bs-preloader__icon
ru kz

ҚНРДА қазақстандықтарға өмірді сақтандыру өнімдеріне қолжетімділікті жеңілдетуде

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жинақтау сақтандыру өнімдерін реттеу бойынша қаулы қабылдады.
ҚНРДА қазақстандықтарға өмірді сақтандыру өнімдеріне қолжетімділікті жеңілдетуде

Қаулымен бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу рәсімдері айқындалады. Мұндай аннуитет бір салымшының зейнетақы жинақтары зейнетақы аннуитеті шартын сатып алу үшін жеткіліксіз болған кезде ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың (балалары, ата-аналары, әпкелері, бауырлары) зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, құжатпен өмірді жинақтау сақтандыру өнімі шеңберінде қарыз алу үшін сақтанушылар ұсынатын құжаттарға қойылатын талаптар жеңілдетілген, сондай-ақ электрондық нысанда қарыз алу мүмкіндігі берілген.

Қаулыда бір мезгілде сақтандыру мен инвестицияларды үйлестіретін «Unit-linked» өнімі бойынша сақтандыру ұйымдары тараған немесе өзге заңды тұлға етіп қайта ұйымдастырылған кезінде сақтанушылардың активтерін бөлу тәртібі көзделеді, сондай-ақ барлық сақтандырушылар үшін сақтанушылардың активтерін бағалау бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

«Қаулыны қабылдау өмірді жинақтау сақтандыру өнімдерінің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді және оларға сақтандыру қызметтерін тұтынушылар үшін қол жеткізуді жеңілдетеді», - делінген ведомствоның релизінде.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Covid-19 өмірді сақтандыру сатуларын кеңейтуде
Covid-19 өмірді сақтандыру сатуларын кеңейтуде

Табыстың әр түрлі деңгейімен америкалық үй қо...

Корпоративтік өмірді сақтандыру бизнес иелеріне қалай көмектеседі
Корпоративтік өмірді сақтандыру бизнес иелеріне қалай көмектеседі

Соңғы бірнеше жылда экономикалық тұрақсыздық ...

Өмірді сақтандыру саласындағы ЖИ
Өмірді сақтандыру саласындағы ЖИ

Соңғы болжамдарға сәйкес, 2024 жылға қарай сақта...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру