2020 жылдың I жарты жылдығында өмірді инвестициялық сақтандыру сақтандырушыларға тек 81,4 млрд рубльді ғана әкелді, төлемдер 67,9 млрд рубльді құрады. 2019 жылдың осыған ұқсас кезеңінде ӨИС бойынша 86,5 млрд рубль жиналды. Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) бойынша сақтандырушылар 60,8 млрд рубльді жинады, төлемдер 12 млрд рубльді құрады.
«Сбербанк өмірді сақтандыру» алымдары 40,3% (77,6 млрд бастап 46,3 млрд рубльге дейін) төмендеді. Компанияның өнімдері қашықтағы арналарда ұсынылмаған — негізгі арналары ретінде Сбербанктің бөлімшелері болып табылады. «Осылайша, өмірді сақтандыру бойынша өнімдердің сатулары іс жүзінде шамамен үш айға тұрып қалды. Маусым айынан бастап біз сатулардың карантинге дейінгі көлемдеріне біртіндеп шыға бастадық … 22 қазаннан бастап олар (өмірді сақтандыру бойынша өнімдер — СЖА) Сбербанк Онлайнда (ұялы қосымша — СЖА) қол жетімді болды, бұл өз кезегіне бизнес өсуінің драйверіне айналады», — деп «Сбербанк өмірді сақтандыру» СК түсіндірді.
Банк арнасының уақытша «дәрменсіздігі» «Русский Стандарт Страхование» АҚ сатулары құлдырауының себебі ретінде болды. Бірақ, «мамыр мен маусым айларында біз кейінге қалдырылған сұраныс пен сатулардың қалпына келу әсерін көрдік (сәуір айымен салыстырғанда мамыр айында +130%, мамыр айымен салыстырғанда маусым айында +54%)», — деп хабарлады сақтандырушы.
Пандемия 13 өмір сақтандырушыларына (30 ішіндегі) алымдарды ұлғайтуға кедергі келтірмеді.
ӨИС «кедей туысынан» ӨЖС нарықтың локомотивіне айналуда. ӨЖС өнімдері жаңа қызметтерге және опцияларға ие болады, «екі әлемнің» жақсысын алатын ӨЖС пен ӨИС гибридтері дамитын болады, деп «Росгосстрах Жизнь» СК қаржы директоры, басқарма мүшесі Валерий Смирнов санауда. ӨЖС полистері «Росгосстрах Жизни» қолданыстағы шарттарының 43% құрады.
Сондай-ақ, ӨИС өсу нүктелері бар — қол жетімді стратегияларды кеңейту, тұрақты жарналармен ӨИС — жинақтары әлі де болса жоқ, бірақ тұрақты кірісі бар адамдар үшін, деп Валерий Смирнов атап көрсетті.
«МетЛайф» үшін ең басты өнімдердің бірі ретінде ӨЖС болып табылады, деп Ресейдегі «МетЛайф» президенті Георгиос Димитриу хабарлады.
«Ингосстрах-Жизни» үшін негізгі өнім ретінде ӨИС қалуда. ӨЖС желісі бірінші кезекте агенттік арна үшін дамуда, агенттерге арналған жаңа шешімдер сыналуда, деп «Ингосстрах-Жизнь» СК бас директоры Владимир Черников атап өтті.
«Русский Стандарт Страхование» СК үшін де ӨИС ең үлкен алымдардың көзі болып қалуда. «Бүгінгі ӨИС дағдарысы — бұл «өсім дағдарысы», сатулардың тым қарқынды дамуының салдары және клиенттердің өнімнің мәнін жеткілікті деңгейде түсінбеуі. Клиенттердің қызығушылығын арттыру үшін сақтандырушылар өнімді жақсартуда, оның шарттарын жақсартуда», - деп атап кетті компанияда.
«АльфаСтрахование-Жизнь» ӨЖС негізгі сатып алушылары — 45-54 жас аралығындағы әйелдер. Еркек клиенттердің жасы кішірек — орташа есеппен алғанда 35-54 жас аралығы. Клиенттердің шамамен 40% айына 35-75 мың рубль табыс көреді, сонымен бірге әрбір оныншы сақтанушы Мәскеу қаласында тұрады.
«Ренессанс жизни» ӨЖС бойынша клиенттерінің 70% — әйелдер. Клиенттердің орташа жасы —40 бастап 50 жасқа дейін.
Капитал Life статистикасы бойынша ӨЖС бағдарламалардың иелері ретінде көбінесе (71% астам бөлігі) әйелдер болып табылады, жиі түрде балалары бар. ӨЖС шарттарының шамамен 50% бөлігін 32—47 жастағы клиенттер жасайды. ӨЖС клиенттерінің басым көпшілігі — бұл мамандар: олардың бөлігі 58% астам (дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер, сауда қызметкерлері, заңгерлер және т.б.). Тағы 15% бөлігі жұмысшы мамандықтарына келеді. Шамамен төрттен бір бөлігі — түрлі деңгейдегі басшылар, кәсіпкерлер және бизнесмендер, деп Капитал Life көрсетті.
«Росгосстрах жизни» ӨЖС бойынша клиенттерінің басым көпшілігі — 39-45 жас аралығындағы отбасысы бар адамдар. 2019 ж. осы шарттар бойынша орташа жылдық жарна шамамен 50 мың р. құрады.
«МетЛайф» компаниясынан негізінен шағын қалаларда 35 мың р. бастап және миллионмен есептелетін қалаларда 50-65 мың р. бастап ай сайынғы кірісі бар 35-50 жас аралығындағы клиенттер сатып алады.
«Ингосстрах-Жизни» ӨЖС бағдарламаларының сатып алушылары ретінде көбінесе отбасысы бар 40 жастан асқан адамдар болып табылады.
Ірі қалалардың 50 жасқа жеткен тұрғындары — «Русский Стандарт Страхование» компаниясының негізгі клиенттері.
Айына 40 мың р. кірісі бар 40-65 жас аралығындағы адамдар «Согласия-Вита» полистерінің негізгі сатып алушылары болып табылады.
Деректер көзі: http://www.asn-news.ru/news/74690#ixzz6bx2jBcy4
Ашық ақпарат көздерінен алынған фотосуреттер