bs-preloader__icon
ru kz

Ресейде 2019 жылда жазатайым оқиғалардан сақтандыруға тарифтерді белгілеуде

Келесі аптада Мемлекеттік думамен 2019 жылға және 2020 және 2021 жылдардың жоспарлы кезеңге өндірісте жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан міндетті әлеуметтік сақтандыруға сақтандыру тарифтерін белгілейтін заң жобасын бірінші оқылымда қаралуға жоспарланып отыр, деп pnp.ru хабарлайды.
Ресейде 2019 жылда жазатайым оқиғалардан сақтандыруға тарифтерді белгілеуде

Осы жобаға сәйкес жарақаттанушылыққа салымдардың мөлшері және төлеу тәртібі өзгермейді – I, II және III топтағы мүгедектер болып табылатын қызметкерлерге қатысты жеке кәсіпкерлер (ЖК) үшін қолданылатын негізгі жеңілдік тарифтері – сақтандыру тарифтерінің белгіленген мөлшерінен 60% мөлшерінде сақталады. Бұл жұмыс берушілерді еңбек үрдісіне мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа тартуға ынталандыруы тиіс.

Алдағы үш жылға сақтандыру салымдарының тарифтерін есептеу негізіне 2024 жылға дейін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдаудың көрсеткіштері салынған. Бұл көрсеткіштерде 2017 жылғы Әлеуметтік сақтандыру қорының бюджетін атқару туралы есептің көрсеткіштері және 2017 жылғы экономикалық қызметтің түрлері тұрғыда өндірісте жазатайым оқиғадан және кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлерді сақтандыру бойынша қамтамасыз етуге шығындар да ескерілген.

РФ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Григорий Лекаревтің мәліметінше, соңғы он жылдықта Ресейде өндірістегі ауыр салдарымен жазатайым оқиғалардың саны 2,3 есеге қысқарды. «2007 жылы мұндай жағдайлардың саны 12 722 болса, 2017 жылы – 5960 болды», – деп Лекарев мырза хабарлады.

Сондай-ақ оның сөзінше, 2017 жылы өндірісте 1595 өлім жағдайы тіркелсе, ал 2007 жылы мұндай оқиғалардың саны 4,5 мың белгісіне жеткен еді. Министр орынбасарының пікірінше, жағдайлардың мұндай төмендеуі жұмыс берушілерді еңбек жағдайларын жақсартуға ынталандыруды енгізу салдарынан, сонымен қатар өндірістік жабдықтар паркінің жағдайын жақсаруынан орын алған.

Бұл ретте РФ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин кәсіби аурулардың, өндірістік жарақаттардың, өнімді кем алудың, еңбекке жарамсыздық парақтары салдарынан Әлеуметтік сақтандыру қорының шығындарының нәтижесінде елдің экономикасының шығасылары жыл сайын шамамен 1,5 трлн рубльді құрайды. «Бұл өте көп», – деді министр.

Дереккөзі: https://www.pnp.ru/economics/stali-izvestny-tarify-na-strakhovanie-ot-neschastnykh-sluchaev-v-2019-godu.html

Фото: aif.ru, delogazeta.ru

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Күзгі диетаға қандай көкөністер кіруі керек
Күзгі диетаға қандай көкөністер кіруі керек

Диетолог Татьяна Мещерякова күзгі кезеңде қаж...

Нені таңдау керек: инвестициялық сақтандыру немесе ИСП
Нені таңдау керек: инвестициялық сақтандыру немесе ИСП

Пандемия кезінде көптеген адамдар өмірді сақт...

Тәттіге тартудан арылу тәсілдері аталды
Тәттіге тартудан арылу тәсілдері аталды

Нутрициолог РИА Новостиге берге сұхбатында тә...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру