Big Data-тің пайда болуымен қаржылық өнімдер өзгере алады: енді сақтандыру компаниялары адамның қызығушылықтарын, оның өмір стилін, тіпті әдеттерін талдай алады. Нәтиже ретінде, сақтандырушылар енді клиентке оның негізгі талаптарын ескеретін, бейімделген өнімді ұсына алады. «Big Data-тің арқасында клиент профилін талдауды жүргізуге; сақтандыру туралы ұсыныстар ұшін мақсаттық аудиторияны анықтауға; сақтандыру жағдайларының және т.с.с. басталуды алдын ала болжау скорингін жасауға болады», - дейді Халык-Life ӨСК-нің басқарушы директоры Виталий Любимов.
Big Data клиенттермен өзара әрекетті жылдамдата алады, қарым-қатынасты автоматтандырады және неғұрлым тиімді ұсынысты тез құра алады, дейді Nomad Life-та. «Big Data талдауының нәтижелері cross-selling, клиент адалдығын анықтау үшін өте тиімді құрал ретінде, клиент портретін қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін. ӨСК қызметтерін пайдаланатын, сақтандыру полисі қандай тиімділікті беретінін түсінетін және компанияға сенетін адамға сақтандыру өтелімдерінің ауқымын кеңейтуге немесе жаңа бағдарламаның қатысушысы болуды ұсынса, ұсыныс анағұрлым жақсы қабылданады», - деп нақтылайды Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
Болашақта ӨСК мобильдік қосымшалар мен түрлі гаджеттер арқылы клиенттің іс-әрекеттері туралы деректерді ала алады және пайдалана алады, онымен не болып жатқаны туралы неғұрлым толық түсінік болады. Мысалы, осылай медициналық онлайн-сервис арқылы адам денсаулығының жағдайын бақылау мүмкін болады және деректердің негізінде сақтандырудың ыңғайлы және тиімді шарттарын әзірлеуге болады. «Сонымен қатар, осындай деректердің көмегімен сақтандырушылар алаяқтармен тиімді күресе алады, және сақтандыру шарттарын рәсімдеу, сақтандыру сыйлықақылары мен төлемдерді алу бойынша негізгі процесстерді анағұрлым автоматтандырылған, сақтанушылар үшін тез және ыңғайлы етіп жасауға болады», - дегенді айтады Freedom Finance Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Үлкен деректердің талдауы көптеген салаларда қолданылып жүр – қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, аурулардың диагностикасы және алдын алу үшін, апаттар мен зілзаланы болжау үшін. Бизнес пен маркетингте үлкен деректердің негізінде клиенттердің тәртібін болжайды, шығындар мен өндіріс процесін оңтайландырады, төлем қабілеттілігін бағалайды, қызметкерлердің жұмыстан шығуын болжайды. «ӨСК-де, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі профильдер секілді ашық дереккөздерде жинақталатын, клиент туралы деректердің негізінде сақтандыру өнімдерін алға бастыру және жаңа клиенттерді тарту үшін жарнама компанияларын құруға болады. Big data-тің сақтандыру бағдарламаларына әсерін айтатын болсақ, оны қолданудың нәтижесі клиентке оның артықшылықтары мен талаптарын ескере отырып дербес өнімді ұсыну болады. Сақтандыруға тарифтерді есептеу әрқашан деректер талдауында, ықтималдылық теориясында, үлкен сандар теориясында және математикалық статистикада құрылған, сондықтан жаңа технологиялардың пайда болуымен Big data-ті пайдалану қисынды жалғасы болып келеді», - деді Сентрас Коммеск Life-тің басқарма төрайымы Гульжан Джаксымбетова.
Қазақстандық ӨСК-лер қандай деректерді жинайды
Өткен жылдың басынан Halyk Bank «Деректер фабрикасын» ашты және Big Data стратегиялық бағытын дамытуды жалғастырды, ол өз кезегінде клиенттерге ең сапалы және сұраныстағы қызметтерді ғана ұсыну үшін, банк ішінде құрылатын деректердің бүткіл массивін ескеруге мүмкіндік береді. Халык-Life бас компанияның тәжірибесін пайдалануды және үлкен деректерді талдау технологиясын енгізуді жоспарлап отыр. «Big Data-тің айқын артықшылықтарына қарамастан, қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін ең алдымен дербес деректерді қорғаумен байланысты заңнамалық реттеудің белгілі бір қиыншылықтары бар.
Әлем цифрлық дәуірге жақында ғана енгенін ескере отырып, заңнама дербес деректерді қорғауды дұрыс регламенттеп үлгермей жатыр. Заң ғылымымен әзірге Big Data-ке қажет дефинициялар мен құқықтық реттеу тұжырымдамалары қалыптастырылмаған. Және бұл, айта кетсек, бізде ғана емес, бүткіл әлемдегі мәселе», - деді Виталий Любимов.
ӨСК-де оның клиенттері және олардың сақтандыру шарттары туралы барлық дербес ақпарат жиналады. Бұл – ақпараттың өте үлкен көлемі. Мысалы, Nomad Life-та миллионнан астам жеке тұлғалар мен 23 мың ұйым сақтандырылған. «Біз жолдың ең басындамыз. Біздің ойымызша, бірінші кезекте дербес ақпаратты пайдалану мәселесінде жұмыс ережелерін және клиентті тексеру, алынған дербес ақпарат дерегін растау, оны үшінші тараптарға беру секілді операцияларды заңнамалық реттеуді анықтау қажет», - деді Nomad Life басшысы.
Сақтандырушылар МКБ АҚ-мен жасалған шарт талаптары бойынша заңнамаға сәйкес ақпарат алады. Бұл шарт барлық сақтандырушылар үшін міндетті. МКБ АҚ, өз кезегінде, БСДҚ базасына (бірыңғай сақтандыру деректер қоры) ие. «Егер ӨСК-лерге екінші деңгейлі банктерге беретіндей жеке және заңды тұлғалар туралы кеңейтілген ақпаратпен мемлекеттік деректер базасына қолжетімділік беретін болса, сақтандырушылардың жұмыс процесстері жетілдірілетін болады, жаңа неғұрлым тиімді және ығайлы сервистер мен өмірді сақтандыру бағдарламалары жасалатын болады. Сонымен қатар, егер заңнаманы жетілдіру туралы айтатын болсақ, оны біз Мемлекеттік кредиттік бюро арқылы ғана емес, мемлекеттік деректер базасымен тікелей жұмыс істей алатындай бөлікте реттесе дұрыс», - деп қорытындылады Азамат Ердесов.
Сурет ашық дереккөздерден