bs-preloader__icon
ru kz

Ресейде өмірді инвестициялық және жинақтаушы сақтандыру өнімдерін сату талаптарын күшейтеді

Өмірді ерікті сақтандыру нарығы күшейтілген реттеуге ұшырайды: Ресей Банкі тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін күрделі сақтандыру өнімдерін сатудың ережелерін өзгертуді шешті, деп жазады «Фориншурер».
Ресейде өмірді инвестициялық және жинақтаушы сақтандыру өнімдерін сату талаптарын күшейтеді

Жаңа шектеулер өмірді инвестициялық және жинақтаушы сақтандыру полистеріне (ӨИС және ӨЖС) қатысты болады, ол ОБ дайындаған нұсқау жобасында айтылады. Мұндай сақтандыруларға тәуекелді және инвестициялық құраушылар кіреді: клиент салған қаражаттың бір бөлігі қайтыс болған жағдайда сақтандыру өтеміне жұмсалады, ал екінші бөлігі – қосымша кірісті алу үшін инвестицияланады.

Ресей Банкі «сақтандыру түріндегі инвестициялық өнімдердің ғана» сатылуын шектегісі келеді, хабарлады реттеуіштің баспасөз-қызметі.

Сақтандырушылар капиталдың қорғалуын және өмірді инвестициялық сақтандырудың кез-келген шарттары және жеті жылға дейін мерзімге өмірді жинақтаушы сақтандыру полистері бойынша жүктелген кірістілікті көздеуі тиіс болады. Егер сақтандыру жағдайы шарт мерзімінің аяқталуына дейін болмаса, клиент өзінің жарнасы мен есептелген пайыздарын кері қайтарып ала алады.

Тұрақты жарналармен полистерді сатып алушылар олардан бас тарту және төлеген ақшаларын қайтарып алу мүмкіншілігін алады. Үшінші сақтандыру жарнасын төлегенге дейін сатып алу сомасы төлеген сақтандыру жарналарынан кем болмауы тиіс. Қазір сақтандырушылар полис бойынша сатып алу сомасын өздігінен анықтайды.

ӨИС сатушылар шартта мұндай полис бойынша сақтандыру қорғауы бірінші сақтандыру жарнасын төлеген сәттен бастап әрекет ететінін көрсетуі тиіс болады.

Сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда ӨИС немесе ӨЖС полистері бойынша төлемдер сақтандыру сыйлықақысының екі еселенген мөлшерінен кем болмауы тиіс. Егер сақтандыру өзге тәуекелдерді өтесе, онда өтем клиент төлеген сақтандыру сыйлықақысынан кем бола алмайды.

Дереккөзі: https://forinsurer.com/news/21/02/26/39315

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Балаларға арналған сақтандыру полисін сатып алу керек пе
Балаларға арналған сақтандыру полисін сатып алу керек пе

Сарапшылардың айтуынша, баланың өмірін сақтан...

Зейнетақылық жоспарлаудың маңыздылығы
Зейнетақылық жоспарлаудың маңыздылығы

Адамдардың көпшілігі зейнетке шығу жайында әр...

Әлемнің әртүрлі елдерінде балалардың білім алуына қалай жинайды
Әлемнің әртүрлі елдерінде балалардың білім алуына қалай жинайды

Әлемнің көптеген елдерінде жалпыға ортақ тегі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру