақпараты бойынша, өткен жылы өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылар жинағының өсу динамикасы бір жыл бұрынғы 55,7%-ға қарсы 16%-ға дейін төмендеді. Алайда бұл факт сақтандырушылардың қаржылық көрсеткіштерінде әлсіз байқалды. Олар активтердің 38%-ға, меншікті капиталдың - 42%-ға, үлестірілмеген пайданың - 58,5%-ға ұлғаюы туралы есеп берді.
Өмірді сақтандыру сыйлықақылар көлемі мен ойыншылардың саны бойынша өсуде

«Біздің компаниямыз үшін жыл оң динамикамен аяқталды: пайда 30%-дан астамға, сатулар - 27%-ға өсті. Сектордың өсімі үлкен ықтималдықпен осы жылы да сақталады», - дейді Standard Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Ержан Конурбаев. Індет әкелген кемшіліктердің бірі – ол ерікті жеке сақтандыру өнімдерін сатудың қысқаруын атайды, сонымен қатар корпоративтік сектор күту режимін қосты және ерікті сақтандыруға шығындарды төмендетті. Міндетті сақтандыру бағдарламалары бойынша да түсім болды, жеңілдіктер мен төлемдерді бөліп төлеу өсті.

Ненің есебінен нарық өсті? Басты драйвер сыйлықақыларды 26,9%-ға өсірген, өмірді сақтандыру секторы болды. Нәтиже әсіресе халықтың мүліктік сақтандыруға әлсіз сұранысымен арақатынас орнатып отыр. Адамдар тіпті дағдарыс кезінде сатып алуға дайын қаржылық өнімдер бар болып шықты және олар қоспалы пайдамен байланысты: өмірді сақтандыру өтемімен бірге инвестициялық кірісті алумен. Бірнеше жылдан бері ӨСК банктерге баламаны жасауда және өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларын (ӨЖС) ұсынады. Өнім белгілі мерзімге қаражаттың жиналуын және сақтандыру қорғанысын біріктіреді. Ақша жинақталып жатқанша, сақтандырушы клиентке кепілдендірілген пайыздық кірісті төлейді. Және Қазақстанда теңгенің құнсыздану тәуекелі жоғары болғандықтан, ӨСК валютада кірістілікті ұсынады. Нарықта ол АҚШ долларында жылдық 3,5–4% шегінде ауытқиды. Сақтандырушылар олардың кірістілігі банктердің валюталық депозитеттері бойынша жылдық мөлшерлемесі 1%-дан әрең асатын ұсыныстарынан айтарлықтай асып түсетінін айту мүмкіндігін жіберген жоқ. Сонымен, Freedom Finance Life компаниясының басқарма төрағасы Азамат Ердесов 2020 жылғы көктемгі құнсызданудан және ұзақ созылған қаржы дағдарысынан кейін доллар бағамына индекстеумен ӨЖС ерекше сұранысқа ие болып отыр дегенді айтады.

Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев сатулардың өсімін адамдардың қашықтан жұмыс істеуіне байланысты қаржылық құралдарды зерделеуге көбірек уақыты пайда болуымен түсіндіреді. Жақсы жағдаят компанияға 2020 жылы ӨЖС сыныбында 118%-ға өсуге және нарықты 4 есеге озып шығуға көмектесті. Өмірді сақтандыру бойынша динамика жылдан жылға өсуі тиіс, себебі Қазақстан нарығы төмен базада тұр, деп санайды Чегебаев. Сонымен бірге, өсімге ӨСК-нің жинақтаушы сақтандыруды дамыту бойынша белсенді күш салуы да ықпал етеді. 2020 жылғы қазанда Nomad Life посткеңестік өңірде бірінші болып инвестициялық құрауышпен Unit-linked – сақтандыру өнімін іске қосты. Чегебаевтің сөзінше бағыт жоғары сұранысқа ие: өткен жылдың төртінші тоқсанында 4 млрд теңгеден астамға шарттар жасалған. Өкінішке орай, Ұлттық Банктің статистикасы Unit-linked бойынша жинақтарды көрсетпейді және бақылаушылар нарықтың динамикасын көрмейді дейді сұхбаттасушы. Қазір осы өнім бойынша сыйлықақыларды реттеуіштің есебіне қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ашық статистика сарапшыларға және сақтандырушыларға Unit-linked-ті талдауға және Қазақстанда осы бағыттың дамуына көмектеседі.

Сенімділіктің үлкен үлесімен 2021 жылы ӨЖС өнімдері сатулардың жаңа рекордын жасай алады деуге болады. Бұған ӨСК-ні Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) ресми қосу, сондай-ақ 2021 жылдың қаңтарынан бастап әрекет ете бастаған, ӨЖС бағдарламалары бойынша салық жеңілдіктеріне қатысты заңнамаға өзгертулер ықпал етеді. Үкімет ақыры ӨСК-ге жәрдем көрсетті және ЖТС есептеген кезде сақтандыру сыйлықақылары және төлемдер бойынша асыға күткен салық шегерімін  енгізді. ӨЖС полисінің иеленушісіне енді сақтандыру шартын бұзған кезде төленетін, сатып алу сомаларынан салық төлеудің қажеті жоқ. ЕДБ-де депозиттер сияқты, төлем кезінде ӨЖС бағдарламалары бойынша жинақтарға да енді салық салынбайды. Салық салынатын базадан сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (бірақ жылына 230 АЕК артық емес) шегеріледі. Жинақтаушы сақтандыру полисінің болу фактісі клиенттің жалақысынан кемірек сомалар ұсталатынын және ол қолына көбірек ақша алатынын білдіретін болады, деп түсіндіреді сақтандырушылар.

Екінші эшелон артта қалмайды

Аннуитеттік сақтандыру – маңыздылығы және көлемі бойынша екінші ӨСК дәстүрлі өнімі. Дәстүрлі деп отырғанымыз, себебі жалпы сақтандыру бойынша компаниялармен қатар ӨСК тағы медициналық сақтандыру және жазатайым оқиғадан сақтандыру полистерін сатады. Аннуитеттер – ӨСК-нің толық айрықша құқығы. Бұл өнім мерзімдері бойынша ұзақ төлемдермен байланысты және ӨСК-де бұл процесске заңмен реттелетін операциялық қызмет «ұшталған».

2020 жылы аннуитеттер бойынша сыйлықақылар 77,6 млрд теңгеге дейін 8,8%-ға өсті және ӨСК жиынтық портфелінде 2021 жылдың басына 33,9%-ды алды. Аннуитеттік сатулардың шыңы 2019 жылы болды, ол кезде нарық 106,6%-ға өсті. Сақтандырушылар 2020 жылы түсімді келесімен түсіндіреді. Аннуитеттер бойынша сыйлықақылардың 90%-дан астамы зейнетақы аннуитеттеріне келеді, олар өнімді үлкен және танымал етеді. Зейнетақы ақшаларының бір бөлігін жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе ипотекалық кредитті жабуға пайдалану рұқсат берілген кездегі, зейнетақы заңнамасына соңғы өзгертулер халықтың зейнетақы аннуитеттеріне сұранысын түсірді. Алайда ол жылдам қалпына келді. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жылжымайтын мүлікке аудару мүмкіндігі болғандардың барлығы бұл құқықты пайдаланып үлгерді. Бұдан кейін аннуитеттер нарығы қайта тепе-теңдікке келді.  

«Халық, белгілі болғандай, өздерінің жинақтарының артығын барынша тұрғын үйге жұмсады. Алайда егер артығы үлкен емес болса, онда адамдар мұндай жұмсауды жөнсіз деп санады және аннуитет сатып алуды қалады. Қазақстандықтар қаражатты жиі басқарушы компанияларға аударуы үшін уақыт қажет, себебі бұл халықтың көпшілігі үшін мүлде жаңа опция, - деп санайды Конурбаев.

Сонымен қатар, үкімет адамдар зейнетке мерзімінен бұрын шығу мүмкіншілігін пайдалана алуы үшін, зейнетақы аннуитеттерінің тартымдылығын арттыру үшін күш салуда. Осы жылы аннуитеттік бағдарламалар бойынша шарттар жаңарды: зейнетақы аннуитеті бойынша жеткіліктілік шегінің сомасы төмендеді, ал кейінге қалдырылған аннуитет БЖЗҚ-дан жинақтарды 45 жасқа жеткен кезден-ақ аударуға мүмкіндік береді. Егер 2020 жылы ерлер үшін 55 жаста сома 11,3 млн теңгені, ал әйелдер үшін 51,5 жаста – 15,5 млн теңгені құраса, ал қазір осы жастағы ер адам аннуитетті 6,7 млн теңгеге, ал әйел адам – 9 млн теңгеге ала алады. Жеткіліктілік сомасының төмендеуінен осындай өнімді пайдалана алатын ықтимал клиенттердің саны артты. Сақтандырушылардың позитиві 2021 жылдың ағымдағы статистикасымен расталады. Маусымның басына зейнетақы аннуитеті бойынша жинақтар 2020 жылдың осы кезеңіне 208,3%-ға өсті.

ӨСК-нің үшінші классикалық өнімі – өндірісте жазатайым оқиғалардан жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру (ЖОМС). Бұл өте тартымды өнім. Сақтандырудың міндетті сипаты оны сақтандырушылар үшін тартымды етеді. Бір жағынан, мұндай сақтандыруға тән айтарлықтай төлемдер оған абайлап қарауға мәжбүр етеді.

Індет қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға тежеушілік әсер етті. Сақтандыру сыйлықақылардың көлемі небәрі 2,2%-ға немесе 0,9 млрд теңгеге ұлғайды. «Сақтандырудың бұл түрі бойынша жасалған шарттардың саны 2019 жылғы деңгейде қалды. Ал сақтандыру сыйлықақысының орташа мөлшері барлығы 2%-ға ұлғайды. ШОБ кәсіпорындарының жабық бөліктері, карантин уақытында жұмыс орындарының қысқаруы, жалақының ішінара төмендеуі тежеушілік факторлар болды», - түсіндіреді «Халык-Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Жанар Жубаниязова.

Сонымен бірге ағымдағы жылда экономиканың қалпына келуі және үкіметтің Қазақстанды ковидтің көп таралуы кезінде қатаң локдаунға жаппау шешімі ЖОМС-тың сақтандыру сыйлықақыларына жақсы әсерін тигізді. Осы жылдың қаңтарынан бастап мамырына дейін олар өткен жылдың осы кезеңіне 4,3%-ға өсті.

Компаниялардың төлем саясаты

Жиналатын сыйлықақылардың көлемі активтердің көлемімен бірге сақтандыру компаниясының өзіндік витринасы болып табылады. Компания сыйлықақыларды көбірек жинаған сайын, соғұрлым оның нарықтағы үлесі және оның дамуына әсері жоғары. Алайда «артқы аула» - компаниялардың төлем саясаты да бар. Сақтанушылар сақтандыру шарттарын – сақтандырушыдан сақтандыру жағдайын іске асырған кезде өтемді алу үшін жалғыз мақсатпен жасайды. Сақтандырушы қаншалықты тез және толық көлемде төлейтінінен клиенттің нақты сақтандыру брендін қабылдауы байланысты. 

2020 жыл ӨСК үшін төлем тұрғысынан оңай болған жоқ, олар нарық бойынша 23%-ға ұлғайды. Конурбаев үрдісті сақтандыру портфелінің жалпы өсімімен байланыстырады. Сонымен, Standard Life-та бұл себеп бойынша жалпы төлемдер 8%-ға өсті. Алайда ең алдымен ЖОМС бағдарламасы бойынша, сақтанушының қайтыс болуы бойынша төлемдер 57%-ға қысқарды. Оның себебі індеттік шектеулермен туындаған бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуі болды. 2021 жылы Конурбаев сақтандыру төлемдерінің ұлғаюын күтеді.

Халык-Life-та 2020 жылы әрбір үшінші реттелген сақтандыру жағдайы сақтандырылған клиенттің сақтандыру мерзімінің аяғына дейін өмір сүруімен, әрбір бесінші – дене жарақатын алумен, әрбір алтыншы – сақтандырылған клиенттің өмірден өтуімен байланысты болды. Жубаниязованың сөзінше, төлемнің максималды көлемі «сақтандырылушының қайтыс болуына байланысты төлем» тәуекелі бойынша жүзеге асырылған, ол реттелген сақтандыру жағдайлары бойынша барлық сақтандыру төлемдерінен 24%-ды құрады. Төлемдердің 21%-ын компания «кәсіптік ауру» тәуекелі бойынша, шамамен 20% - «дене жарақаты» тәуекелі бойынша, 14% - «сақтандыру мерзімі аяқталғанша өмір сүрумен байланысты төлемдер» тәуекелі бойынша, 13% - «мүгедектікті белгілеу» тәуекелі бойынша жүргізді. Төлемдердің саны бөлігінде ең көп (66% жағдайлар) өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, тағы 21% - қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша реттелді. 2020 жылы «Халык-Life» жүзеге асырған сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша 53%-ы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына, 26%-ы – ӨЖС шарттарына келіп түсті.

Көріп отырғанымыздай, ӨСК дұрыс төлем саясатын қолданады және сақтандырушылардың пікірінше бұл көп жағдайда олардың өнімдерінің танымалдылығының өсуіне ықпал етеді. Сақтанушылар өтемді алады және барлығы оны пайдалы қаржы құралы деп санай отырып, сақтандыруға неғұрлым дұрыс қарайды.

Жалпы ӨСК үлкен оптимизммен 2021 жылдың болашақ қорытындыларын болжауда. Аннуитеттер және ӨЖС бойынша жаңа бағдарламаларды іске қосу қосымша жинақтарды тартуға көмектеседі. «Жуық арада бірлескен зейнетақы аннуитетін іске қосу жоспарланып отыр, ол сонымен қатар сыйлықақылардың өсіміне оң әсерін тигізеді», - дейді Ердесов.

ӨСК жинақтаушы сақтандыруды депозиттерге балама ретінде, Unit-linked – қор нарығында инвестициялау жолдарының бірі ретінде және зейнетақы аннуитеттерін – мемлекеттік БЖЗҚ-дан кету жолы ретінде ұсынады. Бұдан басқа, ЖОМС бойынша үлкен көлем Қазақстанның ірі жұмыс берушілерін өздерінің ӨСК ашуына ынталандырды. Қазіргі таңда жаңа ойыншылардың арасынан ӨСК-нің бір бөлігі мамандандырылған сақтандырушылар болып табылады және олардың мүддесі тек сақтандырудың жеке түрлеріне ғана қатысты. Нарықта бәсекелестік күшеюде, ал дәстүрлі ірі ӨСК-де сыйлықақылардың шоғырлануы баяу, бірақ жаңа компаниялардың пайдасына төмендеп жатыр. Дегенмен Nomad Life-та былай дейді: «Бұрыннан келе жатқан ойыншылардың жылдар бойы жинаған клиенттер портфелі бар, және барлығы қызмет көрсетуге, сапаға және сақтандыру төлемдерінің толықтығына байланысты. Біз жаңа ойыншылардың пайда болуымен біздің үдерісімізге немесе клиенттер портфеліне әсері тиюі мүмкін айтарлықтай өзгерістерді сезген жоқпыз».

Дереккөзі: https://forbes.kz/finances/insurance/jizn_udalas_1632098634

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру