bs-preloader__icon
ru kz

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының жеткіліктілік деңгейі арттырылды

Бұл жөнінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» хабарлайды. Адамның жасы неғұрлым үлкен болса, жеткіліктілік сомасы соғұрлым аз болады.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының жеткіліктілік деңгейі арттырылды

Заңнамаға сәйкес, өмірді сақтандыру компаниясынан төленетін минималды төлемақының мөлшері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 36 108 теңгені құраған минималды зейнетақы мөлшерінен кем бола алмайды.

Осыған орай, зейнетақы аннуитеті бойынша жеткіліктілік сомасы мынадай болады:

- 55 жастағы ерлер үшін – 10 102 585 теңге,

- 51 жастағы әйелдер үшін – 13 833 372 теңге.

Жинақталған зейнетақы қаражатының жеткіліктілік деңгейі минималды зейнетақы сомасының өсуіне және әйелдер үшін зейнеткерлік жастың ұлғаюына байланысты артты.

Жоғары құн адамның жинақталған зейнетақы қаражатының біткеніне немесе бітпегеніне қарамастан, өмірді сақтандыру компаниясының оны өмір бойына төлемақымен қамтамасыз етуімен түсіндіріледі. Яғни, осы адам зейнетақы аннуитетін сатып ала отырып, өзін өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етеді.

Дереккөз: http://www.gak.kz/news_gak?id=209

Фото ашық интернет көздерінен алынған. 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақы ақшаларын тағы қалай пайдаланудың төрт жолы
Зейнетақы ақшаларын тағы қалай пайдаланудың төрт жолы

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының бір бөліг...

Ақшадан айырылып қалудың үш тәсілі
Ақшадан айырылып қалудың үш тәсілі

Жыл сайын ақшаны сақтау және көбейту қиынға тү...

Қайсысы тиімдірек депозиттер немесе жинақтаушы сақтандыру
Қайсысы тиімдірек депозиттер немесе жинақтаушы сақтандыру

Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) - бұл белгіл...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру